3.7 тақырып Дене тәрбиесі және спорттағы іс-әрекеттің психологиялық сипаттамасы
Іс-әрекет туралы түсінік.Адамның іс-әрекетінің хайуанаттар тіршілігінен айырмашылығы. Іс-әрекеттің түрлері. Іс-әрекет құрылымының компоненттері: мақсатты ұғыну, жоспарлау, іс-әрекетттің жүзеге асуы және ағымдық бақылау, нәтижелерді тексеру, қателерді түзету, орындалған іс-әрекеттерді қорытындылау.
Іс-әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Оқушының оқу әрекеті. Оқушының еңбек әрекеті. Іскерлік пен дағды туралы түсінік. Іскерлік пен дағдылардың пайда болу процесі (оқу және еңбек рекеті үлгісінде). Дағдылардың өзараәрекеті. Жағымды әдеттерді тәрбиелеу және жағымсыз әдеттермен күресу.
3.8 тақырып Дене тәрбиесі және спорттағы спорт командасы мен ұжымның психологиясы
Спорттық ұжым, топ түсінігі және белгілері. Спорттық команданың құрылымы. Командадағы динамикалық процестер.
Қарым-қатынас жақтары. Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Қарым-қатынас тұлғааралық әрекеттесу ретінде. Қарым-қатынас адамдармен араласу, бір-бірін түсіне білу ретінде. Қарым-қатынас түрлері. Балалардың қарым-қатынасының дамуы. Тұлға мен ұжым арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынас барысындағы келіспеушіліктер.
3.9 тақырып Дене және тактикалық даярлықтың психологиялық негіздері
Дене даярлығының психологиялық ерекшеліктері. Тактикалық даярлықтың психологиялық ерекшеліктері. Тактикалық әрекеттер сәттілігінің психологиялық факторы.
3.10 тақырып Темперамент. Жаттықтырушының бала темпераментімен санасуы
Темперамент туралы ұғым. Жүйке жүйесінің типтері жқнінде И.П.Павловтың ілімі. Темпераментінің типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Жаттықтырушының бала темпераментімен оқу-тәрбие жұмысында санасуы.
Практикалық сабақ. Балалардың темперамент типтерін жаттықтырушының ескеруі.
3.11 тақырып Оқытушы, жаттықтырушының жаттығушымен қатынасы және басқару стилі, қызметінің жеке стилі, мінез бітістері
Жаттығушыларға жаттықтырушының басқару стилі. Жаттығушыларға жаттықтырушының басқару стилінің авторитарлық, демократиялық және либералдық стильдері.
Достарыңызбен бөлісу: |