Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


 Ӛндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет117/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

6.5. Ӛндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету 
Ӛндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету (ӚДМҚ) – 
технологиялық ҥрдістер мен қҧрал-жабдықтардың параметрлерін, шикізат, 
бҧйым сипаттамасын талап етілген дәлдікпен анықтауды және оның сапасын 
жетілдіру және ӛндіріс шығындарын тӛмендетуді қамтамасыз ететін 
техникалық және ҧйымдастырушылық іс-шаралар жиынтығы.
Мақсаты: 
1) Ӛлшенетін параметрлердің ҧтымды номенклатурасын және ӛлшеу 
дәлдігінің нормаларын қҧру; 
2) Ӛлшеуді орындаудың техникалық ҥрдістерді кемеліне жеткізуді 
орындау; 
3) Ӛндірісті ӚҚ-мен қамтамасыз ету; 
4) Метрологиялық қызмет кӛрсету және ең алдымен, ӚҚ тексеруді 
қамтамасыз ету; 
5) Нормативті-техникалық қҧжаттарда кӛрсетілген ӛлшеуді жасау 
шарттарымен қамтамасыз ету; 
6) Ӛндіріс қызметкерлерін және метрологиялық қызмет жҧмысшыларын 
ӚҚ басқару-ӛлшеу операцияларына, тексеруге, жӛндеуге дайындау; 


154 
7) Метрологиялық бақылауды ҧйымдастыру және оны ӛткізу. 
ӚДМҚ жҧмыстарын мекеменің конструкторлық, технологиялық және 
метрологиялық бӛлімдері бҧйымның бастапқы қҧжаттарын алғаннан кейін 
жҥргізе бастайды. 
Метрологиялық қамтамасыз етуді реттейтін ғылыми-техникалық 
қҧжаттарды (ҒТҚ) қҧру. 
ӚДМҚ жҥйесінде ҒТҚ маңызды рӛл атқарады, онда метрологиялық 
жҧмыстардың сипаттамасын толықтай тҥсетін номенклатура және мазмҧны 
болады. Олар: 
1) Мекемедегі жалпы ӚДМҚ жағдайы; 
2) Метрологиялық қызметтің даму деңгейі
3) Салалық қҧжаттарда метрологиялық қамтамасыз етудің толықтылығы 
және мерзімділігін ҥйлестіру; 
4) Мекемеге технологиялық, қҧрылымдық және нормативті қҧжаттардың 
метрологиялық экспертизасының маңыздылық деңгейін кӛрсету; 
5) Салыстырып тексеру және ӛлшеу қҧралдарын аттестациялау және қҧру 
сияқты факторларды біріктіреді.
ҒТҚ-да 
ӚДМҚ 
жҧмыстарын 
реттейтін 
мекеменің 
нақтылы 
бӛлімшелерінің жауапкершілігі, олардың істейтін қызметтері кӛрсетілуі шарт. 
ӚДМҚ-дегі ҒТҚ жҥйесіне мекеменің ҧйымдастырушылық және 
әдістемелік саласындағы стандарттары кіруі қажет.
Ҧйымдастырушылық стандарттары – жҥйенің негізі болып табылады 
және бӛлімшелер мен қызметкерлердің міндеттері мен ӛзара байланысын
метрологиялық жҧмыстардың жҥру тәртібін реттейді. 
Әдістемелік стандарттар – ӛлшенетін параметрлердің номенклатурасы 
мен ӛлшеу дәлдігінің оптималды нормаларын, ӛлшеуді орындауды ӛңдеу және 
аттестацияны, метрологиялық экспертизаны жҥргізуді, ҒТҚ, ӚДМҚ техника-
экономикалық нәтижелілігін бағалауды реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет