Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты бірінші курс студенттерінің анықтама-жолсілтеушісі смж аж 02/123-2014 Тараз



бет3/3
Дата12.06.2016
өлшемі423.54 Kb.
#131089
1   2   3

Білім беру траекториясын таңдау

Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың білім беру бағдарламасын дербес жоспарлауына, оқудың жеке траекториясын таңдауына, өздігінен білім алу деңгейін арттыруға негізделген.

Білім алушы академиялық жетекшісі - эдвайзердің көмегімен оқу жылға арналған оқытудың жеке траекториясын қалыптастырады.

Білім алушы мамандықтың типтік оқу жоспарында қарастырылған кредиттердің белгілі санына тіркелуі тиіс. Типтік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде білім алушы жеке оқу жоспарында (ЖОЖ) көрініс табатын кредиттердің қажеті санын ескере отырып міндетті және элективті пәндерді таңдайды. Пәндерді таңдау оқытылуының логикалық бірізділігі есепке алына отырып жүргізілуі тиіс.


Оқу пәніне жазылу тәртібі

Пәнді оқу үшін оқытушы мен пәнді таңдау Тіркеуші офисі ұйымдастыратын ресми тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

2 және жоғары курс студенттері үшін оқу пәндеріне жазылу наурыз айында басталады. 1 курс студенттері үшін оқу пәндеріне жазылу оқуға қабылданған уақыттан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

Таңдау пәндерін анықтау эдвайзердің көмегімен жүзеге асырылады. Эдвайзер студентті элективті пәндер каталогындағы пәнді презентация әдісімен, әр альтернативті пәннің пререквизиттері және постреквезиттерімен таныстырып, кеңес береді, пәнді таңдауға ұсыныс жасайды.

Пәнге жазылу электронды түрде жүргізіледі. Пәнге жазылу үшін студент өзінің логині мен паролі арқылы арнайы бағдарламаға кіреді.

Тіркеуші офисі және факультет деканаттары қажетті жағдайларда жазылуды қамтамасыз етуге байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізіп, студенттердің курстарға жазылуын қадағалайды.

Студент міндетті пәндер бойынша сабақ жүргізетін оқытушы кандидатурасын таңдауға құқылы.

Тіркеуші офисі оқу-әдістемелік басқарма және факультет деканаттарымен келісе отырып, мамандықтың оқу жоспарына кіретін пәндер үшін студенттердің ең төменгі санын, ал әр оқытушы үшін – академиялық топтардағы студенттер санының жоғары шегін белгілейді

Егер ұсынылған пәнге жазылғандардың саны белгіленген мөлшерден аз болса, онда ол пән жұмыс оқу жоспарына енгізілмейді. Бұл пәнге жазылған студенттер Тіркеуші офисіне жеке жұмыс жоспарындағы өзгерістер туралы тапсырыс беру керек.

Егер бір оқытушыға жазылған студенттер саны белгіленген мөлшерден артық болса, квалификациясы сәйкес келетін оқытушы тағайындалып, қосымша академиялық поток (топ) құрылады.

Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында:

1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен танысуы;

2) оқу пәндеріне тіркелудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін сақтауы;

3) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің кем түспейтін санына жазылуы тиіс.

Ақылы негізде білім алушы төлем қабілеттілігіне, оқу түріне тәуелді, тиісті деңгейдегі оқу бағдарламаларын игеру үшін жеке қабілеттілігін өзінің ЖОЖ-да аз мөлшеріндегі кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға болады.

Білім алушы оқу пәндеріне тіркелу үшін алдынғы семестрде қажетті пререквизиттерін меңгеруі тиіс. Базалық пәндерді таңдауда білім алушының кәсіптік бағдарын есепке алады. Бірақ білім алушы өзінің жеке оқу жоспарына басқа мамандықтардың базалық блогында көрсетілген пәндерді қалауы бойынша енгізе алады.

Білім алушы ЖОЖ құру үшін және мамандықтың типтік оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқу курсын толықтай меңгеруге жауапты болады.

Кафедралар әрбір пән бойынша кредиттері көрсетілген (Syllabus) пәндердің бағдарламаларын дайындап, студенттерге ұсынады.


«PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

2013-2014 оқу жылынан бастап институтта оқу үдерісін, студенттердің білім алу тарихын, қашықтықтан оқыту, электронды құжат айналымы жүйесі жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі орнатылды. Аталған жүйе әрбір қызметкер мен студентке жеке виртуалды кабинетте жұмыс істеуге, өзіне тиісті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Өзінің логині мен парольін қолдана отырып, студент академиялық күнтізбеде белгіленген тіркеу мерзімінде пәндерге жазылады. Студент жеке виртуальді кабинетінде өзі білім алып отырған мамандығының типтік оқу бағдарламасымен, оқытушылардың жеке карточкасымен, пәндердің силлабустарымен танысып, оқытушы мен пәндерді таңдайды.
Білімді бағалау мен бақылау қалай жүзеге асырылады?

Студенттердің білімін бақылау және бағалау баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Баллдық-рейтингтік жүйе аралық және қорытынды аттестацияны өткізуді көздейді. Баллдық-рейтингтік жүйеге сәйкес баллдың 60%-ы ағымдық бақылауға 40%-ы аралық аттестацияға бөлінеді. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (А, А- - «өте жақсы», В+, В, В- «жақсы», С+, С, С-, Д+, Д, «қанағаттанарлық», F – «қанағаттанарлықсыз» баға).

ТарМПИ-да ағымдық бақылаудың төменгі мәні-53 балл (100 балдық шкала бойынша), аралық аттестацияның төменгі мәні-37 балл (100 балдық шкала бойынша) болып белгіленген.

Ағымдық және межелік бақылаулар бойынша 53-тен төмен балл жинаған студенттер аралық аттестацияны тапсыруға жіберілмейді.

Аралық аттестациядан 37-тен төмен балл жинап, «Ғ» бағасын алған студенттерге ағымдық және межелік бақылаулар бойынша жинаған баллдарына қарамастан, «қанағаттанарлықсыз» бағасы («Ғ») қойылады.

Академиялық қарыздарын жою ақылы түрде жазғы семестрде өткізіледі.

Аралық аттестация емтихан түрінде жүзеге асырылады. Емтихандар жазбаша, ауызша және тест түрінде өткізіледі.

Емтиханға келгенде студенттің өзімен бірге емтихан сесиясын тапсыруға жіберілгені туралы деканаттың мөрі басылған сынақ кітапшасы болуы керек.

Ағымдық бақылау және аралық аттестация нәтижелері емтихан тізбесіне енгізіледі.

Студенттерге емтихан нәтижесі бақылау жүргізілген күні хабарланады.

Білім алушының емтихандағы үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтінгтік жүйесі бойынша бағаланады. А, А- - «өте жақсы», В+, В, В- «жақсы», С+, С, С-, Д, Д-, «қанағаттанарлық» ведомостқа және білім алушының сынақ кітапшасына, транскриптке қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» F –бағасы тек қана емтихан ведомостіне қойылады.

Оң бағаны жоғарлату мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Егер студент емтиханға келмеген жағдайда, онда емтихан тізбесіне оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген белгі қойылады. Егер емтиханға белгілі себептермен келмесе, онда деканат емтиханды жеке мерзімде тапсыру туралы шешім қабылдайды.

Студент аралық бақылаудың нәтижесімен келіспесе, емтихан тапсырған күні апелляцияға беруге құқылы.


Жазғы семестр

Жазғы семестр ақылы негізде академиялық қарыздарды, оқу бағдарламаларындағы академиялық айырмашылықтарды, сонымен қатар жеделдетілген түрде және қосымша оқу үшін ұйымдастырылады.

Жазғы семестрдің ұзақтығы институт оқу үрдісінің академиялық күнтізбесімен анықталып, 6 аптаны құрайды.

Жазғы семестр білім беру қызметінің келесі түрлерін жүзеге асыруды көздейді:

- мамандықтың жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес оқу сабақтарының барлық түрлерін қамтамасыз ету;

- білім алушыларға консультация беру;

- студенттің кәсіби ой-өрісін кеңейту мақсатымен институттың мамандықтары бойынша оқытылатын кез-келген оқу курстарын игеруі.
Жазғы семестрді өту үшін келесі студенттер қалдырылады:


  • рейтинг-бақылау нәтижелері бойынша емтиханға жіберілмеген білімгерлер;

  • аралық бақылауды «қанағаттанарлықсыз» бағасын алғандар;

  • өткен академиялық кезеңдерде академиялық қарыздары бар білім алушылар;

  • қайта қабылдау, басқа жоғары оқу орнынан ауысу және академиялық демалыстан шығу кезінде академиялық айырмашылықтары бар білім алушылар.

Студенттер жазғы семестрді ақылы негізде оқиды.

Жазғы семестрде қосымша курстарды өту құқығы келесі талаптарды орындаған, үлгеруші студенттерге беріледі:

  • студент келесі курсқа академиялық қарызсыз көшірілуі керек;

  • топ рентабельді болу керек, яғни кем дегенде 5 адамнан тұруы тиіс;

  • қосымша оқу курстарының саны білімгердің жылдық GPA деңгейімен анықталуы тиіс. «В және жоғары» деңгейдегі GPA 4 қосымша курстарды (8 кредиттен аспауы керек); «В -» деңгейдегі GPA 3 қосымша курстарды (6 кредиттен аспауы керек); «С» деңгейдегі GPA 2 қосымша курстарды (4 кредиттен аспауы керек) тыңдауға құқық береді.

Жазғы семестрді рәсімдеу регламентке сәйкес жүзеге асырылады:

  • студент жазғы семестр сессиясының басталуына дейін Тіркеуші офисіне жазғы семестрге қатысу ниеті туралы дәлелді өтінішін тапсырады;

  • тіркеуші офисі мәселе оң шешілген жағдайда, жазғы семестрдің сабақ кестесін құрастырады және оны оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректормен бекітеді. Сабақ кестесі жазғы семестрге қатысатын оқытушылардың жұмыс бастылығын есепке ала отырып құрастырылады;

  • мамандықтың оқу жоспарынан тыс пәндер бойынша студенттердің білімін қорытынды бағалауды жазғы семестр кезеңінде дәріс оқыған оқытушы жүзеге асырады.

Жазғы семестр кезеңінде игерілген мамандықтың оқу жоспарындағы пәндер бойынша емтихан нәтижелері келесі оқу жылының GPA құрайды.

Өту баллы (GPA) төмен болған, жазғы семестр мен аралық бақылау нәтижелері «қанағаттанарлықсыз» болған жағдайда білім алушыға қайта оқу құқығы беріледі.

Жазғы семестр нәтижесі бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған немесе өту GPA-ын жинамаған студент мемлекеттік білім грантынан айрылады.

Қайта оқу тек қана ақылы негізде жүзеге асырылады.

Өз еркімен оқудан шыққан студент қайта оқудан бас тарта алады. Бұл жағдайда студент институт ректорының атына өз еркімен оқудан шығару туралы өтініш жазады.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Құрметті студенттер! Республикамыздың болашағы - сіздердің қолдарыңызда. Болашақ мектептің қандай болатындығы Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен жұмыс істеу құштарлығыңызға байланысты. Сондықтан Сіз өз міндетіңізді толық білуіңіз керек.



ТарМПИ студенттерінің құқығы:

  • ҚР «Жалпы әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес күндізгі бөлімде оқитын студенттерді әскер қатарына шақыруды кейінге қалдыруға.

  • факультет кеңесі мүшелігіне студенттерді ұсынуға;

  • өз тобының өміріндегі мәселелер бойынша әкімшілік және қоғамдық ұйымдарға ұсыныс жасауға;

  • арнайы шәкіртақы тағайындауға кандидаттар ұсынуға.

ТарМПИ студенті міндетті:

  • өзі таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімді, практикалық дағдыны және зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін игеруге;

  • өзі таңдаған мамандығы бойынша белгіленген уақытта оқу жоспарын орындауға;

  • оқу сабақтарына қатысуға және белгіленген уақытта оқу жоспары мен бағдарламада қарастырылған тапсырмалардың барлығын орындауға;

  • өзінің практикалық дайындығын жақсарту үшін еңбек етуге, өз мамандығының бейімі бойынша жұмысшы мамандығын игеруге, кәсіби практикалардың тапсырмалары мен бағдарламаларын орындауға;

  • болашақ маман ретінде студенттің дайындық сапасын көтеруге ықпал ететін кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына, студенттердің ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысына, олимпиадаларға, ғылыми-техникалық конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуға;

  • өз мәдени дәрежесін көтерумен айналысуға, Қазақстан Республикасы мен өз қаласының тарихын, әлем және отандық мәдениетті, халықтың салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін, этика мен эстетиканы оқуға.


«СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ» ТҰРАТЫН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Білімгерлер үйінде тұратын білім алушыларға сабаққа дайындалуға, демалуға, мәдени-тәрбие және көпшілік спорт жұмыстарына қажетті барлық жағдай жасалған.



Студенттер үйінде тұратындардың құқығы:

  • Студенттер үйінің оқу және мәдени-тұрмыс бөлмелерін, құрал-жабдықтарды, мүліктерді пайдалануға;

  • өз уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізуі немесе құрал-жабдықтарды, мүлікті, төсек-орынды ауыстыруды, тұрмыстық қамтамасыз етудегі ақауларды жоюды талап етуге;

  • «Студенттер үйінің» студенттер кеңесін сайлауға және оның құрамына өзін сайлауға;

  • «Студенттер үйінде» тұратындардың тұрғын үй-тұрмыс жағдайын тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыруды, жатын бөлмелерді безендендіруді жетілдіру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін білімгерлер Кеңесіне қатысуға;

Студенттер үйінде тұратындардың міндеттері:

  • Студенттер үйінің ішкі тәртібін, электр приборларын қолдануда техника қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтауға, электр энергиясы мен суды үнемді пайдалануға;

  • ЖОО-ң меншігіне ұқыпты қарауға, жатын және қоғамдық тұтыну бөлмелерінде тазалық сақтауға, жатын бөлмелерді күн сайын тазалауға;

  • Студенттер үйінде төсек-орынды пайдаланғаны және ақылы түрдегі басқа қызмет көрсету түрлері үшін төленетін ақыны өз уақытында төлеуге.

Студенттер үйінен шығару келесі жағдайда жүргізіледі:

  • академиялық үлгермеуіне немесе ЖОО бітіргеніне байланысты институттан шығарылған жағдайда;

  • Білімгерлер үйінде тұру ішкі тәртібінің ережелерін бұзған жағдайда.


ЕГЕР СІЗ САБАҚҚА ҚАТЫСА АЛМАЙ ҚАЛСАҢЫЗ НЕ ІСТЕУІҢІЗ КЕРЕК?

Егер Сіз сабақтан белгілі себептермен қалсаңыз, онда келесі күні бұл туралы факультет деканына хабарлауыңыз керек. Институтқа бірінші келген күні сабақтан қалу себебіңізді анықтайтын мәлімет беруіңіз қажет.

Егер Сіз ауырып қалсаңыз, ауырғаннан кейінгі үш күннің ішінде №3 студенттер емханасынан анықтама алып, факультет деканына өткізуіңіз қажет.
ЕГЕР СІЗДЕ ҚАНДАЙ-ДА БІР МӘСЕЛЕ ТУЫНДАСА, ОНДА СІЗ БАРА АЛАСЫЗ:

Тәлімгеріңізге деканға деканның оқу жұмысы мен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына проректорларға РЕКТОРҒА


СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУДАН ШЫҒАРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ

Студенттерді оқудан шығару процедурасы институт ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Студенттерді оқудан шығару себептері төмендегідей болуы мүмкін:

- студенттің өз еркі бойынша;

- студенттің оқу ақысы туралы келісім- шарттарының орындалмауы;

- студенттің бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысуы;

- жоғары оқу орнының Жарғысын орындамау (соның ішінде, тәртіп пен студенттің моральдық кодексін бұзу).

Жоғары оқу орнынан шығарылған студентке белгіленген үлгідегі академиялық анықтама (транскрипт) беріледі.



ТарМПИ-дағы ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Педагогикалық жоғары оқу орнында тәрбие жұмысы ең маңызды орын алады, себебі мұнда болашақ мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер дайындалады.

ЖОО-дағы тәрбие жұмысының басты мақсаты - жалпыадамдық құндылықтарды құрайтын қоғамдық-мәдени акты ретіндегі сабақтан тыс уақытты алғанда оқу пәндеріне, оқу уақытына деген қатынасы ғана емес, тұлғаның өзі таңдап алған кәсібіне деген қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Егер Сіз белсенді болсаңыз, әлемді танығыңыз келсе, адамдарды көріп, өзіңізді көрсеткіңіз келсе, онда Сіздің орныңыз ТарМПИ-да, себебі осы жерде

көркемөнерпаздар шығармашылығына жаппай қатысуға барлық жағдай мен мүмкіндік жасалған. Сіз өз мүмкіндігіңізді тек қана ТарМПИ-да іске асыра аласыз. Сол себептен сіз үшін студенттік өміріңіз ең бақытты кезең болады: әр түрлі ән мен би конкурстарына қатыса аласыз, қалалық және республикалық (КВН) фестивальдарға бара аласыз. КТК командасының мүшесі бола отырып, Сіз республиканың көптеген қалаларындағы ойындарға барасыз. Мүмкін, Сіз спортты ұнататын шығарсыз? Өте тамаша. Бізде керемет спорт кешендері, тамаша жаттықтырушылар бар, олар Сізге өзіңізді спорт әлемінде көрсетуіңізге көмектеседі.

Тамаша билеуге, кәсіби ән айтуға, сахнада өзіңізді еркін ұстауға, керек десеңіз, бүкіл республикаға әйгілі болуға Сізге қосымша педагогикалық мамандық факультеті көмектеседі.


ЕГЕР СІЗ ҚОСЫМША БІЛІМ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, ОНДА ТарМПИ-ның ҚОСЫМША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ СІЗДІҢ ҚҰЗЫРЫҢЫЗДА

Қосымша педагогикалық білім факультеті институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен 2005 жылдың 29 тамызында құрылған.

Қосымша педагогикалық білім факультеті - ЖОО-ның мәдени-көпшілік және тәрбие жұмысының орталығы. Факультет мектептерде жұмыс істеуге мәдени-көпшілік, спорттық, қоғамдық-саяси және тәрбиеші кадрларды дайындайды.

Қосымша педагогикалық білім факультеті бөлімдер мен секциялар, бағыттар (жеке, топ және практикалық сабақ түрінде) бойынша жұмыстар ұйымдастырады.


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН БІТІРУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАР

Оқытудың барлық кезеңінде оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған және қорытындысында 3,5-тен төмен емес үлгерімінің орта баллын алған (ҮОБ), сондай-ақ бітіру жұмысын жұмысы мен мемлекеттік емтиханды «А» немесе «А-» бағаларына қорғаған және тапсырған жоғары оқу орнының бітірушісіне үздік диплом беріледі (әскери дайындықтың бағасын есептемегенде).

Диплом қосымшасына (транскрипт) оқу жоспарындағы пәндер, теориялық курста алған бағалар, практикалық пәндер, курстық жұмыстар, оқу және өндірістік тәжірибелер бойынша тапсырылған сынақтар, бітіру (диплом) жұмысының тақырыбы, мемлекеттік емтихандардың және диплом жұмысын қорғаудың бағалары қойылады.

Келісу парағы


Қызметі

Аты-жөні, тегі

Қолы

Мерзімі

Келісілді:

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Амандосова Р.С.







Оқу-әдістемелік

басқармасының бастығы



Дубский Ю.В.







Әзірленді:

Тіркеуші офисінің бастығы


Алимбаева С.Қ.







Тіркеу секторының меңгерушісі

Абдрасилова Д.С.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет