“Ҧлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ:
- техникалық шарттарды сараптауда, дайындауда кӛмек кӛрсету;
- шетелдік техникалық шарттарды есептік тіркеу;
- салыстырып тексерудің мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпараттарын
белгілеу бойынша ӛнімде тауарлық жарлықтарды қалдыру;
- калибрлеу, жӛндеу жҥргізу, прокаттау, ӚҚ сынауға қатысу;
- заңды тҧлғалардың метрологиялық қызметіне ғылыми-әдістемелік және
техникалық кӛмек кӛрсету;
- қоғамдық азықтандыру қызметіне, автотранспорттық қызметке және
ӛнімге сәйкестік сертификатын беру;
- сапа жҥйесін енгізу бойынша консалтингтік жҧмыс жҥргізу;
- ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарына сәйкес ӛндірістерге
және сапа жҥйесіне сертификат беру;
- тауардың қҧрамына сараптау жҥргізу;
- ӛнімді ӛндіріске қояр алдында әдістемелік кӛмек және инженерлік-
талдау қызметін кӛрсету;
- сырттан әкелінетін және отандық ӛндірістегі қымбат металдардан
жасалған зергерлік бҧйымдар мен олардың қҧймаларынан сынама алу;
- қымбат металдар мен тастарға техникалық сараптама жҥргізу
қызметтерді атқарады.
“Ҧлттық аккредиттеу орталығы” АҚ қызметіне: - сертификаттау салаладағы аккредиттеуге талпынушы ҧйымдар мен
ӛнеркәсіптерге сарапшылық баға беру;
- сарапшы-аудиторларды дайындау жатады.
“Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты” РМК қызметіне: - мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жҥйелерін жетілдіру мен
дамыту, оларды халықаралық талаптарға бейімдеу;
- ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің негізінде мемлекеттік
стандарттар қорын қҧру мен дамыту;
- отандық ӛнімнің бәсекеге қабілеттігін жоғарылату ҥшін сапаны
басқарудың заманауи әдістерін енгізу;
32
- саудада техникалық кедергілерден ӛту ҥшін анықтамалық-ақпараттық
қамтамасыздандыру;
- стандарттау, сертификаттау және сапа жҥйелері салаладағы мамандарды
дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату кіреді
.