Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



Дата11.06.2016
өлшемі228.57 Kb.
#128308

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК




ПОӘК

«Әдебиет теориясы» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы



_______2015 жылғы

№ 1 басылым



УМКД 042-18.17.1.35/01.2015




5В020700 - «Аударма ісі» мамандығына арналған

«Әдебиет теориясы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2015

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырушы___________ « ___» _________20__ж. Секей Ж., филол.ғ.к.,

қолы

«Аударма теориясы мен практикасы» кафедрасының оқытушысы



2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының мәжілісінде

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Калимова Ж.У.

2.2 ЭҚжГҒ факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Төраға _________________ Тойкин С.Х.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданып, баспаға ұсынылды

Хаттама №___ «___» ___________20__ж.


ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.
4  «____» __________ 20__ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 1 БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің мазмұны (модуль)

5 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

6 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

7 Әдебиеттер



1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

«Әдебиет теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы 5В020700 - «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Әдебиет теориясы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- Білім беру деңгейіне сәйкес Мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарты;

- СТУ 042-ГУ-4-2014 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2014 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Бұл пән бойынша мынандай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: өнер табиғаты, фольклор, көне дәуірден бүгінге дейінгі әдебиет тарихы, дүниежүзі әдебиеті мен мәдениеті, философия, әдептану, психология, саясаттану, мәдениеттану, әлем тарихы, тіл білімінің барлық салалары. Зерттеу жұмысын жүргізудің техникалық, тәжірибелік ұстаным, ережелері жайлы түсінік беріледі.

3.2 Пәнді оқыту мақсаты:

«Әдебиет теориясын» жеке пән ретінде оқыту арқылы студенттерді әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін белгілі бір монистикалық қасаңдықпен қарастырмай, барынша тиімді, ашық және жан-жақты қарастыра отырып, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

3.3 Пәнді оқыту міндеттері:

«Әдебиет теориясы» пәнінде ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркем өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.

3.4 Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:



  • Өнер табиғатын меңгереді;

  • Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

  • Әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады.

  • Әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мәні мен сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктері жайлы жан-жақты білім алады

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

3.5 Курстың пререквизиттері:

- Қазіргі қазақ тілі (теория және практикасы);

3.6 Курстың постреквизиті:

- Тілі оқылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері;


3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

Кесте 1


Курс


Сем-естр

Кредит

ДР сағ.

СПСсағ.

ЛБ Сағ.

ОЖБӨЖ

сағ.


БӨЖсағ.

Барлығы

сағ.


Бақылау түрі

ІІІ

5

3

30

15

-

22,5

67,5

135

емтихан



4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬ)
Кесте 2

Тақырыптар атауы және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары




Модуль 1. Әдебиеттану-сөз өнері туралы ғылым.



Тақырып 1. Сөз өнері туралы ғылым, оның салалары. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі.


Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасу кезеңдері. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы. Өнер туралы қазіргі түсініктер мен пайымдаулар. Сөз өнерін жасаушы суреткер шеберлігі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық ерекшелік туралы. Әдебиеттану-сөз өнері жайлы ғылым. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, және әдебиет сыны. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласы. Текстологияның қарастыратын мәселелері. Историяграфияның ғылыми-сұраныс пен қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі рөлі. Библиографияның әдебиеттану ғылымының дамуындағы орны мен қызметі.

2

Тақырып 2. Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы. Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы.

Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Адамзат тарихындағы ауызша-жазбаша деректер, олардағы әдеби-эстетикалық балаң пайымдаулар. Мысыр, Үнді, Қытай, т.б. халықтардың ежелгі жазбаларындағы алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы эстетикалық түсініктер. Платонның идеалистік тұжырымдары.

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар. Р.Декарттың рационалистік көзқарасы. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» еңбегінде өнердің ақиқат болмысы туралы пайымдаулар. Ф.Гегельдің «абсолюттік идея», «абсолютті рух» философиялық, эстетикалық тұжырымдары.

Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. В.Г.Белинскийдің «сөз өнері» жайлы толғамдары. А.И. Герценнің әдеби-эстетикалық ой-тұжырымдары. Н.Г.Чернышевскийдің философиялық, эстетикалық көзқарастары. Л.Н.Толстойдың көркем шығармашылық процесс туралы пайымдаулары.

Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыптасу кезеңдері. Орта ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай және ғылым мен білімнің даму ерекшеліктері. Қазақстанның Ресей арқылы Батыс Еуропалық ой-пікірлермен танысуы. Абайдың әсемдік туралы толғамдары. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануы туралы зерттеулері. Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі. Әдебиеттану терминдерінің қалыптасуы.


2

Тақырып 3. Көркем әдебиеттегі образ және образдылық.

Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Әдебиеттің объектісі өмір, предметі адам екендігі. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Көркем шығарма негізі – материал жинау. Қаламгер фантазиясының көркем бейне жасаудағы рөлі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы қызметі. Образ-адам-көркем бейне. Образдың суретті сөз екендігі. Суретті сөздің пайда болу жолдары. Көркем шығармадағы деталь. Жинақтау типке апарар жол. Типтік образдардың қасиеті. Даралаудың мінез жасаудағы қызметі. Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі. Тура мінездеу мен жанама мінездеу. Образ жасау ерекшеліктері туралы қазіргі пайымдаулар. Тип және прототип. Қаламгердің портрет жасау жолындағы ізденістері.



2

Тақырып 4. Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. Образ түрлері.

Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Романтикалық және реалистік образдар. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары. Лирикалық образ. Эпикалық образ, драмалық образ. Лирикалық бейне мен ақынның өз бейнесінің арақатынасы. Эпикалық образдың толық жинақталған, жеке дараланған тип екендігі. Драмалық образдың көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне екендігі. Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі. Юморлық образ, сатиралық образ, трагедиялық образ, қаһармандық образ, фантастикалық образ.



2

Модуль 2. Көркем шығарманың құрылысы.




Тақырып 5. Көркем шығарманың құрылысы. Тақырып пен идея.

Өнер туындысының тақырыбы туралы пайымдаулар. Көркем шығарманың тақырыбы туралы түсініктер. Тақырып пен идеяның тығыз байланысы. Шығарма тақырыбы және онда көрініс табатын шындық өмірдің мәні мен мазмұны. Лирикалық туындылардың тақырыбы туралы қазіргі көзқарастар. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара байланысы. Ой өзегі – тақырып пен идеяны жалғастырушы буын. Идея болмысы. Көркем шығарманың идеясы. Негізгі және объективті идея. Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар. Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен арақатынасы. Мазмұнның көркем әдебиетте тақырып пен идеяға негізділігі, пішіннің образдар жүйесіне қатыстылығы. Эстетика туралы түсінік. Негізгі эстетикалық категориялар. Эстетикалық сезім мен эстетикалық талғам. Сөз өнеріндегі мазмұн мен пішіннің ажырамас бірлігі мен бір-біріне көшу ерекшелігі. Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы және пішіннің өзгермелі қасиеті.



2

Тақырып 6. Сюжет және композиция.

Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы, тартыстың нақты көрінісі екендігі. Өмірдегі тартысты қайшылықтардың өнер шығармасында көрініс табу ерекшеліктері. Тартыстың көркем шығармадағы мәні мен мағызы, оның қозғаушы күш екендігі. Сюжет пен фабула. Лирикалық шығармадағы сюжет. Сюжетсіз шығармалар. Композиция – көркем шығарма құрылысы. Композицияның негізгі компоненттері. Сарынның тақырып пен идеяға қызмет етуі. Көркем шығарма эпизодтары. Көркем шығарма композициясының жанрлық ерекшеліктері. Сюжетмен композиция өзара бірлігі. Пролог пен эпилог туралы қазіргі ой-пікірлер.



2

Модуль 3. Көркем әдебиет, тіл мәселелері.




Тақырып 7. Көркем әдебиет, тіл мәселелері. Көркем шығарма тілі.

Тіл мен сөйлеу. Тіл – қатынас құралы. Әдеби көркем тіл. Сөздердің тура және бұрма мағыналары. Тілдің бейнелеуіштік қасиеті. Автор тілі мен кейіпкер тіліндегі типтілік пен оқшаулық. Поэтикалық синтаксис. Көркем шығарма тілі және оның жанрлық ерекшеліктері. Қаламгердің сөздік қорының молдығы туралы түсінік. Синонимия, синонимдердің қабаттаса, қатар келуі. Омонимдердің әдеби тілдегі қызметі. Антонимдік параллель. Көркем шығармашылық материалының бір түрі: архаизм, неологизм, варваризм, диалектизм, идиомалар. Көркем тілдің интонациялық-синтаксистік мәнерлілігі. Эпитет пен теңеудің қызметі.



2

Тақырып 8. Тілдің ажарлау құралдары. Әдебиеттегі құбылту құбылыстары.

Троп және оның түрлері. Әдеби тілді тура мағынасында емес бұрма мағынасында қолданудың ерекшеліктері. Троптың классификациясы. Метафора және оның қолданылу аясы. Сөз мәнін өзгерту, суреттелетін құбылысты айқындау, ажарландыру,, суреттелетін объектінің мазмұнын тереідету ерекшеліктері. Жансыз табиғат құбылысының тірі адам кейпінде суреттелуі – кейіптеу. Символдың астарлы мәні. Метонимияның ой ықшамдау мен образ дәлдігі үшін атқаратын қызметі. Метонимияның бір түрі синекдоханың кһркем тілдегі орны. Троптың бір түрі – ирония мен сарказмнің сөз ажарын түсіндіру қызметі. Ұлғайту мен кішірейту бейнелеуіш құрал ретінде. А.Байтұрсыновтың тіл көрнекілеу тәсілдері. Көркем шығармалардағы эпитет және теңеудің қолданылуы. Олардың жасалу түрлері. Аллитерация, ассонанс.



2

Тақырып 9. Айшықтау және оның түрлері.

Фигура әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін тәсіл. Фигураның түрлері. Арнау және оның түрлері. Жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Қайталаудың мағыналық сипаты. Оның түрлері: жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау, кезекті қайталау. Антитезаның қарама-қарсы ұғымдарды бір-біріне бетпе-бет қою арқылы жаңа сапалық мағына немесе ұғым тудыру қасиеті. Градация және оның көркем ойды ажарлаудағы ролі. Оның Е.Ысмайлов бөліп көрсеткен екі түрі: түйдектеу мен баяулату. Инверсия. Эллипсис. Параллелизм.



2

Модуль 4. Өлең мен оның құрылысы.




Тақырып 10. Өлең мен оның құрылысы. Өлең жүйесі.

Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Көркем әдебиет тілінің екі түрлі сипаты: еркін құрылысты тіл – проза, белгілі бір тәртіптегі, тізбекке түскен тіл – поэзия. Өлең құрылысы, жүйесі. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуезділік. Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесіндегі буынның атқаратын қызметі. Ырғақ және оның өлең жүйесінде атқаратын қызметі..



2

Тақырып 11. Өлең ұйқасы мен оның түрлері. Өлең өлшемдері. Өлең құрылымын ажыратудығ жолдары. Поэзиялық шығармадағы ең үлкен бірлік шумақ. Тармақ және оның белгілі бір өлшемге негізделуі. Бунақ. А. Байтұрсыновтың бунақ турады тұжырымдары. Буын жіне оның түрлері. Он бір буынды өлең. Жеті буынды өлең. Аралас буынды өлең. Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі – ұйқас. Ұйқас түрлері: шұбыртпалы ұйқас, қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас, кезекті ұйқас, ерікті ұйқас т.б. Ұйқастың өлең өлшеміндегі қызметі. Олардың өзіндік ерекшеліктері.

2

Тақырып 12. Әдебиеттің тектері мен түрлері.

Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма екендігі. Әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия. Жанр мәселесі маңындағы шартты пікірлер. Эпостың адам мінезін терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр екендігі. Лириканың шындықты адамның көңіл-күйі мен ой-счезіміне астастыра суреттейтін психологиялық қасиеті. Драманың шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерміннің көз алдына қолма-қол көрсететін ерекшелігі. Аристотель, Гегель, Белинскийлердің поэзияның түрі мен тегі туралы ойлары. Көркем шығармашылық тегінің дифференциясы. Түр жанрдың жеке нақты көрінісі.



4

Тақырып 13. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар. Әдеби процесс туралы түсінік. Әдебиет дамуының заңдылықтары. Әдебиет және фольклор. Әдебиетті нақты тарихи және салыстырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу.

Көркемдік әдіс, әдеби ағым, бағыттар туралы түсінік. Әдебиеттегі негізгі бағыттар. Әдеби ағымның түрлері және оның тууы, дамуы, жаңадан пайда болу жолдары. Әдіс және стиль. Стиль туралы түсінік. Стиль және шығармашылық ерекшелік.



4

Барлығы

30

Семинар сабақтары




Модуль 1. Әдебиеттану-сөз өнері туралы ғылым.



Тақырып 1. Сөз өнері туралы ғылым, оның салалары. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі.


Қазақстанда әдебиет туралы ғылымның туу, қалыптасу кезеңдері. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы. Өнер туралы қазіргі түсініктер мен пайымдаулар. Сөз өнерін жасаушы суреткер шеберлігі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық ерекшелік туралы. Әдебиеттану-сөз өнері жайлы ғылым. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, және әдебиет сыны. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласы. Текстологияның қарастыратын мәселелері. Историяграфияның ғылыми-сұраныс пен қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі рөлі. Библиографияның әдебиеттану ғылымының дамуындағы орны мен қызметі.

1

Тақырып 2. Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы. Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы.

Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Адамзат тарихындағы ауызша-жазбаша деректер, олардағы әдеби-эстетикалық балаң пайымдаулар. Мысыр, Үнді, Қытай, т.б. халықтардың ежелгі жазбаларындағы алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы эстетикалық түсініктер. Платонның идеалистік тұжырымдары.

Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар. Р.Декарттың рационалистік көзқарасы. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» еңбегінде өнердің ақиқат болмысы туралы пайымдаулар. Ф.Гегельдің «абсолюттік идея», «абсолютті рух» философиялық, эстетикалық тұжырымдары.

Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. В.Г.Белинскийдің «сөз өнері» жайлы толғамдары. А.И. Герценнің әдеби-эстетикалық ой-тұжырымдары. Н.Г.Чернышевскийдің философиялық, эстетикалық көзқарастары. Л.Н.Толстойдың көркем шығармашылық процесс туралы пайымдаулары.

Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыптасу кезеңдері. Орта ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай және ғылым мен білімнің даму ерекшеліктері. Қазақстанның Ресей арқылы Батыс Еуропалық ой-пікірлермен танысуы. Абайдың әсемдік туралы толғамдары. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануы туралы зерттеулері. Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі. Әдебиеттану терминдерінің қалыптасуы.


1

Тақырып 3. Көркем әдебиеттегі образ және образдылық.

Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Әдебиеттің объектісі өмір, предметі адам екендігі. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Көркем шығарма негізі – материал жинау. Қаламгер фантазиясының көркем бейне жасаудағы рөлі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы қызметі. Образ-адам-көркем бейне. Образдың суретті сөз екендігі. Суретті сөздің пайда болу жолдары. Көркем шығармадағы деталь. Жинақтау типке апарар жол. Типтік образдардың қасиеті. Даралаудың мінез жасаудағы қызметі. Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі. Тура мінездеу мен жанама мінездеу. Образ жасау ерекшеліктері туралы қазіргі пайымдаулар. Тип және прототип. Қаламгердің портрет жасау жолындағы ізденістері.



1

Тақырып 4. Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. Образдың түрлері.

Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Романтикалық және реалистік образдар. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары. Лирикалық образ. Эпикалық образ, драмалық образ. Лирикалық бейне мен ақынның өз бейнесінің арақатынасы. Эпикалық образдың толық жинақталған, жеке дараланған тип екендігі. Драмалық образдың көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне екендігі. Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі. Юморлық образ, сатиралық образ, трагедиялық образ, қаһармандық образ, фантастикалық образ.



1

Модуль 2. Көркем шығарманың құрылысы.




Тақырып 5. Көркем шығарманың құрылысы.

Тақырып пен идея. Өнер туындысының тақырыбы туралы пайымдаулар. Көркем шығарманың тақырыбы туралы түсініктер. Тақырып пен идеяның тығыз байланысы. Шығарма тақырыбы және онда көрініс табатын шындық өмірдің мәні мен мазмұны. Лирикалық туындылардың тақырыбы туралы қазіргі көзқарастар. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара байланысы. Ой өзегі – тақырып пен идеяны жалғастырушы буын. Идея болмысы. Көркем шығарманың идеясы. Негізгі және объективті идея. Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар. Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен арақатынасы. Мазмұнның көркем әдебиетте тақырып пен идеяға негізділігі, пішіннің образдар жүйесіне қатыстылығы. Эстетика туралы түсінік. Негізгі эстетикалық категориялар. Эстетикалық сезім мен эстетикалық талғам. Сөз өнеріндегі мазмұн мен пішіннің ажырамас бірлігі мен бір-біріне көшу ерекшелігі. Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы және пішіннің өзгермелі қасиеті.



1

Тақырып 6. Сюжет және композиция.

Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы, тартыстың нақты көрінісі екендігі. Өмірдегі тартысты қайшылықтардың өнер шығармасында көрініс табу ерекшеліктері. Тартыстың көркем шығармадағы мәні мен мағызы, оның қозғаушы күш екендігі. Сюжет пен фабула. Лирикалық шығармадағы сюжет. Сюжетсіз шығармалар. Композиция – көркем шығарма құрылысы. Композицияның негізгі компоненттері. Сарынның тақырып пен идеяға қызмет етуі. Көркем шығарма эпизодтары. Көркем шығарма композициясының жанрлық ерекшеліктері. Сюжетмен композиция өзара бірлігі. Пролог пен эпилог туралы қазіргі ой-пікірлер.



1

Модуль 3. Көркем әдебиет, тіл мәселелері.




Тақырып 7. Көркем әдебиет, тіл мәселелері. Көркем шығарма тілі.

Тіл мен сөйлеу. Тіл – қатынас құралы. Әдеби көркем тіл. Сөздердің тура және бұрма мағыналары. Тілдің бейнелеуіштік қасиеті. Автор тілі мен кейіпкер тіліндегі типтілік пен оқшаулық. Поэтикалық синтаксис. Көркем шығарма тілі және оның жанрлық ерекшеліктері. Қаламгердің сөздік қорының молдығы туралы түсінік. Синонимия, синонимдердің қабаттаса, қатар келуі. Омонимдердің әдеби тілдегі қызметі. Антонимдік параллель. Көркем шығармашылық материалының бір түрі: архаизм, неологизм, варваризм, диалектизм, идиомалар. Көркем тілдің интонациялық-синтаксистік мәнерлілігі. Эпитет пен теңеудің қызметі.



1

Тақырып 8. Тілдің ажарлау құралдары. Әдебиеттегі құбылту құбылыстары.

Троп және оның түрлері. Әдеби тілді тура мағынасында емес бұрма мағынасында қолданудың ерекшеліктері. Троптың классификациясы. Метафора және оның қолданылу аясы. Сөз мәнін өзгерту, суреттелетін құбылысты айқындау, ажарландыру,, суреттелетін объектінің мазмұнын тереідету ерекшеліктері. Жансыз табиғат құбылысының тірі адам кейпінде суреттелуі – кейіптеу. Символдың астарлы мәні. Метонимияның ой ықшамдау мен образ дәлдігі үшін атқаратын қызметі. Метонимияның бір түрі синекдоханың кһркем тілдегі орны. Троптың бір түрі – ирония мен сарказмнің сөз ажарын түсіндіру қызметі. Ұлғайту мен кішірейту бейнелеуіш құрал ретінде. А.Байтұрсыновтың тіл көрнекілеу тәсілдері. Көркем шығармалардағы эпитет және теңеудің қолданылуы. Олардың жасалу түрлері. Аллитерация, ассонанс.



1

Тақырып 9. Айшықтау және оның түрлері.

Фигура әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін тәсіл. Фигураның түрлері. Арнау және оның түрлері. Жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Қайталаудың мағыналық сипаты. Оның түрлері: жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау, кезекті қайталау. Антитезаның қарама-қарсы ұғымдарды бір-біріне бетпе-бет қою арқылы жаңа сапалық мағына немесе ұғым тудыру қасиеті. Градация және оның көркем ойды ажарлаудағы ролі. Оның Е.Ысмайлов бөліп көрсеткен екі түрі: түйдектеу мен баяулату. Инверсия. Эллипсис. Параллелизм.



1

Модуль 4. Өлең мен оның құрылысы.




Тақырып 10. Өлең мен оның құрылысы. Өлең жүйесі.

Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Көркем әдебиет тілінің екі түрлі сипаты: еркін құрылысты тіл – проза, белгілі бір тәртіптегі, тізбекке түскен тіл – поэзия. Өлең құрылысы, жүйесі. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуезділік. Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесіндегі буынның атқаратын қызметі. Ырғақ және оның өлең жүйесінде атқаратын қызметі..



1

Тақырып 11. Өлең ұйқасы мен оның түрлері. Өлең өлшемдері. Өлең құрылымын ажыратудығ жолдары. Поэзиялық шығармадағы ең үлкен бірлік шумақ. Тармақ және оның белгілі бір өлшемге негізделуі. Бунақ. А. Байтұрсыновтың бунақ турады тұжырымдары. Буын жіне оның түрлері. Он бір буынды өлең. Жеті буынды өлең. Аралас буынды өлең. Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі – ұйқас. Ұйқас түрлері: шұбыртпалы ұйқас, қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас, кезекті ұйқас, ерікті ұйқас т.б. Ұйқастың өлең өлшеміндегі қызметі. Олардың өзіндік ерекшеліктері.

1

Тақырып 12. Әдебиеттің тектері мен түрлері.

Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма екендігі. Әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия. Жанр мәселесі маңындағы шартты пікірлер. Эпостың адам мінезін терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр екендігі. Лириканың шындықты адамның көңіл-күйі мен ой-счезіміне астастыра суреттейтін психологиялық қасиеті. Драманың шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерміннің көз алдына қолма-қол көрсететін ерекшелігі. Аристотель, Гегель, Белинскийлердің поэзияның түрі мен тегі туралы ойлары. Көркем шығармашылық тегінің дифференциясы. Түр жанрдың жеке нақты көрінісі.



2

Тақырып 13. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар.

Әдеби процесс туралы түсінік. Әдебиет дамуының заңдылықтары. Әдебиет және фольклор. Әдебиетті нақты тарихи және салыстырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу.

Көркемдік әдіс, әдеби ағым, бағыттар туралы түсінік. Әдебиеттегі негізгі бағыттар. Әдеби ағымның түрлері және оның тууы, дамуы, жаңадан пайда болу жолдары. Әдіс және стиль. Стиль туралы түсінік. Стиль және шығармашылық ерекшелік.


2

Барлығы

15


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

5.1 Сөз өнері – көркемдік сана жемісі


5.2 Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы алатын орны

5.3 А.Байтұрсынов-қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы

5.4 Т.Әбдікәкімов өлеңдеріндегі сезім мен күйдің образдармен таңбалануы

5.5 Қазақ лирикасындағы драмалық поэма

5.6 Көркем шығарманың құрылысы.

5.7 Лирикадағы сюжеттік мәселесі

5.8 «Абай жолы» романының тілі

5.9 Әдебиеттің көркемдеу құралдары.

5.10 Өлең құрылысы.

5.11 Өлең ұйқасы мен оның түрлері.

5.12 Қазақ поэзиясындағы буын өлшемі

5.13 Сөз өнеріндегі тек пен түр.

5.14 Көркемдік әдіс.

5.15 Әдеби бағыттар мен ағымдар.



6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Кесте 3

Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Экземпляр саны

Білім алушылардың саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы. – Қарағанды, 2009. – 205 б.

1

16

20

Томашевский Б. В. Теория литературы. Поэтика: учеб. пособие. – М., 2008. .- 366 с.

4

16

80

Хализев, В. Е. Теория литературы. – М.: Высш. шк., 2002. - 415 с.

16

16

100

Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2008. - 156 б.

16

16

100

Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы, 2013. – 423 б.

16

16

100


7 ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы. – Қарағанды, 2009. – 205 б.

7.1.2 Аристотель. Поэтика. Риторика: Пер. с греч. / Аристотель; Вступ. ст. и коммент. С. Ю. Трохачева – СПб. : Азбука, 2010. – 406 с.

7.1.3 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2009. – 216 б.

7.1.4 Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы, 2013. – 423 б.

7.1.5 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2008. - 156 б.

7.1.6 Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. – Астана: Фолиант, 2007. – 501 б..

7.1.7 Мақпырұлы С. Адамтану өнері. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2009. – 303 б.

7.1.8 Бахтин М. М. Эпос и роман / М. М Бахтин. – СПб. : Азбука, 2000.

- 333 с .

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы. – Астана, 2003. - 240 б.

7.2.2 Томашевский Б. В. Теория литературы. Поэтика: учеб. пособие. – М., 2008. .- 366 с.

7.2.3 Тюпа В. И. Художественный дискурс (Введение в теорию литературы). – Тверь: Твер. гос. ун-т, 2002. – 319 с.

7.2.4 Джуанышбеков, Н. Введение в литературоведение: учебник / Н. Джуанышбеков.- Алматы: Заң әдебиеті, 2010.- 308 с.

7.2.5 Федотов О. И. Основы теории литературы: учеб. пособие для вузов. В 2 ч. Ч. 1: Литературное творчество и литературное произведение. – М.: Владос, 2003. – 671с.

7.2.6 Федотов, О. И. Основы теории литературы: учеб. пособие для вузов. В 2 ч. Ч. 2: Стихосложение и литературный процесс. – М.: Владос, 2003. – 521 с.

7.2.7 Хализев, В. Е. Теория литературы. – М.: Высш. шк., 2002. - 415 с. 7.2.8 Холшевников, В. Е. Основы стиховедения. – М.: Академия, 2002. - 215 с.



7.2.9 Ысқақұлы Д. Сынталқы. – Алматы, 2005. - 319 б.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет