272
талдау қҧжатталу керек. Талдау негізінде жҥйе әрдайым жақсарып отыруы
тиіс.
ДСжЕҚ жҥйесі менеджментін енгізу бойынша барлық жҧмыстарды
жҥргізген соң, мекеме сертификаттау органын шақырып, ДСжЕҚ жҥйесінің
жҧмыс жасауын тексеру арқылы OHSAS 18001 халықаралық
стандартының
талаптарына сәйкес сертификат алуына болады.. Бҧндай сертифкаттың болуы
мекемеге бәсекелестік артықшылық тудырады, әсіресе, шетел нарығында,
жҧмыс
қауіпсіздігін жоғарылатады, жарақаттану деңгейін және ауруларды
азайтады.
10.8. Аккредиттеу және сертификаттауды ӛзара мойындау
Сәтті сертификаттау нәтижесі сертификаттауға қатысушылардың
жоғарғы біліктілігінде сынау мен тексеру жҥргізгенде, олардың бір-біріне
ӛзара сенімінде ғана мҥмкін болады. Тапсырыс
беруші сертификаттау органы
мен сынау зертханасына сену керек. Осылайша сертификаттауға
қатысушылардың тәуелсіздігі мен біліктілігін анықтау ҥшін сәйкес механизм
қажет. Осындай механизм аккредиттеу болып табылады. Аккредиттеу – сынақ
зертханасының (сертификаттау органының) нақты сынақтары немесе
сынақтың нақты тҥрлерін ӛткізуге қҧқылы екендігінің ресми тҥрде
мойындауы. Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар
министрлігі аккредиттеуді «Ҧлттық аккредиттеу орталығы» АҚ-на ӛткізуді
бекітті.
Аккредиттеу мақсаты:
– Сынақ зертханаларына және сертификаттау органдарына тапсырыс
берушіден, мемлекеттен және басқа мҥдделі қҧрылымдар тарапынан сенімді
кҥшейту мен жҧмыс сапасын жоғарылату, нарықта қызмет кӛрсету және
ӛнімнің бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету,
– Ҧлттық және халықаралық деңгейлерді сәйкестік сертификаттары мен
сынақ нәтижелерін мойындау.
Бҧл мақсаттарға жету ҥшін:
– Сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарына
бірыңғай талаптар
орнату;
– Аккредиттеу органдарына талаптар және аккредиттеудің жалпы
ережелерін орнату мәселелеріншешу керек,
Аккредитдеудің бҥкіл ҥрдісі 4 кезеңнен, әрбір кезең стандартты
процедуралардан тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: