Бірінші сабақ үлгісі
I. Сабақтың тақырыбы:
1.Тарихи әндер мен күйлер.
2.« Елім-ай» әнін үйрену, орындау.
3.Құрманғазы «Кішкентай» (тыңдау).
4.«Бала тілегі» (орындау).
ІІ. 1. Сабақтың білім беру мақсаты:
- Оқушының ырғақты сезіну, есіту,орындау және тыңдай білу музыкалық қабілетін дамыту.
- Халқымыздың бай мұрасы ән мен күйдің шығу тарихымен,табиғаттың сұлу көріністерін байланыстыра отыра оқушының білім – таным қасиеттерін дамыту.
2.Сабақтың тәрбие беру мақсаты:
Халқымыздың музыка өнеріне оқушылардың сүйіспеншілігін оята отырып, әсемдікке, сұлулыққа деген сезімдерін дамыту, халқымыздың музыкалық өнерінен эстетикалық ләззат алуға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: кірістірілген сабақ.
( Сурет, музыка, тарих)
ІV. Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелесу.
V. Пәнаралық байланыс: табиғат тану, бейнелеу өнері, әдебиет, музыка, тарих
VІ. Сабақтың көрнектілігі: табиғат көрінісін бейнелейтін, «Елім-ай» әнінің шығу тарихын суреттейтін плакаттар. Тест жұмысы,нотақиындылары, музыкалық аспаптар, үнтаспалар.
VІІ. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар алдыңғы сабақтағы «Табиғат туралы ән-күйлер» тақырыбы бойынша тыңданған Құрманғазының «Сары – арқа» күйімен сыныпқа келу.
2. Дауысқа арналған жаттығу орындау .
- Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыптағы ән-күйлерді өттік?
- Табиғат туралы.
- Балалар , қазақ жерінің табиғаты өте бай, биік-биік таулары, көк майса шалғыны,сылдырап ағатын өзен-көлдері өте көп. Табиғаттың осындай әсем көрінісін күйшілер күмбірлеген күй, әншілер асқақтаған ән, жыршылар әсем жыр жолдарымен суреттеген. Халқымыздың ұлы күйшісі Құрманғазының «Сары арқа» күйін тыңдаңдар. Ұлы ақын Абай атамыз табиғаттың сұлу көрінісін «Желсіз түнде жарық ай» әнімен де суреттей білген:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
-Балалар, үйге табиғат туралы қандай ән берілді?
- Алатау әні.
Алатау Төбен Ойнайды Арқар киік
биік-ай
Асқақтаған Баурайында Алатау
Әнді орындау барысында оқушылар әуеннің биік-төмендігін қолдарымен көрсете орындайды.
Сурет мұғалімі Ғ Азынбаева табиғат туралы пейзажды Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін тындата отырып сурет салуға үйретеді. Күй аяқталған соң жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастырылады. Сергіту сәті.
4.Жаңа тақырып:
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім,
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім,
Ерегіске қазаққа
Қызыл-сары жебе едім.
-Балалар«Ақтабан шұбырынды» дегенді естігендерің бар ма?
Бұдан көп жылдар бұрын тыныш жатқан қазақ жеріне күтпеген жерден жау шапты. Осы оқиғаны тарихта «Жоңғар шапқыншылығы» дейді. Қазақ халқы елінен, туған жерінен, ағайын- туыстарынан айырылып, «Елім-ай» әні осылай пайда болған .Енді , балалар , біз әнді осы оқиғаны суреттейтіндей етіп орындап көрейік.
Қыздар әуенді «А» дауысты дыбысымен азалы, аңырап орындайды. Ұлдар күңіреніп, сөзімен айтады.
«Елім-ай» әнін орындау
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Елім-ай, елім-ай.
Туған жерден айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді,
Елім-ай,елім-ай.
Осындай қиын-қыстау кезеңдер қазақ тарихында аз емес. Барлық уақытта өзелін, жерін жаудан қорғаған батырлары көп болған. Соның бірі-жалынды ақын, 19 ғасырда болған ұлт-азаттық көтерілісте қол бастаған батыр Махамбет Өтемісұлы. Махамбет пен Исатайдың азаттық жолындағы күресіне арнап күй атасы Құрманғазы «Кішкентай» күйін шығарады.
«Кішкентай» күйін тыңдау.
5. Сабақты бекіту.
- Балалар, бүгін біз қандай ән үйрендік?
- «Елім-ай» әнін.
- Құрманғазының халық батылары – Исатай мен Махамбет көтерілісіне арнап шығарған қандай күйін тыңдадық
- «Кішкентай».
- Ел басынан өткен тарихи оқиғаларды суреттейтін ән-күйлерді қалай деп атаймыз?
6. Сабақты қортындылау.
Тест жұмысы.
7. Оқушылардың білімін бағалау.
8.Үй тапсырмасы: «Алатау» әнін жаттау, «Елім-ай» әнін орындап келу.
9.Қорытынды. Қазақ елі сан ғасырлар бойы қаншама жорық-майданды басынан кешірді Халқымыздың асыл арманы еліміз бен жерімізді аман сақтап, азаттық туын тігу еді. Бүгін, міне, тәуелсіз ел болып уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, еркін мемлекет болдық. Бұл біздің еншімізге тиген баға жетпес бақыт.
Сабақ «Бала тілегі» әнімен аяқталады.
Тест жұмысының үлгісі
Музыка. 2 сынып
Аты, жөні_____________________________________________
Тест жұмысы
1 Ребусты шеш. Тарихи әндер мен күйлерді дұрыс тапсаң, мына тор көздердің іші толады.
Мына фигуралардың орнын ауыстырсаң «Кішкентай» күйінің тарту әдісі шығады.
К
Т
Ө
Е
П
______________________________________________________
3. Цифрларды дұрыс орнына қойсаң «Табиғат туралы» ән шығады.
____________________________________________________
Екінші сабақ үлгісі
Сабақтың тақырыбы: «Қыз бен жігіт айтысы»
Сабақтың мақсаты: Айтыс өнері халық музыкасының түпкілікті тамыры екенін, адамды дүние тануға, оқушының ой-санасын өрістетіп, сөз қиялын тудыруға, ұтқырлыққа , сөз тапқыштыққа үйрету.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік. «Қыз бен жігіт айтысындағы» сөз өнерінің түрлері жөнінде мағлұмат беру, халық музыкасының, соның ішінде айтыс өнерінің ерекшелініне көңіл бөлу.
ә) Дамутышылық. Оқушыларды суырып салма айтыс өнеріне баулу.
Айтысты тыңдай отырып,оқушылапдың есіту қабылдау, ойлау, ұйқастыру қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік. Оқушыларды халық өнеріне, соның ішінде айтыстағы әуеннің сұлулығына , әсемдікке,сөздік қорын молайтуға, сөз мәдениетіне,тәрбиелеу .
Сабақтың түрі. Аралас сабақ,пәнаралық байланыс сабақ.
Сабақтың көрнектілігі. «Қыз бен жігіт ауылы» әннің сөзі жазылған плакат ,түрлі суреттер, сазгер портреттері, «Қыз бен жігіт айтысы» жазылған бейнетаспадан көрініс, нота сауаттылығы жайлы плакат,буклеттер.
Техникалық жабдықтар: бейнетаспа , күйтаспа, домбыра, «ямаха»,теледидар.
Пәнаралық байланыс. әдебиет,тарих, бейнелеу өнері, театр саласы.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Музыка тыңдау.
Құлшардың «қыз қамаған күйі».
2 .Үй тарсырмасын сұрау.
3 .Жаңа сабақ.
4 .Ән орындау Ө.Байділдәев «Не деу керек?»
5.Сабақты қортындылау. Оқушылар сый сандықтың ішінен өздеріне тиісті сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алады.
Сабақтың барысы:
1 .Ұйымдастыру кезеңі
а .Оқушылар сыныпқа Құлшардың Қыз қамаған күйі ойнап тұрған кезде кіреді.
ә. Оқушылармен амандасу.
б .Түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а .Оқушылардан сыныпқа кіргенде қандай күй орындалғаны және осы күйді кім шығарғаны сұралады.
ә .Өткен сабақтағы айтыстың түрлерін сұрау карточкалық сұрақтар.
1 .Айтыстың қандай түрлерін білесіңдер?
2 .Бәдік айтыс дегеніміз не?
3 .Суырып салмалықты қалай түсінесіңдер?
4 .Жар-жар айтысында не туралы айтылады?
5 .Айтыстың мақсаты не?
Қыз бен жігіттің суырып салма айтысын көрсету. Мұғалім ортаға өлеңмен екі оқушыны шақырады:
Айтыс деген халқымның ата салты, еркем-ай
Құрмет тұтқан айтысты қазақ халқы,еркем-ай
Сол дәстүрді дәл қазір жаңғыртайық, еркем-ай
Тез келіңдер ортаға, л бастайық, еркем- ай
Оқушылар өнерін көрсетіп болған соң, мұғалім:
Сонымен айтысты доғарайық, еркем –ай
Рахмет айтып сендерге, қол соғайық, еркем-ай.
Жаңа сабақ:
Жаңа сабаққа байланысты кіріспе:
Сабақ тақтадағы сувенирді қазақша киінген жігіт көрсете отырып , айтыскер ұлттық киім киісі туралы сұрау.
Қыз бен жігіт айтысы екі жастың амандасуынан басталып, әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Қыз бен жігіт айтысының өлең құрылысы көбінесе 11 буынды болады .Айтыс- халықтың әдет-ғұрып, слатына байланысты ойын-сауық кезінде айтылатын болған .Қыз бен жігіт айтысының басқа айтыстардан ерекшелігі -өлеңнің бастапқы жолын жігіт те, қыз да қайталай отырып , ойларын өлеңнің кейінгі 3-ші,4-ші жолдарында айтады. Сөйтіп жастар әзілдесіп отырып , әр сөзін ойланып бір- біріне кезекпенен тапқырлықпен жауап беріп отырған.
- Оқушылар, сендер қазір бейнетаспа арқылы. Қыз бен жігіт айтысысынан үзінді көресіңдер. Осы кезде: айтыскер ақындардың кім екеніне, мазмұнына, сөзінің мәніне, ақындардың ұлттық киім киісіне, әннің әуені көңілді ме , көңілсіз бе; екпіні қандай екеніне назар аударып отырыңдар .
Бейнетаспа көрсетіліп болған соң мұғалім оқушылардан жоғарыдағы тапсымалар бойынша жауап алады.
- Енді, балалар, сергіту жаттығуларын жасайық:
1. Ауызымызды үлкен ашып, тілімізден құлпынай жасап көрейікші . Жақсы.
2..Бұдан да үлкен құлпынай жасай аламыз ба? Жақсы.
3 .Тілімізбен аттың шабысын келтірейік. Жақсы.
4 .Тілімізден тіс щеткасын көрейік . Жақсы.
-Балалар,енді оқулықтарыңды ашып қараңдар. Біздерге әдепті бала болсын деп осы оқулықтың авторы Мөлдір апайымыз «Не деу керек» деген Өмірбек ағамыздың өлеңін үйреніңдер , депті.
Бір оқушы тақтаға шығып өлеңді оқиды. Келесі оқушы өлеңнің мазмұнын талдайды.
Мұғалім :
-Өлеңнің әнін үйренбес бұрын, қане , тыныс алу жаттығуларын жасайық.
Тақтадағы тыныс алу ноталарына назар аударыңдар.
Жақсы, енді әннің айтылу әдісін қарап отырыңлар
а .Мұғалім жаңа әнді өзі орыдайды домбырамен.
ә .Кезекпенен оқушыларға әнді үйретеді.
б .Барлығы қосылып , әнді бірге орындайды.
Сабақты қортындылау:
Мұғалім:
-Балалар , біз бүгін әнді де үйрендік, айтысқа да қатыстық. Осы ұлттық салтымыздың қайта жандануына себебін тигізген біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз. Биыл тәуелсіз ел болғанымызға неше жыл болды.
Жақында Астанамызда өткен «Абылай салған жолменен» деген тақырыпта айтыс болып өтті. Сол айтыста Сараның жолын қуған жас ақын қыз жаңа өздерің көрген Айнұр Тұрсынбайқызы да бар еді .Сол қыздың жеңісіне неге қуанбасқа? Осы апаларың әр айтыста қатарынан 8 темір тұлпарды мінген сұнқар ақынымыз. Сендер де бүгінгі сабақта жақсы жұмыс істедіңдер, енді сый сандығымызды сұрақтар бойынша сабағымызды қортындылап, соған сай бағалау сыйлығын алайық әрбір сыйлыққа сұрақ жазылған карточка бекітіледі.
-Айтыс атауы қандай сөзден шыққан?
-Қазіргі кездегі айтыстарда шығып жүрген қыз бен жігіттерді ата?
-Ақын Сара туралы не білесің?
-Ақын Біржан туралы не білесің?
-Өзің білетін айтыс ақындарын ата?
-Қыз бен жігіт айтысының мақсаты не үйретеді?
Үй тапсырмасы :
Қыз бен жігіт айтысын оқып үйрену.
Ө.Байділдаевтың “Не деу керек” әнін жаттау.
Сабақтарды талдау үлгілері
Өзің жүргізген сабақты талдау.
1. Сабақ жүргізген сыныпқа қысқаша сыйпаттама беру.
2.Сабақтың тақырыбын көрсетіп, оны сыйпаттау, жалпы сабақтар жүйесінде басқаларының ішінде алатын орны.
3. Оқылып отырған тақырыптың қиындық деңгейі.
4. Сабақтың мақсаты, оны сабақ барысында жетіскен нәтижемен салыстыру.
5. Сабақ түрі туралы пікірдің, оның дидактикалық мақсатқа сәйкестігі.
6. Сабақ кезеңдерін айқындау, белгілі кезеңдегі дидактикалық мақсатқа жетуді көрсету.
7. Қолданылған оқыту әдісіне сыйпаттама, оның сабақ тақрыбына сәйкестігі.
8.Сабақ нәтижелігін бағалау.
а) сабақ мақсатына жеттіме?
б) сабақ барысында орындалмай қалған мақсаттарды анықтау,
в) сабақ мақсаттарының ішінара ғана орындалуының себептерін анықтау,
г) байқалған кемшіліктерді жою үшін мұғалімнің қандай жоспарлары бар.
Жалпы білім беру мектебінде саз сабағын талдау үлгісі.
1. Сабақтың түрі, құрылымы: тақырыппен мақсатқа сәйкес олардың тиімділігі.
2. Сабақ мазмұны:
а) оқу материалының ғылыми, өзектік және түсініктілік сапасы,
б) тәрбиелік және танымдылық тұстардың болуы және оның пайдалануы
в) сабақтың тұтастылығы.
3. Сабақтағы оқу әдістері
а) әдістер ( жайындағы) жиынтығы (көңіл күй драматургиясы), сазды ортаға салу әдісі, саз орындау қабілетін айқындау әдісі,
б) олардың сабақ тақырыбына, мақсаттарына сәйкестігі,
в) ірі топтамалар әдісі.( өткенді шолу мен болжалау әдістері)
4. Қалай түсініп – қабылданғанын білім құралдарын пайдалану.
5. Оқушыларды ынталандыру әдістері.
6. Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдысын бағалап бақылау әдістері.
Оқушылардың іс – қимылын ұйымдастыру.
1. Сабақ басталуын және аяқталуын ұйымдастыру.
2. Оқущылардың танымалық іс-қыймылын мұғалімнің жетекшілік ету ерекшеліктері ( ұжымдасып, топтасып, жекеленген іс-қыймылын ұйымдастыру оның жаңа түрлері ). Балалар саз аспаптарын төрқолдап пайдалану. Әр оқушыға жекелеп көмектесу.
3. Сабақтағы тәртіп және оны қалыптастыру әдістері.
4. Сабақтағы мінез-құлық жағдайы: мұғаліммен оқушылардың қарым-қатынасы.
5. Мұғалім тұлғасы, оның ұстаздық шеберлігі.
а) дирижерлік және ән-хор дағдысы, әдісі аспсптарды меңгеруі.
б) сұрақтар жүйесін менгеру.
в) аудиториямен түсінісе білу ( пед. этика ).
г) өз сабағын талдыу сапасы.
6. Сабақ нәтижелері:
а) Сабақ мақсаттарына жетті ме?
Ол жөніндегі қандай белгілер бар. Тақырыпты түсіну, ілтипат, көңіл-күй дәрежелері.
7. Сабақ бойынша қорытындылар мен ұсыныстар.
«Саз сабағым өз сабағым.»
1. Сабақ мақсаттары мен талаптары. Сабақта елеулі не болды.
Мұғалімнің сабақ мақсаттары мен талаптарын орындауы.
2. Сабақ мазмұны ( Мен не істеймін)
Қосындылар:
а) сазға деген көңіл күй машығы.
б) саз материалы ( сазды білуі)
в) оқушының саз білімі, шеберлігі және дағдысы.
г) шығамашылық іс- тәжірибесі.
3. Сапа дәрежесі ( балалардың қызығуы, белсенділігі, іс - әрекеті)
4. Мазмұнды іске асыру:
а) мазмұнды іске асыру үшін мұғалім қандай әдіс таңдап алды және ол сабақ мақсат, талаптарымен өзара байланысы қалай болды?
б) осы әдісті меңгеру сапасы.
5. Оқушылардың іс қимылы ( оқушылармен жұмыс түрлерін таңдау)
6. Материалды түсіндіру құрадары.
7. Нәтижелілік
а) барлық қосындылар жиынтығын ескергендегі іске асыру дәрежесі,
б) саз сабағына тән ерекшеліктердің байқалу деңгейі.
Саз сабақтарына тән ерекшеліктер.
1. Сабақтың тұтастығы.
2. Сабақ шыңы:
а) басталуында, ортасында, соңында.
б) қанша уақыт,
в) дұрыс қойылдыма?
3. Сабақ кезіндегі көңіл күй.
4. Сабақ эстетикасы ( сабақ «әдемі», эстетикасы ұнамды болдыма)
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқу құралында жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка пәніне арналған бағдарламалары, мектептегі музыка тәрбие жүйесінің негізгі түрі, музыка сабағын өткізудің жаңаша үлгілері мен әдіс-тәсілдері қарастырылады және сыныптан тыс шаралардың үлгілері көрсетілген. Оқу-тәрбие үрдісінде қазақ халқының ауызша халық шығармаларын пайдалану жолдарын айқындайды. Сондай-ақ, қазақстандық музыка сабағының бағдарламалары: «Елім-ай», «Атамекен», «Мұрагер», «12 жылдық білім берудің бастауыш мектебіне арналған бағдарламаларына» түсініктеме беріледі. Әдістемелік музыка сабағына өзіндік талдау жасауға нұсқаулар ұсынылады.
Оқу құралындағы үлгі етіп ұсынылған музыкалық іс-әрекеттер мұғалімнің жеке тұлғалық кәсіби-педагогикалық қасиеттерін тауып алуына көмектеседі, яғни тұлға қасиеттеріне айналады:
-
кәсіби бағыттылық пен ойлаудың жүйелілігі қалыптасады;
-
кәсіби ой елегі кеңей түседі;
-
әр түрлі нұсқадағы іс-әрекеттерді талдау дағдылары мен қабылданатын кәсіби шешімдердің негізділігі қалыптасады;
-
кәсіби міндеттерді тиімді және қарапайым шешу арасындағы айырмашылықтарды түсіну қалыптасады, жаңалықтарға икемшіл бола алады;
-
кәсіби міндеттерді шешудің өзіндік кәсіби «ізі» пайда болады және жаңа бағыт алады;
Сонымен, музыка пәні мұғалімінің шығармашылық-кәсіби сауаттылығы – бұл әрқашанда тек өзінің жеке ойы, жеке қатынасы, материалдарды топтастыру мен оларды бағалауы. Жиналған материалдарды өңдеу негізінде өзінің жеке бағыты, өзіндік жаңа идеялардың пайда болуымен жаңа сұрақтардың қорытындысы ретінде болады. Себебі шығармашылық жұмыс - әрқашанда ізденіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей от детского сада - к начальной школе / Ю.Б. Алиев .– Воронеж : НПО МОДЕК, 1998 .– 352 с.
-
Алиев Ю.Б. Настольная книга школьного учителя – музыканта / Ю.Б. Алиев .– М.: Владос, 2000 .– 336 с.
-
Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе / О.А. Апраксина .– М.: Просвещение, 1983 .– 224 с.
-
Ардақ : ән-күйлер туралы көркем шығармалар жинағы .- Алматы, 1989 .- 256 бет.- (Өнер тақырыбындағы туындылар).
-
Байжігітов Б. Көркем өнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі / Б. Байжігітов .- Алматы : РБК, 1998 .– 78 бет.
-
Балтабаев М. Әсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка әліппесі / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы: Атамекен, 1993 .– 104 бет.
-
Балтабаев М. «Елім-ай» / М. Балтабаев, Б. Өтемуратова .- Алматы : Атамекен, 1993 .– 94 бет.
-
Балтабаев М.Х. «Елім-ай» : бағдарламасының ғылыми әдістемелік негіздері / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 22 бет.
-
Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Елім-ай» ән-күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 68 бет.
-
Бәттібаева С. Ән-күй : әдістемелік нұсқау / С. Бәттібаева, Ф. Қоңыратбай, Э. Баталова .- Алматы : Кітап, 2002 .- 104 бет.
-
Бекенов У. Күй керуені / У. Бекенов .- Алматы : Өнер, 2002 .- 144 бет.
-
Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание / М.Ш. Бонфельд .- М. : Владос, 2001 .- 224 с.
-
Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане / Б. Гизатов .– Алма-Ата : Мектеп, 1975. - 81 с.
-
Джансеитова С.С. Орысша – қазақша музыкалық терминдердің түсіндірме сөздігі / С.С. Джансеитова, К.К. Мусина .- Алматы, 1991 .- 105 с.
-
Дмитриева Л.Г. Методика музыкального воспитания в школе : учеб. пособие / Л.Г. Дмитриева, Н.М. Черноиваненко .- М. : Академа, 1998 .- 240 с.
-
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы : 1-4 сыныптар .- Алматы : РБК, 1997 .- 334 бет.
-
Кононова Н.Г. Обучение дошкольников игре на детских музыкальных инструментах / Н.Г. Кононова .– М.: Просвещение, 1990 .- 159 с.
-
Қазиева Б. Музыка сауатынан практикалық көмек / Б. Қазиева .- Алматы : РБК, 1995 .- 110 бет.
-
Қош келдің, Наурыз! : сценарий .- Алматы : Ақ орда : Өлке баспасы, 1993 .- 81 бет.
-
Қулманова Ш. Музыка : 1 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамұра, 2001 .- 128 бет.
-
Қулманова Ш. Музыка : 2 сыныбына арналған оқулық / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1998 .- 144 бет.
-
Қулманова Ш. Музыка : 3-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы: Атамура, 1999 .- 112 бет.
-
Қулманова Ш. Музыка : 4-сынып / Ш. Қулманова, М. Оразалиева, Б. Сулейменова .- Алматы : Атамура, 2000 .- 112 бет.
-
Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 1 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 80 бет.
-
Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 2 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 64 бет.
-
Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 3 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1997 .- 48 бет.
-
Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 4 сынып / А. Құралұлы .- Алматы : Өнер, 1998 .- 60 бет.
-
Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері / Ш. Майғаранова .- Алматы : Ғылым, 2002 .- 124 бет.
-
Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы / Х. Маданов. – Алматы : Қаржы-Қаражат, 1998 .- 336 бет.
-
Меңдіаяқова Қ.М. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі / Қ.М. Меңдіаяқова, Г.Ж. Қарамолдаева .- Алматы : Әл-Фараби, 1997 .- 132 бет.
-
Музыка : 5 сынып оқулығы / А. Жайымов [және т.б.] .- Алматы : Атамұра, 2001 .- 144 бет.
-
Музыка : 5 сынып : оқыту әдістемесі / А. Жайымов [және т.б.] .- Алматы : Атамұра, 2001 .- 64 бет.
-
Музыка : 6 сынып оқулығы : музыка әдістемесі / А. Жайымов [және т.б.] . - Алматы : Атамура, 2002 .- 160 бет.
-
Музыка : 6 сынып : оқыту әдістемесі / А. Жайымов [және т.б.] .- Алматы : Атамура, 2002 .- 64 бет.
-
Осеннева М.С. Методика работы с детским вокально-хоровым коллективом / М.С. Осеннева, В.А. Самарин, Л.И. Уколова .– М. : Академа, 1999 .- 224 с.
-
Проблемы совершенствования теории и методики подготовки учителя музыки .- Алматы, 1998 .- 63 с.
-
Райымбергенов А. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка пәніне арналған «Мұрагер» бағдарламасы : 1-9 сыныптар / А. Райымбергенов, С. Райымбергенова, Ұ. Байбосынова .- Алматы : Ұмай баспасы, 2003 .- 248 бет.
-
Сарыбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары : альбом / Б. Сарыбаев .- Алматы : Жалын, 1978 .- 136 бет.
-
Спирин Л.Ф. Теория и технология решения педегогических задач / Л.Ф. Спирин .- М. : РПА, 1997 .- 174 бет.
-
Терентьева Н.А. Художественно-творческое развитие младших школьников на уроках музыки в процессе целостного восприятия различных видов искусства / Н.А. Терентьева .– М. : Прометей, 1990 .- 184 с.
-
Узакбаева С. Проблемы подготовки учителя музыки / С. Узакбаева, К. Кожахметова .- Алматы, 1997 .- 64 бет.
-
Ұзақбаева С. Өміршең өнер өрісі / С. Ұзақбаева .– Алматы : Мектеп, 1988 .- 137 бет.
-
Челышева Т.В. Спутник учителя музыки / Т.В. Челышева .– М. : Просвещение, 1993 .- 240 с.
ҚОСЫМША А
Достарыңызбен бөлісу: |