Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тарих факультетінің «жалпы тарих» кафедрасы Тақырыбы: Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері


Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стратегиялары



бет6/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.98 Mb.
#22275
1   2   3   4   5   6   7

3.3. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стратегиялары.
Ғасыр соңында қауіпсіздіктің бүкіл халықаралық жүйесінің тас-талқаны шығуға шақ қалды. Соғыста жеңіп шығу бейбітшілікке қол жеткізуден жеңілірек деседі. Ұлттық егемендіктің мызғымастығы принциптеріне арқа сүйейтін халықаралық құқыққа негізделіп құрылған бейбітшілік «сыр бере» бастады. Таяудағы тарихтың «адамды адастырып жіберетін сипаты бізді өзіміздің қауіпсіздігіміздің мәселесіне айрықша ықылас қоюға мәжбүр етуде.2

2003 жыл 14 мамырда Мәскеуде өткен «Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы. ХХІ ғасырда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және лаңкестік қатерлерге қарсы тұру проблемалары» атты конференцияда профессор Марат Тәжин былай деп еді: «Әлемді экономикалық тұрғыда қайта құру өзінің бергі бетінде ғана әскери қимылдар арқылы көрініс береді. Мәселенің мәнісі мыныда: Ұлттық мүдделер барған сайын қалыпты саяси-әкімшілік шекаралармен емес, көбінесе экономикалық кеңістіктерде бой көрсете бастады.




1Т. Жумагулов. Новая фаза в СВМДА. //Континент. № 3 2003. С. 39

2Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан 1999.

Әлемдегі түрлі мемлекеттердің өзінің әкімшілік шекарасынан мыңдаған шақырым қашық жатқан жерлерде экономикалық және саяси мүдделерінің болуында, бүгінгі таңда таңқаларлық ештеңе жоқ. Бұл, осы заманғы қауіпсіздік жүйесінің ақиқаты. Дағдылы ұғымның астарында мығым экономикалық жоба жатпаса, ерте ме кеш пе сағымға айналарына дау жоқ. Қауіпсіздіктің мәні өзгерген соң, қатерлердің де сипаты өзгерді. Біз әдетте лаңкестік, есірткі, экология, ұлтаралық қылмыстарды негізгі қатер деп атаймыз. Бұлар көзге ұрып тұрған мәселелер. Соңғы жылдары әлемде қаншама атышулы оқиғалар болып жатса да, олар бір ғана өктем фактті жоққа шығара алмайды. Болып жатқан барлық үрдістердің басты мазмұны жекелеген мемлекеттердің жаһандық молығу үрдісінің ең маңызды буындарында өздерінің стратегиялық ұлттық мүдделерін ілгерілетуге өкілеттік берген ұлтаралық корпорациялардың бір бөлігінің экономикалық мүдделерін қорғауына саяды. Қауіпсіздікті пайымдаудың нақ осындай дамыған және нақтылы жаһандық ахуалға сай келетін жолы уақыт өте келе Еуразиялық кеңістіктегі де барлық іс жүзіндегі қимыл-қарекеттің негізіне айнала алады»1.

Американың Гарвард Университетінің профессоры, саясаткер-ғалым Борис Румердің жақында шыққан «Центральная Азия: надвигающийся шторм?» атты еңбегінде – «Орталық Азиядағы геосаяси ахуал ішкі екі ойыншы (Қазақстан және Өзбекстан) және сыртқы үш ойыншыға (АҚШ, Ресей, Қытай) байланысты болады» дейді. Қытай мен Қазақстанның ара қатынасын автор «достастық артындағы егесу» деп атапты. Ресеймен қатынасына «бірге де емес, бөлек те емес» деп баға берсе, ал АҚШ-пен қарым-қатынасын «бірде жоғары, бірде төмен» деп бағалайды екен. Румердің пікірінше И.Каримовтың басты мақсаты: біріншіден, исламдық радикалдық күштерден болатын қауіпті жою; екіншісі, Орталық Азияда өз лидерлігін орнату. Қазақстанға байланысты айтқанда – Румер – «жақындап келе жатқан террористік дауылдан аман» екендігін айтады, алайда 11 қыркүйек оқиғасынан соң, әлдеқандай қауіп-қатерлердің пайда болғандығын айтады2.

Таяудағы тарихи болашақта әлемге жетекшілік етуге талпынатын «үлкен үштіктің» пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге осы елдердің арасында елеулі қарама-қайшылықтардың да болатыны сөзсіз. Бұған қоса аталған үш елдің екеуі Қазақстанның жақын көршілірі болып табылатынын да естен шығармаған абзал. Тепе-теңдік кенеттен өзгеруін болдырмауға және әлемдік тұрақтылықты сақтауға «үлкен үштіктің» объективті түрде мүдделілігіне байланысты үш держава арасындағы бақталастық ғаламдық деңгейдегі ынтымақтастықпен қатар жүруі мүмкін деп есептеуге толық негіз бар3.




1Профессор Марат Тәжиннің баяндамасы. //Егемен Қазақстан. 17 мамыр 2003.

2С. Муташев. Надвигающийся шторм в Центральной Азии. //Континент. № 20 2002. С. 49

3Қ. Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – А., 2002. 25 б.

Ғаламдық энергетика дағдарысы мен экстремистік әрекеттердің күрт өршуі – бүгінде Орталық Азия аймағына халықаралық ден қоюшылықтың арта түсуін айқындайтын негізгі екі фактор болып табылады. Американ геостратегтерінің тұжырымдамасы бойынша: «Барынша ішкі тұрақтылығымен, соқталы экономикалық әлеуетімен және орасан минералдық қоймасымен, дәл осы секілді аймақтағы айтарлықтай елеулі ықпалымен ерекшеленетін Қазақстан Орталық Азияға өтудің өзіндік бір кілті рөлін атқарады»1.

Қазақстан минералды шикізат қорларына бай ел. Дүниежүзінің 170 елі тау-кен өнеркәсібі шикізатының 55 түрін өндіріп жүрген болса, Қазақстанда соның 39 бар. Қазақстан шикізат қоры жөнінен Ресей, Қытай, Австралия, АҚШ және Бразилиядан кейінгі 6 орында. Отын-энергетикада – мұнай, газ, уран; қара металдан – темір, марганец, хром; түсті металдан – қорғасын, мырыш, мыс, алюминий; қымбат металдан – алтын мен күміске бай мемлекет. Каспийдің мұнай қоры шамамен 30 миллиард тонна болса, соның 40% - Қазақстанға тиесілі. Газ қоры 2,2 триллион шаршы метр2.

Біздің елдер үшін мұнай-газ әлемдік экономика мен саясатқа араласуға берілген жолдама десе де болғандай. Сонымен бірге Каспий мұнайы аймақ елдерінің зор игілігі ғана емес, бас ауруы да. Сондықтан сыртқы әсер етуші державалардың ара қатынасын тең ұстап, көпвекторлы ашық саясат жүргізу заман талабы. Интеграция алдымен Орталық Азия елдері арасында жүргізілуі керек. Одан кейінгі басты мақсат – Ресеймен стратегиялық серіктес болу. Оны ЕурАзЭҚ көлемінде жүзеге асырған тиімді. Сосын Қытаймен де жақсы қарым-қатынас орнату ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі. Қытайдың кері ықпалы – демографияға, экономикаға және саәси бағытымызға өз әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ Қытай ықпалының жақсы арнаға бұрылуы да әбден мүмкін. Ол еліміздің сыртқы саясатына байланысты. Келесі мәселе – АҚШ. Бүгінгі әлемдік экономика мен саясатқа сөзсіз ықпал ете алатын жалғыз супердержава экономикамыздың негізгі инвесторы. Қысқасы ұстанып келе жатқан көпвекторлы саясатымыз жалғасын таба бермек3.

Бірөрісті аймақтық парадигма енді көпөрістілікке ауысты. Орталық Азияны өздерінің ықпал аймағына айналдыруға мүдделі елдер ретінде бүгінде АҚШ, Ресей, Қытай сондай-ақ Туркия, «Ислам әлемі» елдері, Еуро Одақ және Үндістан аталады. Және де мемлекеттік емес ойыншылардың – транұлтты корпорациялар мен халықаралық лаңкестік ұйымдардың да өз мүддесі бар. Орталық Азияның басты сенгені – геосаясаттағы әлеуетті және транзиттік, энергетикалық магистралдық есебінен «ашық» өңірге айналу мүмкіндігі, әрине ол іске асқан жағдайда аймақтың кемшілігі оның артықшылығы болып шыға келуі мүмкін4.
1А.Джилавян. Казахстанский ключ Центральной Азии..//Независимая газета. 14 апреля 2001.

2Ә.Құланбай. Қазақстан бұрын шикізат қоры саналып келді.//Егемен Қазақстан. Қазан 2001.

3М.Ашимбаев. С кем и за кого нам надо дружить.//А и Ф Казахстан. № 12 2003.

4Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. – А.,2003. 188 б.

Қазіргі Қазақстанға ықтималдығы басым қауіп-қатер мыналар:



  • Халықаралық экстремистердің, террористік ұйымдардың, есірткі бизнесінің Орталық Азияға орнығу қаупі.

  • Орталық Азияға жақын жердегі бірқатар ашық ошақтар – Ауғанстан және Ирактағы тұрақсыздық, Үнді – Пакистан қарама-қайшылығы және ықтималдығы басым, қаупі ашық Каспийдегі тұрақсызыдық жағдайының болуы.

  • Оның үстіне дүниежүзілік және аймақтық орталықтардың геосаяси мүдделерінің қабыспауы, географиялық жіктелістердің мүмкін екендігі және алып құрылымдар, аймақтық әскери-саяси одақтарға қатысушы елдердің геосаяси мүдделердің үйлеспеуі мен дүниежүзілік қаруланудың қайта өршуі болып отыр.

Соңғысы тікелей соғыс ретінде күллі адамзатқа қауіп төндірері сөзсіз. 1995 жыл 8 маусымда Женевада Қарусыздану жөніндегі Конференцияда Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қарусыздану процесінің жемісті болуы – біздің оқтұмсықтар мен зымыран ұшырғыштарды, танкілер мен зеңбіректерді қанша пайызға қысқартқанымызбен ғана өлшенбейді, сондай-ақ ол қарапайым адамдардың әл-ауқатының жақсаруымен де бағаланады. Қару-жарақтың саны қысқарған жерде емес, балаларын дүниеге әкелген аналар олардың болашағы үшін алаңдамайтын жерде шынайы қауіпсіздік орнайды»1.Егер елімізді халықаралық қауымдстықтың субъектісі ретінде қауіпсіздіктің: азаматтардың қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттік жүйенің қауіпсіздігі сияқты үш діңгегін нық ұстар қауқары бар ел деп таныр болсақ, осының әсіресе соңғысына – мемлекеттік жүйенің қауіпсіздігіне – ерекше мән берген жөн. Өйткені қоғам өмірінің қауіпсіздігінде басқару мен билік институттарының рөлі ұшан-теңіз. БҰҰ-ның жіктеуі бойынша мемлекет жүйесіндегі адамның қауііпсіздігіне қатысты негізгі факторлар төмендегідей:

  • Экономикалық қауіпсіздік;

  • Азық-түлікпен қамтудың қауіпсіздігі;

  • Денсаулықтың қауіпсіздігі;

  • Экологиялық қауіпсіздік;

  • Жеке бастың қауіпсіздігі;

  • Қоғамдық қауіпсіздік;

  • Саяси қауіпсіздік2.

Ұлттық қауіпсіздіктің міндеті елдің негізгі, өмірлік аса маңызды мүдделері – ұлттық дербестікті, аумақтық тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмірін қамтамасыз ететін жүйе ретінде танылады: ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің өзі де жоқ.
1Н.Назарбаев. Бейбітшілік кіндігі. – Аст.,2001. 304 б.

2Е.Қуандықов. ғаламдық гуманитарлық түйіндер және Қазақстандық мүдделер.//Ақиқат. № 6 2002. 29 б.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың 2000 жыл қазанда «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық» деген Ел халқына Жолдауында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бүгінгі кезеңіндегі атқарылар жұмыстары Қазақстан Президентінің тапсырмасымен жасалған Ұлттық қауіпсіздіктің 1999-2000 жылдарға жасалған стратегиясы негізінде құрылды. Аталмыш құжаттың қабылдануына мынадай маңызды мәселелер негіз болды:



  • Еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар тәжірибесін «Қазақстан – 2030» стратегиясының басым бағыттарының негізгі ережелеріне сәйкестендіріліп, нақтылай түсу қажет болды.

  • Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі стратегиялық құжаттардың көкейкестілігі аймақтағы жағдайдың күрделене түсуімен де тікелей байланыстырылады.

  • Әлем қауіпсіздіктің жаңа, кең көлемді көріністерімен бетпе-бет қалып отырған жағдайда Қазақстанға да өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа тетіктер қарастыру міндеті пайда болды.

Ұлттық қауіпсіздікке қатердің бірқатары терроризм, экстремизм, есірткі саудасы және қару-жарақтың заңсыз айналымына мемлекеттік шекараны тарс жауып тастап ғана қарсы тұруға болмайтынын айғақтай түсті. Бұл кері көріністердің тамыры экономикалық және әлеуметтік саяси салаларда жасырынып жатыр. Сондықтан олармен күресте әскери әлеуметпен күш қолдану әдісі жеткілікті түрде тиімділік бермеуі де мүмкін. Аталған қауіпсіздік стратегиясында қауіп-қатердің алдын алудың аса маңызды алты бағыты қарастырылған. Олар: сыртқы, әскери, экономикалық, әлеуметтік-саяси, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздіктерді қамтиды. Осыған байланысты 2000 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы қабылданды.

Қазақстанның бірінші Әскери доктринасы 1993 жылы қабылданды. Ол бойынша мемлекеттің қарулы күштері құрылып, әскери-саяси қауіпсіздігі қамтамасыз етілген еді. Уақыт бір орнында тұрмайды, сондықтан жаңа әскери доктрина қабылдау керек болды. Жаңа әскери доктринаны қабылдау қажеттілігі мына жәйттерден туындады:



  • Соңғы жылдар бедеріндегі Әскери құрылыстағы, әскери іс-қимылдардың әдіс-тәсілдеріндегі өзгерістер ескерілуі қажет болды. Жаңа әскери технологияларға байланысты жаңа Қарулы Күштерін қалыптастыру да қаперге алынды.

  • Әлемде болып жатқан геосаяси тұрғыдағы түбегейлі өзгерістерді ескерудің де маңызы зор еді. Екі әскери-саяси блоктың қырғи-қабақ соғысы тоқтаған соң шағын жанжалдар өршіп отыр. Жанжалды аймақтардың елімізге жақын орналасуы да қауіп бұлтын қоюлата түседі. Қырып-жою қарулары бар елдердің саны да көбейіп барады.

  • Мемлекеттің әскери ұйымын жаңа нарықтық жағдайларға бейімдеу міндеті өткір тұр. Ал алғашқы Әскери доктрина жаңа экономикалық жағдай қалыптасып үлгермеген өтпелі кезеңде пайда болған еді. Жалпылай алғанда, әскери доктрина партизандарға қарсы, тауда, шөлде ұрыс жүргізу тактикасына үйренген, ықшам болғанымен, дайындығы жоғары деңгейдегі армия құруға бағытталған.

2000 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Әскери реформасының Тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат мынадай өзгерістер алып келді:

  • Қазақстандағы әскери басқару жүйесін өзгеріске түскен, геосаясаттық, ішкі сасаттық шарттарға сәйкестендірді.

  • Еліміздің әскери жанжалдарға кірісе қалған жағдайларда мобилизация механизмін нарықтық қатынастарға үйлестіріп құру.

  • Мемлекеттің әскери ұйымының негізгі құрылымдарының – Қарулы Күштердің ұйымдық-штаттық құрылымын, оларды орналастыру, әскери жабдықтауды және әскери кадрларды даярлау принциптерін өзгертті.

  • Әскери қызмет абыройының төмендеу тенденциясын оңалта отырып, әскери қызметшілердің әлеуметтік проблемаларын шешуге басты назар аударылды1.

Осылайша, Қазақстан Қарулы Күштерін сенімді құралға айналдыру көзделіп отыр. Президентіміздің 2000 жылы 25 қазандағы Ел халқына жолдауында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы төрт басты бағытты айқындап берді:

  • Аймақтық қауіпсіздіктің нақты жүйесін құру. Онда ҰҚК мен ШЫҰ арқылы аймақ қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылады.

  • Қазіргі заманғы мықты армия құруға бағытталған әскери реформа жүргізу. Осы бойынша жыл сайын ішкі жалпы өнімнің бір пайызынан кем емес қаржы Қорғаныс министрлігінің қажетіне жұмсалуда.

  • Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту.

  • Еліміздің экономикалық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру. Президенттің тапсырмасымен Стратегиялық жоспарлау агенттігі мен Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік стратегиясының жобасын жасады2.

Бұның бәрі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің төрт негізгі – құрылымдық, технологиялық, институционалдық және қаржылық элементтерін бөліп алып қарастыруға мүмкіндік берді. Сол кездегі, қазіргі де сыртқы қауіпсіздіктің басымдығы терроризм мен экстремизмнің таралуынан болып отыр. Бүтіндей алғанда елімізде осындай қатерлерге қарсы бағытталған шаралар мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1М.Тәжин. Уақыт талабына оң жауап таба білу қажет.//Егемен Қазақстан. 24 қараша 2000.

2Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.//Егемен Қазақстан. 26 қазан 2000.

  • Мемлекеттік шекараны шұғыл жабу жөніндегі шаралары жүзеге асырылды. Осылайша, шекараның оңтүстік учаскесінде ҰҚК Шекара қызметінің қосымша бөлімдері мен бөлімшелері, екі шекара отряды орналастырылып, оннан астам жаңа тексеру-өткізу пункттері, сондай-ақ қосымша блок бекеттер қойылды.

  • Құқық қорғау органдарының шұғыл іздестіру қызметі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың экстремизм мен терроризмнің көріністеріне қарсы күрестегі алдын-алу шаралары күшейтілді. Осы мақсаттар үшін ҰҚК-ның Оңтүстік облыстардағы аймақтық органдары нығайтылды. ІІМ-де арнаулы антитеррорлық бөлімшелер құрылды, шекаралық аудандарда Көші-қон және Жол полициясы күшейтілді. Құқық қорғау органдары заңсыз сақталған отты қаруларды тәркілу, олардың жасырын айналымдарының алдын алу жөнінде операциялар өткізілді. Оның сыртында Қазақстанда тіркелмеген діни қауымдастықтардың, секталардың, діни оқу орындарының заңсыз қызметтерінің алдын алу жөнінде кешенді құқықтық және шұғыл іс-шаралар жүзеге асырылды. Соңғы уақыттарда заңсыз іс-әрекет жасаған бірқатар діни әрекеттер байқалды. Кейбір бірлестіктердің қызметі белгіленген заңға сәйкес тоқтатылды. Сонымен бірге мемлекет пен діни бірлестіктің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет жанындағы консультативтік кеңесші органы ретінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрылды.

  • Төлқұжаттық және визалық бақылауды, сондай-ақ халықаралық қатынастардағы көліктің барлық түрлерін бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылданды. Жасырын миграция деректері бойынша шетелдің 1500 азаматы Қазақтаннан сыртқа шығарылып жіберілді. Туристік фирмалар мен көші-қон жүргіндерін реттеу қолға алынды. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасындағы терроризмге және экстремизм мен сепаратизмге қарсы күрестің 2001-2003 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді1.

1998 жыл 26 маусымда «Ұлттық Қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін 13 жағдай атап көрсетілген:

    • Заңгерлік пен құқық қорғау саласындағы әлсіздік, қылмыстың ұйымдасқан түрінің өсуі, Мемлекеттік органдардың қылмыстық топтармен байланысы, лауазым иелерінің қаржылық, қару-жарақ пен есірткі заттарының заңсыз айналымына қамқорлық көрсетуі, сол арқылы ел азаматтарының құқық бостандықтарына зиян жетуі;

    • Конституциялық құрылысты заңсыз әрекеттер арқылы бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен территория бүтіндігіне зиян келтіретін әрекеттер;


1М.Тәжин. Уақыт талабына оң жауап таба білу қажет.//Егемен Қазақстан. 24 қараша 2000.

    • Мемлекеттің қорғаныс қабілетінің артуы, шекара бейтараптығына қауіп төну және басқа бір елдің агрессиясы;

    • Қазақстан мемлекетіне қарсы террордық, диверсиялық, тыңшылық іс-әрекеттер жасау мен шетелдердің арнайы құпия қызметтері, жеке тұлғалар тарапынан төнетін қауіп;

    • Елде басқарудың тұрақсыздануы мен мемлекеттік органдардың қызметінің бұзылуы;

    • Саяси экстремизмнің әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни және рулық араздықты туғызуы;

    • Саяси-әлеуметтік жағдайдың ушығуы, ұлтаралық, дінаралық қайшылықтар мен жаппай берекетсіздік, заңсыз шерулер мен қарсылық акциялары;

    • Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылмаған әскери құрылымдардың түзілуі;

    • Экологияның төмендеуі, табиғи апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар, сондай-ақ әртүрлі эпидемиялар;

    • Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің нашарлауы, шеттен бақылаусыз қаржы мен инвестицияның ағылуы;

    • Демографиялық жағдайдың кері кетуі, туудың азайып, өлімнің артуы, бақылаусыз миграцияның өсуі;

    • Елдің білім деңгейі мен интеллектуалды қабілетінің төмендеуі;

    • Елдің ұлттық мүдделерін қорғауға арналған нормативтік құжаттардың жоқтығы мен жетімсіздігі1.

Қауіпсіздікке арналған шаралардың бірі 2000 жыл 16 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Есірткі саудасы және нашақорлықпен күрес Стратегиясы туралы» Жарлығы болды. Ол 2001-2005 жылдарға арналып, үш кезеңге бөлінді: 1 кезең – 2001 жыл; 2 кезең – 2002-2003 жылдар; 3 кезең – 2004-2005 жылдарды қамтиды. Бұлардан басқа 2000 жыл 28 сәуірдегі «Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның терроризммен, экстремизммен, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыспен және Жақтардың қауіпсіздігіне қатер тудыратын басқа да қауіп-қатерлермен күрес туралы» Келісім бойынша әрекет етеді2.

2001 жыл 16 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі өтіп, онда маңызды бес мәселе қарастырылды:



  • Қазақстан Републикасының 1999-2005 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жоспарын жүзеге асыру шаралары жөніндегі 2000 жылдың қорытындысы тыңдалды;

1«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы. – А.,1998. 5 бабы.

2А.Косиченко. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. – А.,2002. С.119-122

  • Қазақстан Републикасы Сыртқы саясат тұжырымдамасы жобасының жаңа редакциясы қаралды. Сыртқы саясатта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқа елдермен ынтымақтастықты тереңдету және Қазақстан халқының халықаралық аренадағы беделін көтеру;

  • Шекара және кедендік бақылаудың жай-күйі, есірткі айналымының жолын кесу;

  • «Кәсіпорындарды қайта құру және жою жөніндегі агенттік» ААҚ-ның жұмысы қаралды. Бұл барадағы кемшіліктер сараланды;

  • Қарулы Күштердегі реформа жағдайы және Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб арасындағы өкілеттікті шектеу мәселелері қаралды1.

Жақын болашақта Қазақстан дамуының басты бағыттары – тиімді экономика, бейтарап қоғам және ұлттық қауіпсіздік болып қала бермек. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық міндеті шешілмейінше, кез келген экономикалық реформаларын жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің тарихи дамуының жауапты кезеңінде тұр. Сондықтан бүгін біздер үшін уақыттың барлық үн қатуларына, соның ішінде өз қауіпсіздігімізге дәл жауап таба білуіміздің маңызы зор2.

Қазіргі әлемдегі жанжалдар – көп жағдайда түрлі өркениеттердің қақтығысы сипатында түсіндіріліп жүр. Батыстық (христиандық) және Шығыстық (мұсылмандық) өркениеттердің жарастығының және бері қойғанда, олардың өзара үйлесуі жоғары деңгейінің мысалы болып табылатын Қазақстанның Шығыс пен Батыстың дәстүрлі құндылықтарына тең құрметпен қарайтын қоғамның мысалы ретінде жекелеген мемлекеттер мен аймақтар деңгейінде, сондай-ақ ғаламдық деңгейде де кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды көтеруге толық құқығы бар3.

Тек жұтылып кетпей, өз мүмкіндігімізді пайдалана білуіміз керек. Бірақ, әлемде өмір сүргісі келетін жалғыз біз емес. Айналамыз толған бәсеке, бақталастық. Сондықтан да мемлекетіміздің басты мақсаты – саяси да, экономикалық та тұрақтылықты сақтау. Сыртқы саясаттағы бедел – ішкі саясаттғы тұрақтылыққа байланысты. Олай болса, елдікті сақтау ең асыл мұратымыз болсын.

1С.Мұса. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету. //Егемен Қазақстан. 16 наурыз 2001.

2М.Тәжин. Уақыт талабына оң жауап таба білу қажет.//Егемен Қазақстан. 24 қараша 2000.

3Қ.Тоқаев. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – А.,2002. 26 б.

Қорытынды


Бір шындықтың басы ашық, жаңа сапар ретінде жаһандану ақырына дейін түсініксіз болғанымен, бұл процестің бәйгесіне қосылғандардың болашағына айқын кепіл бола алмайтыны, бірақ біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуге қабілетті де, өзгертуге тиіс те құбылыс екені аян. Әзірше белгілі болып отырғаны, жаһандануға «ұйтқы болушылардың» прогресі мен оның ізін қуушылардың немесе былайғы бақылаушылардың арасындағы алшақтап бара жатқан сәйкессіздік барысында, жаһандану дүниежүзілік қауымдастықтың саяси-экономикалық құрылымында белгілі дәрежеде мемлекет рөлінің әлсіреуіне, қоғамдық ойдың бір ізге түсуіне мұрындық болып отыр1.

Қазір аймақтық қақтығыстар мен терроризм жайлы көп айтылып жүр. Бұл қауіптің Орталық Азияны айналып өтпесі және белгілі. Оның таралуы мен шығу себептері әртүрлі түсіндірілгенімен Ортлық Азия елдерінде болуы мүмкін терроризм мен экстремизмнің айрықша қауіпті аймақта орналасқан елдердің саяси жүйесі тұрақтанған, жағдайы бекем елдерге қарағанда транзитті, яғни өтпелі кезеңдегі мемлекеттердің саяси және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру әрекеті әлсіздеу болып отыр. Және де терроризмнің жекелеген сәтті акциялары осындағы жекелеген бір елдегі жағдайды ғана емес, тұтас алғанда аймақтағы бүкіл жағдайды тұрақсыздандырып жіберуге қабілетті. Сондай-ақ аймақта ғана емес, Еуразия кеңістігіндегі «ислам қатері» жөніндегі аңыздың қауіптілігі осы дағдылы қуесетті белсене таратудың ықтималдығында болып отыр. Орталық Еуразияның мойнындағы «өркениетті соғыс құрығын» тарта түсу арқылы ислам және христиан діндерін шекістіру – жаңа ұтымды қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталған барлық іс-қимылдардың тамырына балта шапқандық болар еді. Ислам қатерімен қорқытып, қауіп-қатер бұлтын қоюлату үрдісіне Орталық Азия елдері атсалыспауы керек. Керісінше бұл «қарсылықты» жұмсарту мен болдырмау жолдарын қарастырған жөн. Исламды саясатқа қиыстырудың еш қисыны жоқ. Қазақстан қоғамында татулық пен өзара түсністік ахуалын орнықтыру, ел халқының тұрмыс жағдайын жақсарту тұрғысында жүргізіліп отырған шаралар біздің еліміздің ондай қатерлерге қарсы тұра алатын ішкі рухани және сыртқы материалдық қуатын барған сайын нығайта түсері анық.Қазақта «жақсы ниет жақсы іске жетелейді» деген сөз бар. Ал жақсы іс өз кезегінде бейбіт болашақтың бүгінгі егілген ұрықтары екендігін естен шығармайық. Басты байлық – бірлікте. Біз үшін еңбасты проблема – Кеңестер Одағы құлағаннан кейінгі орасан зор ауқымдағы рыноктан айырылып қалғандығымыз. Осы арқылы маңызды экономикалық тартымдығымыз бен экономикалық тамырымыздан біраз жылдар бойы ажырап қалдық. Бұл салысырмалы тұрақсыздық өз кезегінде әлемдік ірі экономикалық орталықтардың арзан шикізат көлеміне қарай тартылуын күшейтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет