1.14 тақырып Балалардың ойлауын дамыту
Практикалық сабақ.Мектеп оқушыларының математикалық есеп шығаруда ойлау әрекеттері арқылы қойылған талаптарды шешу жолын бақылау, талдау. Оқушылардың мақал мен мысалдардың астарлы мәнін, салыстырмалы мағынасын қалайша түсінетінің анықтауға шағын зерттеу жүргізу.
1.15 тақырып Қиял
Қиял туралы ұғым. Қиялдың физиологиялық негіздері. Адамның іс-әрекетіндегі қиялдың маңызы.
Қиялдың берілуі. Қиялдың түрлері: ерікті және еріксіз қиялдар, қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял. Арман. Балалардың қиялын дамыту.
1.16 тақырып Балалардың қиялын дамыту
Практикалық сабақ.Екі-үш баланың қайта жасау және шығармашылық қиял процесіне талдау жасау және салыстыру (әдебиет мәтініне иллюстрация-сурет және еркін тақырыптағы сурет; сурет бойынша әңгіме құрастыру және белгілі бір тақырыпқа шығарма жазу).
2 бөлім Жас ерекшелік психологиясының негіздері
2.1 тақырып Жас ерекшелік психологиясына кіріспе
Балалық шақтың психологиялық дамуындағы жалпы заңдылықтар. Баланың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырудың тиімді жолдары және өсіп жетілуі үшін оқу-тәрбие жұмыстарының шешуші ықпалы. Баланың дамуындағы қозғаушы күш туралы ұғым. Жас дамуы мен жас ерекшелік психологиясы туралы түсініктер. Жас ерекшеліктері мен даралық ерекшеліктер. Психикалық дамудың бірқалыпты еместігі. Сенситивтік кезең туралы ұғым. Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы және оның психологиялық-педагогикалық салдары.
2.2 тақырыпКіші мектеп жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың жалпы сипаты. Кіші мектеп жасындағылардың денесінің даму ерекшеліктері. Кіші мектеп жасында ьұлғаны қалыптастыру.
Кіші мектеп жасындағылардың оқу әрекетінің сипаты. Оқуға деген қарым-қатынасының өзгеруі. Адамгершілік нормалары мен мінез-құлық нормаларын меңгеру. Ерік пен мінез дамуының ереушеліктері. Кіші мектеп жасындағы балалардың қызығушылықтары мен қабілеттері және оларды дамыту жолдары.
Практикалық сабақ.
Кіші мектеп жасындағы оқушының қатарластарымен қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау бойынша тәжірибе өткізу:
Кіші мектеп оқушысының ұжымдық қарым-қатынасының даму ерекшеліктері.
Кіші мектеп оқушыларының ұжымы және олардың қоғамдық пікірі.
Оқыту мен қоғамдық пікірді қалыптастыру процесінде кіші мектеп оқушысының адамгершілік тәрбиесі..
Бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасына педагогикалық қарым-қатынастың әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |