Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты бірінші курс студенттерінің анықтама-жолсілтеушісі смж аж 02/123-2014 Тараз



бет2/3
Дата12.06.2016
өлшемі423.54 Kb.
#131089
1   2   3














































Жамбыл даңғылы











































Қойгелді көшесі










































































































































































ТарМПИ

3-оқу ғимараты

Төле би, 70






ТарМПИ

2-оқу ғимараты

Төле би, 68






Политехникалық

колледж






Қалалық аурухана







ТарМУ

әскери кафедра







ТарМПИ

Бас ғимарат

Төле би, 62


































































































































































































Төле би көшесі




ЖОО-ын КІМ БАСҚАРАДЫ?
ТарМПИ-ның ректоры – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қожамжарова Дария Пернешқызы (байланыс телефоны 43-58-06).

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Амандосова Расима Сейдуалықызы (байланыс телефоны 42-63-91).

Әлеуметтік және студенттер мәселелері жөніндегі проректор Көрпебаев Жәнібек Абланұлы (байланыс телефоны 43-58-08).

Сіз оқу үрдісінде және жеке басыңызда туындайтын барлық мәселелер бойынша әр уақытта проректорларға баруларыңызға болады.



Тіркеуші офиcі

Тіркеуші офисі – бұл студенттердің оқуда қол жеткізген жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және оның академиялық рейтингісінің есебі мен білімін бақылаудың барлық түрін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет.

Тіркеуші офисі оқытудың кредиттік жүйесі бойынша институтта білім алушылардың білім сапасының бақылауын ұйымдастыру үшін және тіркеу процесін оперативті басқару, академиялық жазбалардың қалыптастырылуы мен сақталуы үшін жеке бөлім болып құрылған.

Тіркеуші офисінің бастығы Алимбаева Сауле Курмантайқызы социология ғылымдарының кандидаты (байланыс телефоны 42-65-33).


Институт факультеттері
ТарМПИ-да болашақ мұғалімдерді 5 күндізгі және 1 қашықтықтан және сырттай білім беру факультеті дайындайды. Өзіңізге болашақта қажет болатын қосымша мамандық игергіңіз келсе, онда Сіздің қосымша педагогикалық білім беру факультетінде оқуға мүмкіндігіңіз бар.
ТарМПИ ФАКУЛЬТЕТТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ


ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Декан

тел.: 52-67-99

Декан орынбасары

тел.: 52-67-99

«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы

тел.: 51-83-16

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

-

«Психология және акмеология» кафедрасы

тел.: 42-66-13

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы

тел.: 42-66-13

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» кафедрасы

-

Арнайы педагогика

тел.: 42-63-92




ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Декан

тел.: 42-54-87

Декан орынбасары

тел.: 42-54-87

«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы

-

«Кәсіптік білім және дизайн» кафедрасы

-

«Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасы

-

«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы

-

«Музыкалық білім» кафедрасы

-

«Хореография және мәдени тынығу жұмысы» кафедрасы

-

«Дене шынықтыру» кафедрасы

-

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

Декан

тел.: 52-67-84

Декан орынбасары

тел.: 52-67-84

«Математика және МОӘ» кафедрасы

-

«Физика және ФОӘ» кафедрасы

-

«Информатика және ЕТ» кафедрасы

тел.: 52-53-78

«Химия и ХОӘ» кафедрасы

тел.: 43-04-83

«Биология и БОӘ» кафедрасы

тел.: 42-65-24

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Декан

тел.: 34-04-72

Декан орынбасары

тел.: 34-04-72

«Қазақ филологиясы» кафедрасы

-

«Орыс филологиясы» кафедрасы

-

«Шетел тілдері» кафедрасы

-

«Практикалық шетел тілі» кафедрасы

-

ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Декан

тел.: 45-41-73

Декан орынбасары

тел.: 45-41-73

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

-

«Дүниежүзі тарихы, құқық және экономика» кафедрасы

-

«География және экология» кафедрасы

тел.: 43-21-45

«Философия және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы

-

ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖӘНЕ СЫРТТАЙ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

Декан

тел.: 34-04-48

Декан орынбасары

тел.: 34-04-48

ҚОСЫМША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

Декан

тел.: 34-35-30



Студенттер бөлімі
Студенттер бөлімінде студенттердің жеке ісі өңделеді, басқа мекемелерге қажетті құжаттар жіберіледі.

Егер Сізге анықтама, құжаттан көшірме керек болса, студенттер бөліміне барыңыз. Басқа жоғары оқу орнына ауысуға, қайта қабылдауға құжат дайындау осы студенттер бөлімінде жүзеге асырылады.

1 курста мемлекеттік грант негізінде оқитын барлық студенттер шәкіртақы алу үшін банктік карточкасын рәсімдеулері қажет.
СІЗ ЕҢ БІРІНШІ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІССІЗ?
Сізге ТарМПИ студенті екеніңізді растайтын студенттік билет беріледі. ТарМПИ ғимараттарына студенттік билетіңізбен кіруге рұқсат беріледі. Егер Сіз әртүрлі жағдайлармен студенттік билетіңізді жоғалтып алсаңыз, деканатқа барып уақытша рұқсат қағаз аласыз. Студенттік билет жоғалған жағдайда оның дубликатына тапсырыс беруіңіз керек.

Институтта оқу сабақтары академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

Сабақ кестесі бір семестрге жасалады және семестрдің басталуына 10 күн қалғанда ілінеді.

ЖОО-дағы сабақтар мектептегіден өзгешелеу болып келеді. Сабақтың бір сағаты академиялық сағат деп аталады, ол 50 минутқа тең болады. Әрбір сабақтан кейін 10 минут үзіліс беріледі.

Сабақ кезінде өз бетінше аудиториядан кіріп-шығуға болмайды. Сырт киімді киім шешетін орынға өткізу керек. Сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға болмайды.

Институтта сабақтарды өткізу үшін әрбір курс оқу ағымдарына бөлінеді.


ТарМПИ-да КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША

ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Институтта оқу үдерісі кредиттік оқу технологиясы бойынша жүргізіледі.

Жаңа терминдер және түсініктермен танысу үшін біз сізге глоссарий дайындадық.

(Глоссарий) – бұл білім беру үрдерісінде кездесетін жаңа терминдер мен түсініктер.



1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

3) академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

4) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;

5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

6) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

7) академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген график бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;

8) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

10) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;

11) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;

12) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

13) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

14) межелік бақылау бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

15) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

16) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – студенттердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

17) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

18) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;

19) кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

20) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

21) оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;

22) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;

23) Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

24) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы;

25) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

26) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде институт дербес әзірлейтін құжат;

27) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);

28) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;

29) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;

30) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;

31) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;

32) тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;

33) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;

34) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

35) элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және институт енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.

Оқу үрдісі оқу жоспары, академиялық күнтізбе, сабақ кестесі және студенттің кеңес алу кестесі негізінде ұйымдастырылады.

Академиялық кезең дегеніміз - ұзақтығы 15 аптаға тең семестр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет