16
|
HOA 0316
|
Химияны оқыту әдістемесі
Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – Жоқ
Оқыту мақсаты: Қазіргі білім беру талаптарына сай химияны оқытуының жалпы ғылыми-теориялық негіздерін оқыту.
Қысқаша мазмұны: Химияны оқытудың педагогикалық негізі. Химияны оқытудың мектеп курсының әдістемесі. Оқтыу жүйесі. Қазіргі сабақ. Демонстрациялық эксперимент, жүргізу әдістемесі. Практикалық сабақтыы жүргізу. Химиядан есеп шығару алгоритмы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Химия бөлімдерінің негізгі теориясын, оқу процесінің ұйымдастыру әдістері мен формасын біледі.
Іскерлігі: Оқу процесін жоспарлай алады, химияға тән арнайы әдістерді қолдана алады.
Дағдысы: Химиялық эксперимент әдістемесін және технкасын біледі, оқушыларды оқыту процесін басқара алады
Құзіреттілігі: Профессиональды педагогикалық қызмет дағдылары, білім берудің көптүрлі жүйесінде сауатты және шығармашылық бағыттала алады.
Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к, доцент м.а. Абекова Р.С.
|
17
|
BbH 0317
|
Биобейорганикалық химия
Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 3
Пререквизиттер – Бейорганикалық химия.
Постреквизиттер – Биохимия негіздері және БАВ синтезі. Оқыту мақсаты: Биобейорганикалық химияның теориялық негіздерін оқу.
Қысқаша мазмұны: Құрамында металл бар металлопротеиндер мен басқа биомолекулалар. Металлоферменттер, активаторлар. Ауыспалы металлдар биологиялық тотығу-тотықсыздану жүйлерінде. Электронды транспорттың жобалары. Азот фиксациясының биохимиясы. Оттегі тасымалдағыштар. Гемопротеиндер. Темірдің жиналуы мен таралуы. Биологиялық үрдістердегі сілтілік және сілтілікжер металл катиондарының рөлі. Бейметалдар микрожлементтер сияқты.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Бейорганикалық қосылыстардың биологиялық рөлін, қасиеттерін және құрылымын біледі.
Іскерлігі: Адам ағзасынының түрлі тканьдеріндегі жасушаларда болатын биологиялық маңызды заттардың химиялық ауысуларын, физико-химиялық үрдістер мен құбылыстардың бағытын жорамалдай алады.
Дағдысы: Тірі ағзада өтетін физико-химиялық үрдістерді жобалайтын ситуациялық жағдайларды шешуге дағдыланған.
Құзіреттілігі: Биобейорганкиалық химия саласында базалық білімі, зерттеушілік дағдылары бар
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Лебаева Ж.Т.
|
18
|
TKH 0318
|
Табиғи қосылыстар химиясы
Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттер - Гетероциклды қосылыстар
Оқыту мақсаты: Табиғи қосылыстардың биологиялық функциясын, химиялық өзгерістерін және химиялық құрылысын оқу.
Қысқаша мазмұны: Бейорганикалық тектес табиғи қосылыстар. Минералдар, тұздар. Табиғи органикалық қосылыстар. Өсімдіктектес органикалық қосылыстар. Алкалоидтар, пигменттер, көмірсулар, витаминдер. Жануартектес органикалық қосылыстар. Липидтер, балауыздар, стероидтар, белоктар (ақуыздар), нуклеин қышқылдары, ферменттер.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Аминқышқылдары, пептидтер, ақуыздар, нуклеозидтер және нуклеотидтер, нуклеин қышқылдарының синтездеу әдістері мен физико-химиялық қасиеттерін біледі.
Іскерлігі: Аминқышқылдары, пептидтер, ақуыздар, нуклеозидтер және нуклеотидтер, нуклеин қышқылдарының әртүрлі дәрежедегі құрылымының биохимиялық және биологиялық қасиеттерімен өзара әсерін анықтай алады.
Дағдысы: Аминқышқылдары, пептидтер, ақуыздар, нуклеозидтер және нуклеотидтер, нуклеин қышқылдарын құрылымды-функционалды талдаудың теориялық және экспериментті дағдыларын біледі.
Құзіреттілігі: Табиғи қоссылыстар химиясы саласында негізгі білімдерін біледі, зерттеу дағдылары бар.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к., доцент Динжуманова Р.Т.
|
19
|
KDF 0319
|
Қатты дене физикасы
Кредит көлемі 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 31 кредит
Постреквизиттер – Зерттеудің физикалық әдістері, Зат құрылысы, Химиялық физика.
Оқыту мақсаты: Қатты дене физикасының теориялық негіздерін жартылай өткізгіш материалдарда жүретін процестер және физикалық қасиетеріне негіздей оқыту.
Қысқаша мазмұны: Қатты денелерді сызықты және көлемді кеңейту. Кеңейту коэффициенттері. Техникадағы жылулық кеңейту мәндері. Қатты денелерді балқыту. Балқытудың орташа жылуы. Қыздыру барысындағы тығыздықтың өзгеруі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Негізгі физикалық заңдарды, әртүрлі физикалық түсініктерді, теорияларды, заңдарды қолдану шекарасын біледі.
Іскерлігі: Зерттеудің теориялық және экспериментті әдістері бойынша нәтижелердің сенімділік дәрежесін бағалай алу.
Дағдысы: Қатты дене физикасының жалпы мәселелерін талдау, оларды жариялау дағдыларын игерген.
Құзіреттілігі: Физика саласында негізгі білімді игереді, зерттеу дағдылары.
Бағдарлама жетекшісі: доцент Паримбеков З.А.
|
20
|
TZhEK 0320
|
Техногенді жүйлер мен экологиялық қауіп
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизиттер – 31 кредит
Постреквизиттер – Табиғи объектілер анализі
Оқыту мақсаты: Адамның табиға ортамен тұрақты қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етуде әдістемелік тәсілдер мен қазіргі концептуалды негіздерді және техногенді жүйелердің қауіпсіз жұмыс істеуін оқу.
Қысқаша мазмұны: Қоршаған ортаға антропогенді әсер. Экотоксиканттар, олардың әсерін бағалаудың әдістері. Қоршаған орта объектілерін диагностикасы мен химико-экологиялық бақылауы. Қоршаған орта ластануымен күресу әдістері мен бағыттары. Ағынды суларды, атмофераны тазарту әдістері, қалдықтарды жою. Қауіп теориясының негіздері. Қауіп қатердің шкаласы, деңгейі мен жіктелуі. Қауіпті бағалаудың әдістемесі. Локальді және глобальді экологиялық жорамал.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қауіпті әсерлердің көздерін жіктей алады, анықтау принциптерін біледі.
Іскерлігі: Қауіпті төмендету және анықтау мақсатында сандық баға берудің әдістемесін қолдана алады.
Дағдысы: Адамзат және жеке аудандарда тұрақты және қауіпсіз даму үшін жобалау және жүйелік талдау әдістемсін қолдана алады.
Құзіреттілігі: Экологиялық қауіпсіздік саласында базалық білімі, зерттеушілік дағдылары бар.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент Омарова Н.М.
|
21
|
KOOHT 0321
|
Қоршаған орта объектілерінің химиялық талдауы
Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 3
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттер – Табиғи объектілер анализі.
Оқыту мақсаты: Қоршаған ортадағы объектілерде заттарды анықтау мен сандық анализ әдісін таңдауда теориялық және практикалық негіздерін оқу.
Қысқаша мазмұны: Сынама алу және сынама алуға дайындық. Сынама дайындау сатысы ретінде бөлу және концентрациялау. Судың анализі. Ауаның анализі. Топырақ пен шөгінділер анализі. Тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерінің анализі. Биологиялық материалдардың анализі. Геологиялық объектілер анализі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қоршаған орта объектілер анализі әдістерінің теориясын, эксперимент нәтижелерінің есептеу әдістерін біледі.
Іскерлігі: Анализ сызбанұсқасын, объектілерді зерттеу әдістерін таңдай алады.
Дағдысы: Қоршаған орта объектілерінің сынамасын алу, дайындауға дағдыланған, анализдің метрологиялық негіздерін біледі.
Құзіреттілігі: Экологиялық қауіпсіздік саласында базалық білімі, зерттеушілік дағдылары бар.
Компетенции: имеет базовые знания в области экологической безопасности, исследовательские навыки
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент Омарова Н.М.
|
22
|
HT 0322
|
Химия тарихы
Кредит көлемі 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5
Пререквизиттер – 101 кредит
Постреквизиттер – Жоқ
Оқыту мақсаты: Білімнің басқа саласындағы жетістіктері мен қоғам дамуындағы тарихи процестермен байланысты химия құрылғылары және химия білімдерінің дамуы туралы көзқарас қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Химиялық білімнің пайда болуы мен дамуы, химия ғылымының негізгі ұғымдардың, идеялардың, әдістерінің қалыптасуы мен дамуы. Химия дамуының негізгі бағыттары, химия шеберлігінің, алхимия, натрохимия кезеңдері, химиялық революция, пневматикалық химия және аналитикалық химия, флогистон теориялары. Органикалық және физикалық химиияның дүниеге келуі. Химия дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен, қоғамдық құбылыстармен және процесстермен байланысы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ғылымның тарихи дамуындағы әртүрлі этаптарында негізгі химия концепцияларын біледі.
Іскерлігі: Өткен тарихқа қатысты өз көзқарасын сұрақ бойынша негіздей және жеткізе алады .
Дағдысы: Ақпараттың әртүрлі көздерімен өздігінен жұмыс істей алу дағдыларын игереді.
Құзіреттілігі: Химия тарихының негізгі білімдерін біледі, зерттеу дағдылары бар.
Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к, доцент м.а. Абекова Р.С.
|
Шәкәрім атындағы СМУ Ғылыми Кенесі отырысында бекітілген
Хаттама № __ «__» ________ 20_ жыл
Шәкәрім атындағы СМУ ОӘС отырысында бекітілген
Хаттама № __ «__» ________ 20_ жыл
|
Келісілген:
|
Декан ________ А.Л. Касенов
(қолы) (Ф.И.О.)
|
АМД директоры ________ М.Б. Смирнов
(қолы) (Ф.И.О.)
|
Каф. меңгерушісі___ ___ М.Г.Яшкарова
(колы) (Ф.И.О.)
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |