Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындығЫ



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#143295
1   2   3   4   5

Би: "Аю биі".

Аю: - Ал, Қар адам, жүре ғой, мен орманға баратын жолды білетін едім, бірге іздейік. (Екеуі шығып кетеді).

Бастаушы: - Ал, балалар, Аяз Ата келгенше мерекемізді әрі қарай жалғастыра берейік.

Бірінші бала:

Өткен жылдың жалғасы,

Қаңтар ғой жыл басы.

Ақ қағаздай әрі бар,

Келді ауылға қаңтар.

Екінші бала: -

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жанашыр.

Ата, әже, ата, әже,

Құтты болсын Жаңа жыл.

Тілеймін мен бар адамға,

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Әке, шеше, аға, апа,

Қүтты болсын Жаңа жыл.

Үшінші бала: -

Аппақ, аппақ ақша қар,

Жапты біздің көшені.

Ақ жамылды бақшалар,

Біздер еккен кешегі.

Төртінші бала:

Жүйрік шаңғы аяқта,

Ақша қарда зырлаймыз.

Асқар - асу, қай жақта,

Таппай әсте тынбаймыз.

Бесінші бала:

Төпеп берер суыққа,

Шыныққан біз баламыз.

Жазда, қыста жорықта,

Үнемі алда боламыз.

Ән: "Ақша қар" - әні Е. Өміровтікі.

Ән біткеннен кейін есікті қағып, ішке Аяз Ата енеді.

Аяз Ата:

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Амансыңдар ма, балалар! Орман тоғайдан, үскірік аяздан сендерге зорға жеттім. Өздерінді көргенше асықтым,



Бастаушы: - Ата, отырып деміңізді алыңыз.Бізге үнемі тілекші болып жүретін құрметті атасыз, келгеніңіз қандай жақсы болды, өзіңізбен бірге той- тойлап, би билейік. Сізді келмей қала ма деп алаңдап отыр едік. Жаңа Қар адам іздеп келді, оны сіздің қызыңыз Қарша қыз жіберіпті.Содан Аюды ұйқысынан оятып, орманға сізді іздеуге алып кетті.

Аяз Ата: - Олары рас. Қызым жаңа жылды балалармен тойлаймыз деген еді.Содан орманға кетсем дүлей құйын тұрып, мені айналдырып-айналдырып осы жерге әкеп тастады. Құлақ салып, тыңдасам балалардың мен туралы айтқан әндерін естіп, келген бетім ғой.

Бастаушы: - Қандай жақсы болған бізді адаспай тапқаныңыз. Енді ән тыңдаңыз.

Ән: "Кел, кел, Жаңа жыл" - әні Ғ. Тамендаровтіхі.

Аяз Ата: - Әп, бәрекеі! Өркендерің өссін.

Бастаушы: - Аяз Ата, осы сіздің қабыңызда не бар?

Аяз Ата: - Қазір, қарап көрейік.Ішінен қолғап шығарады.

- Сендердің араларыңда қояңдар бар ма?



Бастаушы: - Әрине, бар.

Аяз Ата үлкен қолғап шығарады, ал жетекші кішкентай қоянды жақыңдатады. Е-е, қоян кішкентай екен ғой, мен дұрыстап қарап көрейін. Іздеп, кішкентай қолғап шығарады. Сол кезде бастаушы кішкентай қоянды тығып, орнына үлкен қоянды қояды. Аяз Ата таң қалып, қайтадан үлкен қолғап іздейді, бастаушы тағы қоянды ауыстырады.

Аяз Ата: - Жаңа ғана кішкентай едің, қалай ғана өсіп кеттің? - деп таң қалады. Аяз Ата әбден сасып, не істерін білмей тұрғанда, бастаушы екі қоянды да қатар қояды. Сонда ғана: "Е-е, енді түсіндім, менімен ойнап тұр екенсіңдер - деп қуа жөнеледі.

Бастаушы: Аяз Атаны тоқтатып: - Ата, ашуланбаңыз, айыбына екі қоян билесін- дейді.

"Қояндар биі"

(әндетіп Ақша қар келеді).

Ақша қар:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып- жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Жауса жаусын, ақша қар,

Гүлдене бер бақшалар.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Амансың ба Ата! - деп атасын қүшақтайды. Мен сізді адасып кетті ме деп қорқып едім.Осында болғаныңыз қандай жақсы болды. Ой, шыршалары қандай керемет! Менің сіңлілерім де осында жүр екен. Ата, онда мен сіңлілеріммен би билеп берейін.

"Ақша қарлар биі"

Бастаушы: - Рахмет, Ақша қар. Ата, мына балалармен ойын ойнасақ қайтеді?

Аяз Ата:- Әрине, оған мен дайынмын. Аталарың ешқашан ойыннан жалыққан емес. Кәне, қандай ойын ойнайық.

Ойын: "Орындық".

Бастаушы: - Ал, ата енді біздің балалардың биге қалай шақыратынын қызықтап көріңіз.

Би: "Биге шақыру".

Аяз Ата: - Өнерлеріңді тамашаладым. Рахмет. Енді алғырлықтарыңды көрейін.

Жүмбақтар:

Жарадыңдар, балалар, бәрекелді!

Мен сендермен ойын ойнадым, ән салып, би биледім. Бірақ мынау алабажақ киінген кімдер, тани алмай отырмын. Өздерің айтыңдаршы.

Сайқымазақтар: - Біз көңілді Сайқымазақтар деген тентегіңіз боламыз.

Аяз Ата:- Ал, тентектер, сендердің қандай өнерлерің бар?

Би: "Сайқымазақтар биі".

Бастаушы:- Аяз Ата! Манадан бері біздің балалар аянбай өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Сіз сыйлық әкелдім деп құлағыма сыбырлап едіңіз,соны қашан бересіз. Ұмытып кеттіңіз - ау деймін, қайда сол айтқан сыйлығыңыз?

Аяз Ата:- Иә, дұрыс айтасың, әкелгенде қандай!

(Жан - жағына қарап сасқалақтай бастайды, сыйлығын іздейді, таппайды).

Манағы орманда қалып қойды - ау деймін, енді қайтадан барсам тағы да адасып, сендерді таба алмай қалам- ау...



(осы кезде ішке Аю мен Қар адам кіреді. Аюдың сүйреген арбасы бар, іші толған сыйлық).

Қар адам: - Ата, сыйлықтарды орманға тастап кетіпсіз, сізді іздеп жүріп ағаш түбіндегі сыйлықты таптық. Сіз ұмытып кеткен шығар деп ала келдік.

Аяз Ата: (көңілденіп).- Жарадыңдар, Қар адам, Аеке! Қартайған адам ұмытшақ келеді, көмектескендеріңе көп-көп рахмет. Сыйлықты балаларға үлестіреді.

Аяз Ата балалармен қош айтысып, Аю, Қар адам, Ақша қар төртеуі шығып кетеді.
Республика Күні

Бірінші бала: -

Халықтың енді, міне, жетілгені,

Құрыштың білінбейді, кетілгені.

Аталып, Қазақстан ел боп туып,

Үй тігіп, ірге қалап бекілгені.

Екінші бала: -

Қазақстан - жеңісті дана күндер,

Қазақстан - толқынды лала гүлдер.

Қазақстан әлемді елеңдетіп,

Байқоңырдан зулаған корабльдер.

Үшінші бала: -

Алқа - қотан той - думан,

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу, маржан шашайық.

Төртінші бала: -

Аялап ару Ананы,

Өсірген еркін баланы,

Бесігім болып тербеткен

Отаным - Қазақстаным!

Бесінші бала: -

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата мекенім-

Отаным - Қазақстаным.

Ән: "Менің Қазақстаным"- әні Ш.Қалдаяқовтікі.

Ақырын басып келе жатқан, аяқтың дыбысы естіледі.

Тыңшы: - Е, өзім де бір нәрсені сезгендей едім. Той болып жатыр екен ғой. Қуаныштың дәл үстінен түсіппін.

Бастаушы: - Балалар, бұл кім? Таныдыңдар ма?

Балалар: - Тыңшы.

Бастаушы: - Дұрыс айтасыңдар. Ол қандай ертегінің кейіпкері?

Балалар: - "Жеті алып" деген ертегідегі Тыңшы.

Тыңшы:

Құлағым жер мен көкке сүйретілген,

Құлақ емес зор қанат иретілген.

Үн тартар жеті қабат жер астынан,

Алты әлемнің жұмбағы тыңдағаным.

Менде бір ағаларың тілді алғыш,

Кәдімгі жарғақ құлақ жер тындағыш.

Тықыр түгіл сыбдырды жібермеймін,

Мен - тыңшы, өтірікті біліп алғыш.

Бастаушы: - Естідіңдер ме, балалар? Өтірік сыбдырдың бәрін естимін дейді. Соңдықтан өтірік айтпаңдар, бір - біріңді мазақтамаңдар, жаман сөзді ауыздарыңа алмаңдар. Жарай ма?

Осы кезде қолын мандайына ұстап "Көреген" келеді.



Көреген:

Бала едім бүлдіршіндей зерек, білгіш,

Күндізді, қараңғыны артық көргіш.

Алты айшылық алыспен тілдесемін,

Жолбасшы, қасиетті хабар бергіш.

Бастаушы: - Ой, керемет! Сонда сізде біздің ауылда той болып жатқанын көріп келдіңіз бе?

Көреген:- Иә, көріп келдім. Анау Алатаудың басынан төмен қарай көз жіберіп тұрсам, ұлан - асыр той болып жатыр екен. Алдымда кеткен Тыңшыны көрдім. Е, бәрін де естіп бара жатыр екен ғой деп, менің де соңынан ілесіп шыққан бетім.

Бастаушы: - Сонда қалай, біздің балалардың не істеп жатқанын көріп қалдыңыз ба?

Көреген: - Әрине, керек десең балалардың алысып - жұлысып немесе ағаштың жапырағын жұлып жатқанын көріп қаламын.

Бастаушы: - Жоқ, Көреген, біздің балалар алыспайды, ағаш жапырағын да жұлмайды. Көшеде жүрген өзге баламен шатастырып тұрғансыз ғой (балаларға қарап): - Солай ғой балалар. Біздің балалар шетінен өнерлі, тәртіпті, көресіз бе?

Би: "Домбырамен би".

Осы кезде асығыс аяғына қазан тас байлап Желаяқ келеді. Жүгіре басып, ішті бір айналып өтеді. Көреген мен Тыңшы екеуі қолынан ұстап зорға тоқтатады.



Бастаушы: - Балалар, бұл кім еді?

Балалар: - Желаяқ.

Бастаушы: - Ой, жарайсыңдар, балалар. Желаяқты жазбай таныдыңдар.

Желаяқ: - Аяғымның жүгіргісі келеді де тұрады. Бір жерде тұра алмаған соң аяғыма қазандай тас байлап едім, сонда да алып - ұшып осында жеткізді.

Бастаушы: - Онда әлемнің талай жерін жүгіріп өткен шығарсыз? Жол жөнекей не көрдіңіз?

Желаяқ: - Арал маңынан өткенімде кеуіп жатқан теңіздің табанын көрдім. Семейге жеткенде атом әсерінен ауруға шалдыққан бейкүнә сәбилерді көрдім, дала кезген босқындарды көрдім, ұясынан безген құстарды көрдім. Содан жеткен жерім осы болды.

Бастаушы: - Желаяқ, қамықпаңыз, ел аман болса, бәрі түзелер. Еңсеңізді көтеріңіз, тойға келдіңіз. Көрмейсіз бе, біздің балаларымызды, жүздері жарқын. Дініміз бен тіліміз қайта оралып, кеудені қуаныш кернейді. Онан да сәл аяғыңызды суытып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Бірінші бала:

Біз тілейміз бар бөбек,

Бақытты өмір сүргенін,

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін,

Сусынымыз қанады.

Өнер білім нәрімен

Әлемдегі баланың

Дос боламыз бәрімен.
Ән: "Достық" - әні И. Нүсіпбаевтікі.
Ортаға садақтың жебесі (қызыл матаға байланып) түседі.

Бастаушы: (Аң-таң болып): - Бұл не нәрсе? Бұл не екен, а? Кім мұны жіберген? Қайдан түсті? Е-е, бүл Мерген садағының жебесі ғой. Көп ұзамай өзі де келіп қалар.

Осы кезде Мергеннің өзі де жетеді.

Мерген: - Сәлеметсіндер ме, балалар? Амансыңдар ма, құрметті қонақтар, ағайын - туыстар! Адырнамды кезеніп тартып қалған едім, жебем осы бағытқа кетті. Ізінен қуып зорға жеткенім. Бұл не думан?

Бастаушы: - Еліміз егемендік алып, көк байрағымызды тік қадап, ақ түйенің қарны жарылған күн - Республика күні. Той үстінен шықтыңыз, ниетіңіз түзу екен, төрлетіңіз.

Мерген: - Балалар, мені таныдыңдар ма? Біз мына Желаяқ, Көреген, Тыңшы бәріміз ағайындымыз, әр қайсысымыздың өзімізге тән қасиетіміз бар. Менің атқан оғым ешқашан мүлт кетпейді.

- Қалай мерген болғанымды айтып берейін бе сіздерге?



Бастаушы: - Иә, айтып беріңіз.

Мерген: - Асық ату - халқымыздың ежелден келе жатқан ойындарының бірі. Төрт түлік малдан басқаны білмеген көшпелі ата -бабаларымыз асықты қасиет тұтқан. "Омпы", "алшы", "хан", "хан талапай", "құмар" - деген ойындар сол себепті туған. Асық атып жүріп мен де мерген атандым.

Ал, кәне, асық ойынын ойнайық.



Ойын: "Асық иіру".

Бастаушы:

Келе жатса тау біткен бүлкілдейді,

Төбесі түндіктердің желпілдейді.

Тауларды соғыстырған Таусоғарды,

Көруге көп халайық - елпілдейді.

Таусоғар: (Екі иығынан дем алып зорға жетеді). Уһ! Жеттім - ау! -Мүнда не болып жатыр?

Бастаушы: - Той болып жатыр, дәл келдіңіз.

Таусоғар: - Бұл не той?

Бастаушы: - Еліміздің егемендік алған қуанышты тойы.

Таусоғар: - Бұларыңыз дұрыс екен. Тойларыңыз тойға ұлассын. (Кейіпкерлерге бүрылып). Сіздер қай кезде жеткенсіздер? (Әрқасысы өздерінше жауап береді). Айтпақшы жолда Көлтаусарды көрген елдім. Қарнын көтере алмай, зорға келе жатқан. Ол да келіп қалар.

Бастаушы: - Таусоғар, тауды - тауға соғамын деп шаршап қалған сияқтысыз ғой. Деміңізді басып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Би: "Шығыс биі".

Баяу музыка ойналып тұрады. Қарны жер сызып, әрең жүріп Көлтаусар келеді.



Бастаушы:

Балалар, қараңдаршы,

Қарнынан басқа мүше байқалмаған,

Өзінің омыртқасы қайқаңдаған.

Жалпақ бас, жайын ауыз, көнтек ерін.

Сөзін де түсіндіріп айта алмаған.

Бұл Көлтаусар деген ағаларыңыз. Қарнын қарандаршы іші толған су. (басып көреді).

- Сіз қайдан келе жатырсыз?



Көлтаусар: - Қолын сілтейді.

Бастаушы: - Таудың арғы жағынан ба?

Көлтаусар: - Басын изейді.

Бастаушы: - Неше көлдің суын тауыстыңыз?

Жауап бере алмайды.



Бастаушы: - Саны жоқ десеңізші.

Көлтаусар балаларға бұрылып суын шашады.


- Көлтаусар суыңызды төге бермеңіз! Отырған жерімізді су алып кетер. Бар суыңызды кебуге айналған Арал мен Балқашқа құйып сол екеуін толтырсаңыз, ел алғасына, халық қуанышына бөленер едіңіз.

Көлтаусар: Басын изейді.

Бастаушы: - Тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.

Ән: "Қазақстан" - әні С. Мұхамеджановтікі. "Қазақ биі" үлдар тобы.

Бастаушы: - Балалар, байқадыңдар ма? Барлығының аттары өздеріне сай. Ерте- ерте, ертеде ата - бабамыз ер балаға бірден ат қоймаған. Бала өсе келе бір ерлік көрсеткенде ғана ел ағасы оның ерлігіне сай ат беретін болған. Асылы "Ер бала", - деп атаудың сыры да осыңда болса керек.

Желаяқ жылдам жүгіретін болғасын Желаяқ, Көлтаусар екі ұртын толтырып көлдің суын тауыса беретін болған соң, Көлтаусар атанған. Аттары өздеріне сай. Демек, бұл да ата - бабамыздан жеткен дәстүріміздің бірі. Оны біліп әркез қастерлеп жүрейік.

Ал, балалар, бар өнерімізді ортаға салайық.

Балалар әр түрлі өнер көрсетеді. Залға ару ана келіп батасын береді

Уа, құдайым оңдасын!

Жаманшылық болмасын.

Аруақ біткен жар болып,

Ару Ана қолдасын.

Баса көктеп жайлауға,

Бөтен көштер қонбасын.

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бостандықтың ордасын,

Періштелер қорғасын.

Тіккен туы қазақтың

Күнге сәлем жолдасын.

Қапалы болып қария,

Қалың ойға шомбасын.

Бесіктегі бөбектің

Бақайшағы тоңбасын.

Алыс - жақын илансын,

Ақ батамды сыйға алсын.

Шашыраған қазағым,

Шоқтай болып жиналсын.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Бәле - жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Ел аман, жұрт тыныш болып, ашық аспан, тату шаңырақ астында, от басының қасында, Алла жар болып, шат- шадыман ғүмыр кешейік.

Әумин.

ҚОСЫМША Б


Музыкалық сөздік

Ансамбль – француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыанттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.

Музыканы немесе әнді екі әнші қосылып орындаса дуэт дейді. Үш кісі айтса – трио, төрт кісі орындаса – квартет, бес кісі айтса – квинтет, алты кісі орындаса – секстет, жеті кісі қосылса – септет, сегіз кісі қосылса – октет дейді. Операда, ораторияда, кантатада бас кейіпкерлер қосылып дуэт, трио, квартет, квинтетпен айтатын жағдайлар өте жиі ұшырайды. Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді.



Ария – итальян тілінде ән деген сөз. Ария – опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылытын әуен. Орыстың классикалық опера музыкасында шығараның идеясын ашып, бас кейіпкерлердің бейнесін беретін тамаша ариялар бар. Мәселен, М. Глинканың «Иван Сусанин» операсынан Сусаниннің ариясы, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариялары; ал қазақ операларына келетін болсақ, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың арияларын айтуға болады. Ария тек қана операда емес, оратория мен кантатада да кездеседі. Ал кейде, ария жеке адамның айтуы, аспапта орындау үшін де жазылады.

Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт, вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.

Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.

Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка болады. Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының әуені мен ырғағы биге лайық болады. Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.

Вальс - Бидің аты. Батыс Еуропа музыкадағы романтизм ағымымен байланысты XIX ғасырда туған жанр. Жұптасып қалықтап немесе үдемелі айналуында өтетін би.

Вариация - латын тілінің «variatio» (құбылту, өзгерту, түрлендіру) сөзінен шыққан. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отырады. Мысалы: Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Елім-ай» әнінің тақырыбына жазған вариациясы мен Ғ. Жұбанованың скрипкамен ойнауға арналған «Қор болды жаным» вариацияларын атап айтуға болады.

Вокальдық музыка – музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. Вокальдық музыкаға халық әндері, жырлары, әлем классиктері мен қазақ композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан сал, Мұхит , Абай, Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері мысал бола алады.

Гимн - әнұран, салтанатты ән. Жеке немесе көп дауысты хормен айтылады. Әр елдің өз гимні бар. Гимн елдің музыкалық символы, эмблемасы ретінде қолданылады. Онда елін, жерін, халқын мақтан етеді.

Кантата - әдетте көп бөлімді болып келетін, жалғыз орындаушы мен/немесе хор және оркестр сүйемелімен орындалатын шығарма, вокалды музыка негізгі жанрларының бірі. Ораторияға қарағанда көлемі ықшамдау болады.

Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.

Капелла – ешбір музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылытын көп дауысьы хор.

Композитор - өз жанынан музыкалық шығарма (опера, балет, ән, күй, т.б.) шығаратын адам.

Концерт - 1. алдын-ала жасалған программа бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2. жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.

Күй - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйші - композиторлары Қорқыт, Құрманғазы, Дина артында көптеген күйлер қалдырды.

Күйді тындағанда оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек.



Марш - мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, солдаттар сап түзегенде ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма.

Нота - музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгіні атайды. Ән нота арқылы жазылады. Әннің сөзін буынға бөліп, ноталардың астына жазады.

Опера - сөз, сахналық көрініс пен музыка синтезіне негізделетін музыкалық-драмалық шығарма, музыкалық-театралды өнердің түрі. 16-17 ғасырлар шеңінде Италияда пайда болған. Түрлері: опера-балет, опера –буффа, опера-водевиль, опера-комик, опера-семисериа, опера-сериа.

Оратория - драмалық мазмұны бар және концерттік оррындалуға арналған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындаған бірнеше бөлімді, ауқымды музыкалық шығарма. Итальян тілінде «айтамын» деген мағынаны білдіреді.

Речитатив – операда, ораторияда және кантатада болайын деп жатқан не болатын оқиғаны сөзбен баяндауды, тақпақтатып айту. Операда речитатив тек тақпақтап айтыла бермейді, кейде ол ойналып жатқан музыкамен жарыса, астарласып, сәл әндетіліп те айтылады. Бірақ речитативтің ән сияқты ойда сақталатын, нақты әуені болмайды.

Романс - аспаппен (көбінесе фортепиано) сүйемелденетін дауысқа арналған камералық шығарма. Романс текстері әртүрлі - лирика, сатира, т.б. Әнге қарағанда музыкалық құрылымы өте күрделі. Романстың жанрлық түрлері: баллада, элегия, баркарола.

Симфониялық музыка – симфониялық оркестрмен орындау үшін жазылған музыкалық шығарма. Симфониялық оркестрге он бестен астам түрлі музыкалық аспаптар қатысады. Бұл аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі. Сондықтан суретші суретке әр түрлі бояуды пайдаланған сияқты композитор да симфониялық шығармада бұл аспатардың дауыстарын, оның дыбыс бояуын кеңінен пайдаланады.

Симфониялық музыкаға симфония, симфониялық поэма, сюита, фантазия, увертюра жатады. Симфониялық оркестр үшін жазылған музыкада түсіндіріп тұратын сөздер болмаса да, белгілі бір сюжетке – тарихи уақиғаға арналыр жазылады. Сондықтан мұндай шығармаларды программалық музыка дейді. М.Глинканың «Камаринская», Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезада» симфониялары осындай шығармалар.



Симфониялық поэма – оркестр үшін музыкалық поэтикалық шығарма. Симфониялық поэма көбінесе үш бөлімнен, кейде бір бөлімнен тұрады. Бұған П.Чайковскийдің «Ромео мен Джульетта» сифониялық поэмасы мысал бола алады.

Увертюра – бастау деген ұғымды білдіреді. Увертюра – симфониялық оркестрмен орындауға арналған музыкалық шығарма. Көлемді музыкалы драмалық шығармалар – опера, оратория немесе драмалық пьеса басталардың алдында алдында орындалады.

Операның кіріспесі ретінде орындалатын увертюра сол музыкалық шығарманың қысқыша мазмұнын баяндайды, операдаға болатын оқиғаны қысқыша түсіндіріп береді.

Он жетінші – он сегізінші ғасырларда алғашқы увертюраны жазған батыс композиторлары Монтеверди, Люлли, Глюк болды. Бұл жанрды кейін Моцарт, Бетховен, Глинка, Чайковский, Римский-Корсаков классикалық увертюраға дейін жеткізіп, дамыта түсті.

Хор – 20-25 немесе одан да көп адамның қосылып ән айтуын немесе хормен орындалу үшін жазылған музыкалық шығарманы хор дейді. Хор бірыңғай балалардан, әйелдерден, кейде бәрі араласып та құрылады. әнді хордағы барлық әншілер қосылып бірыңғай дауыспен айтса, оны бір дауысты хор дейді.

Балалар хоры екі дауысты болып бөлінсе, оның бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт дейді. Үлкендер хоры екі дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрно, екінші дауыс тобын альт дейді. Үш дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор дейді. Төрт дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын – сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор, төртіншісін бас дейді. Хор операда, ораторияда, кантатада үлкен орын алады.



Шежіре - қазақ халқының өткені туралы тарихи жазба, эпос, аңыз-әпсана және музыкалық шығармаларда сақталған мәліметгер.
Музыкалық аспатар тарихынан

Фортепиано (рояль және пианино)

Рояль және пианино клавишалық музыка аспатарына жатады. «Клавиша» деп рояль немесе пианиноның саусақтамен басып ойнайтын тілдерін айтамыз.

Фортепиано алғаш рет Италиядағы Флоренция қаласында 1711 жылы шыққан. Әуелі клавикорд деген музыка аспабы шыққан. Бұл да клавишалы музыкалық аспап, бірақ дыбысы өте нәзік. Клавикордты үйде ғана ойнауға қолданған. Мұнан басқа клавицимбал деген музыкалық аспап бар. Клавицимбалдың дыбысы қатты да жағымсыздау болған. Бұл музыкалық аспаптар жетілдіріліп, рояль мен фортепиано болып аталып екі аспап болып тарала бастайды.

Скрипка.

Ерте заманда Италияда виола деген музыка аспабы пайда болған. Бұл виоланың жетілдірілген түрінен скрипка шығады. Скрипканың қазіргі түрі алғаш 16 ғасырдың орта кезінде Италияның Бреша және Кремона қалаларында жасалып шығады. Скрипканы ысқышпен (смычок) тартып ойнайды. Сондықтан оны ысқышты музыка аспабы дейдй. Ысқышты музыкалық аспаптарға скрипкадан басқа альт, виолончель және контрабас жатады. Скрипка жасауда Кремона мектебінің негізін салушы Андреа Амати және Антонио Страдивариус көп еңбек сіңірген.



Гармонь.

1860 жылы Тула қаласының музыка шебері Сизов пен Белобородов немістің жеті тілді гармонымен танысып, оны тез арада даматып, халыққа тарата бастайды. Олар гармоньның сыртқы көлемін үлкейтіп, дыбыс шығаратын тілдерін де көбейтті. Оның дауысының шығуын, дыбыс бояуын орыс әндерінің әуеніне лайықтайды. Кейін гармонь Саратов қаласында жасалып шығады. Оны «Саратов» гармоны детйін болды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет