8 апта
№22 Сабақтың тақырыбы:
XI-XV ғ.ғ. Германия
Сабақтың жоспары:
-
ХІ-ХІІІ ғ.ғ Германия.
-
Штауфен империясы.
-
XIV-XV ғ.ғ Германия.
-
ХІ-ХІІ ғ.ғ Германия.
Теориялық мәліметтер:
XII-XIII ғ.ғ. Германияда ішкі отарлау жұмысы аяќталып, бос жатќан жерлерді өңдеп тиімді пайдалану. Германияда ауылшаруашылығы өсіп өркендеуінен, Батыс Еуропаның басќа ќалаларын секілді, орта ғасырлыќ ќалалардың өркендеу үстінде болды. Рейн басейнінде; Кельн, Кобленс, Майнц, Вормс, Шпейер, Страсбург, Бонн. Дунай бассейнінде; Ульм, Регенсбург, Донауверт және Эльба бассейнінде; Гамбург, Магдебург және басќалары пайда бола бастады. XI ғасырда елде 50-ге жуыќ ќала болса, XIII ғасыр ішінде 500-ге шейін жетті. Германияның XII-XIII жүз жылдыќтарда ќалалыќ ќолөнерінің табыстары өндірістің металл өңдеу, тоќыма және басќа салаларында жаңа ќолөнерлік кәсіптер мен жаңа цехтар пайда болды. Германияның аграрлыќ ќатынастары шаруаларды феодалдыќ ќанаушылыќтың формалары мен әдістерінде өзгерістер енгізді. Барщиналыќ төлемді крепостной шаруалармен тәуелді шаруалар ескі вотчиналыќ төлемді пайдаланды ќала халќының саны өсіп, ауылшаруашылыќ өніміне сұраныс көбейді.
XIII ғасырда басталған Рим империясының ыдыраушылығы XIV ғасырда да жалғаса берді. XIV ғасырдағы Германияның эканомикалық өміріндегі ерекшеліктер қала өмірінің өрлеуімен және қолөнер кәсібі мен сауданың одан әрі өсе беруімен сипатталды.Соныменен Рейн бойындағы үлкен жолдарда орналасқан Кельн, Майнц, Страсбург, Ульм, Шпейер, Ворс сияқты қалалар сауда жөнінде ірі орталықтар болып қоймай, Жан мен зығыр маталарын өндіретін және металл өңдейтін орталықтар да болды. XIV-XV ғасырларда қалаларда әлеуметтік жанжалдар мен шиеленіскен күрес басталды. XIV ғасырдың екінші жартысында Батыс және Оңтүстік – батыс Германияның қалалары да одақтарға бірігуге кірісті. 1381 жылы Швабия одағы мен рейндік қалалардың одағы пайда болып, бас қосып бірікті. Бірақ рыцарьларды жақтап күреске түскен князь дер 1388 жылы қалалардың біріккен одағының күл-талқанын шығарды. XV ғасырдағы өнеркәсіптің дамуындағы жаңа құбылыстар Германияда жүн маталарын өңдеп шығару, алыстағы рыноктарда жұмыс істеуші өндірістің ең басты саласы болды. Товарларды мол өндіріп, сұранысты қанағаттандыру үшін құрал-жабдықтың болуы талап етілді.Кен жұмысы ерекше дамыды. XV ғасырдағы деректердің хабарлауынша кен қазатын жұмысшылардың ақыларын жоғарылатып, жағдайларын жақсартуды талап еткен толқулар болған.XV ғасырда неміс қалаларының өрлеуі және өндірістің жаңа формаларының пайда болуы ежептеуір кедергілерге ұшырап отырды.
XI-XII ғ.ғ. Италия Герман феодалдарымен жер үшін күресте болды. Імператор тағына отырған Габсбургтер мұрагерлік иеліктерді ұлғайтуға кіріскен кезде, басќа князьдерге төнген ќауіп деп. тапчан курфюрстер екінші императорды – Люксембургтердің әулетінен сайлады. Ал VII Генрих Люксембургский (1308-1313) династиялыќ некенің нәтижесінде өз иеліктеріне Чехияны ќосып алып, чехтың князы болван кезде, Курфюрстер енді ол өлгеннен кейін, императорды баварлыќ герцог тар Виттельсбахтардың әулетінен Людвиг Баварський (1314-1347) сайлады.
Өз әулетінің мұрагерлік иеліктерін ұлғайту жөнінде ќам же ген Людвіг Баварский барлыќ өзге князьдердің мүдделері үшін Италияға ќайтадан жорыќ жасау әрекетіне кірісті. Өзінің маќсатына жетуді көздеген Людвіг 1328 жылы Италиядағы партиялардың күресіне араласып, папа XII Иоаннға ќарсы Римнің жағын ќолдап шыќты. Людвіг Баварскийдің Италияға жасаған жорығының мәні – оның Римдегі сыбайластарының да, папа билігіне ќарсы оппозициядағы және папаның Германиядағы итаршыларымен күресте он ќолдап , тілектестік білдіруші топтардың көңілдерін әбден ќалдырды. Людвиг Баварскийдің Италияға жасаған жорығы сәтсіздікпен аяќталды. Ал Люксембургтардың руынан шыќќан, және сол кездің ќарсаңында I Карл деген атпен чех королі болған - IV Карлді жаңа император етіп сайлап ќойды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
Тест тапсырмалары:
1. Герман императорларының италияндың саясатының күйреуі туралы агрессиясын түрде жүзеге асырушы кім.
а) Гогенштауфен
ә) І Фридрих
б) ІІ Филипп
в) І Людовик
г) І Генрих
2. І Фридрих қай жылы Италияға алғаш рет жорық жасады.
а) 1154 ж
ә) 1146 ж
б) 1136 ж
в) 1147 ж
г) 1125 ж
3. XIII-XV ғасырларда сауда-теңіз деревнясына айналған Италия қаласы.
а) Венеция
ә) Флоренция
б) Мила
в) Генуя
г) Рим
4. Ірі өндіріс шоғырланған Италия бөлігі
а) Солтүстік-Батыс
ә) Орталық
б) Оңтүстік-Батыс
в) Шығыс
г) Оңтүстік-Шығыс
5. Германдықтар тайпалары қай ғасырда пұтқа табынған.
а). IV ғ.
ә). ХVI ғ.
б). ХІІІ ғ.
в). ІІ .ғ
г). ХІ ғ.
8 апта
№23 Сабақтың тақырыбы:
XI-XV ғ.ғ. Италия
3.0 балл
Тест тапсырмалары:
1. Италия Герман феодалдарымен жер үшін күрес күрес қай ғасырда болды.
а) ХІ-ХІІ ғғ
ә) ІХ-ХҮ ғғ
б) Х-ХҮ ғғ
в) ХІІ-ХІІІ ғғ
г) Х-ХҮІ ғғ
2. ҮІІ Генрих Люксембургский қай жылдар аралығында билігі үсте болды.
а) 1308-1313 жж
ә) 1300-1310 жж
б) 1298-1305 жж
в) 1310-1312 жж
г) 1307-1311 жж
3. Людовиг Баварський қай жылдар аралығында билік еткен.
а) 1314-1347 жж
ә) 1300-1310 жж
б) 1298-1305 жж
в) 1310-1312 жж
г) 1307-1311 жж
4. І Карл деген ат пен чех королі болған ІҮ Карл жаңа император етіп кімнің тағына отырады.
а) ҮІІ Генрих Люксембургский
ә) Людовиг Баварський
б) Виттельсбах
в) Шпей Ворс
г) ІІ Фридрих
8 апта
№24 Сабақтың тақырыбы.
ХІ-ХҮ ғасырлардағы Пиреней мемлекеттері.
Сабақтың жоспары:
1. Арабтар Испанияда.
2. Кордово халифаты және Пиреней түбегіндегі христиан мемлекеттері
3. ХІ-ХІІІ ғ.ғ Пиреней түбегі елдері.
Теориялық мәліметтер:
Испанияны жаулап алуымен Пиреней түбегінде Кордов эмираты (Х ғасырдан бастап-халифат) деп аталған ќуатты араб мемлекеті ќұрылды. Арабтар мен африкандыќ маврлар түбектің ќиыр солтүстігіндегі таулы аудандардан басќа бүкіл Испанияға түгелдей дерлік ие болды. Рим заманының өзінде-аќ едәуір көркеюге ќолы жеткен табиғи ресурстары мен ќалалары мол елдің оңтүстік аймаќтары мұсылмандардың ќолына ќарады.
Арабтардың Испанияны жаулап алғаннан кейін де Шығыстың едәуір жоғары дамыған елдерімен байланыстарын жоғалтпаған арабтар Испанияның ауыл шаруашылығын байыта түсті. Олар бірсыпыра жаңа- шығыстыќ және оңтүстік – даќылдарды:күрішті, ќант ќұрағын, пальманы,анар ағашын тұт ағашын әкеп өсірді.Жүзім шаруашылығы мен шарап жасау дами түсті. Арабтар кеңінен ќолданған суару каналдарының жүйесі егіншіліктің өрге басуына көп септігін тигізді.Егіншілік тәсілі ғана жаќсарып ќойған жоќ, сонымен бірге мал шаруашылығы да өркендеді.
Арабтардың тұсында ќалалар ќатты дамыды. Испанияда олардың саны едәуір еді. Араб мемлекетінің астанасы-Кордова-Х ғасырда Европаның аса ірі ќолөнер, сауда және мәдени орталыќтарының біріне айналды.Араб Испанияның күшті флоты болды. Көпдеген испан-араб ќалалары теңіз арќылы- Африкамен, Италиямен, Византиямен және Левантпен, ќұрлыќ арќылы-Оңтүстік Франция және Ломбардиямен кең көлемді сыртќы сауда жүргізіп отырды. Испан товарлары Ұндістан мен Орта Азияға жеткізілп тұрды.Шетелге шығарылатын басты заттар ауыл шаруашылығының кең өнеркәсібінің өнімдерімен ќолөнер бұйымдары болды.
Араб Испанияның экономикалыќ табыстарына оның мәдени өрлеуі ілесе жүрді.Кордовада үлкен кітапхана мен жоғары мектеп болды. Араб Испаниясындағы жоғары мектептер Европадағы алғашќы жоғары мектептердің бірі еді. Медицина, математика, география ғылымдары едәуір дами түсті.
ХV ғасырда Солтүстүк Италияның басќа бір өнеркәсіптік орталығы –Миланда, ХІІІғасырдың аяғында орнатылған тирандыќ режим бұрынғыдан да гөрі нығая түсті. XV ғасырдың басында Миланда Висконтидің семьясынан шыќќан тирандар билік жүргізді, ал содан соң, 1450 жылдан бастап, ќаладағы өкіметті Сфорцсемьясынан шыќќан тирандар басып алды.
Флоренция мен Миланда, солтүстік және Орта Италияның басќа мемлекет-ќалаларында тирандыќ режимдердің байда болуы және нығаюы, олардың кейбір ішкі орталыќтандырылуына себепкер бола тұрғанымен де, олардағы орын тепкен саяси бытыраңќылыќты бұзып жоя алады. Егер бұл мемлекет –ќалалар өздерінің нағыз гүлденіп өркендеген кезеңінде, ХІІ-ХІVғ.ғ. Италияның саяси бірлігін ќамтамасыз ете алмаған болса, онда олардың бұған экономикалыќ ќұлдыраудың басталған кезеңінде жетуге тіпті де шамалары келмеді.
Әлі де болса бай, біраќ та өзара жауласып, жеке-жеке саяси бөлімдерге ыдырап, экономикалыќ тоќыраудың басталған кезеңіне кірген Италия, осы мезгілдің ќарсаңына бір шама күшті біршама күшті бір орталыќќа бағынған, мемлекеттер ќұрылған көршілес Франция мен Испаниядан анағұрлым әлсіздеу болып шыќты. Мұны 1494 жылы Францияның 50 мың әскерін бастаған VIII Карл Италияға басып кіріп, ќырғын соғыс жүргізе отыра, Неаполитан корольдігінің шекарасына дейін жеткендігі айќын көрсетті. VIII Карлдың жорығы ұзаќќа созылған “итальяндыќ соғыстардың” тек бастамасы ғана болып табылды. Бұлар Италияның әбден күйзелуіне, экономикалыќ ќұлдырауының одан әрі үдей түсуіне,оның саяси бытыраңќылығын түпкілікті баянды етуге әкеліп жеткізді.
XV ғ. аяғында Американың ашылуы және Индияға баратын жолдардың табылуы Италияның экономикасын талќандайтын екінші соќќы болып, оның саудадан басымдылығын жойды және аграрландыруды күшейтті.
Адамзаттың тарихында, Италияның ең кемелденген аймаќтарында тұңғыш рет ќалыптасќан алғашќы капиталистік ќатынастар Италияда алғашќы буржуазиялыќ мәденниеттің ,-ќайта өркендеу мәдениетінің пайда болуына негіз болған жалпы экономикалыќ және әлеуметтік өрлеуге әкеліп жеткізді. Алайда бұл жаңа ќатынастардың әлсіздеу белгілері-ұзаќќа созылған шетелдік басќыншылыќтардың салдарынан, географиялыќ жаңалыќтар тудырған экономикалыќ күйзелістердің нәтижесінде одан әрі тереңдейтүскен шаруашылыќ пен саяси бытыраңќылыќтың жағдайларында,- тоќтаусыз дамып, жете өркендей алмады. Италия XVғасырдың аяғына таман өзінің кері кетіп ќұлдырауына таќада және оған келесі XVI жүз жылдыќтың аяғына келіп жетті.
Арабтар Пиреней түбегін түгел жаулап алды; тек солтүстік Астурия ғана тәуелсіздігін саќтап ќалды. VIII ғ. соңы IX ғ. басында, франктер жорыќтарының нәтижесінде, Пиреней түбегінің солтүстік-шығысында астанасы Барселонада орналасќан Испан маркасы Наварра бөлініп шыќты. Испанияның солтүстігіндегі христиан мемлекеттерінен – Астурия мен Наваррадан- арабтар басып алған испан территорияларын ќайта жаулап алу басталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
9 апта
№25 Сабақтың тақырыбы:
ХІ-ХҮ ғасырлардағы Пиреней мемлекеттері.
2.0 балл
Тест тапсырмалары:
1. 1494 ж VIII Карл Италияға қай елдің 50 мың әскерімен басып кірді
а) Франция
ә) Англия
б) Скандинавия
в) Португалия.
г) Дания.
2. Араб мемлекетінің астанасын атаңыз.
а) Кардова
ә) Мелам
б) Португалия.
в) Италия.
г) Ланбардит
3. Арабтар қай жерді түгелімен жаулап алды.
а) Переней
ә) Аустрия.
б) Жоварра
в) Испания
г) Костимия.
4. Испанияның ең ірі қалаларын қай жылы жаулап алды.
а) 1085 ж
ә) 1075 ж
б) 1083 ж
в) 1081 ж
г) 1082 ж
7. Қай жылы Испаниядан Португалия бөлініп шықты.
а) 1581 ж
ә) 1577 ж
б) 1574 ж
в) 1563 ж
г) 1554 ж
8. VIII ғ. Арабтардың Испанияны жаулап алуы мен Пирней түбегінде қандай араб мемлекеті құрылды.
а) Корвод эшерат
ә) Испания
б) Испания
в) Франция
г) Византия
9. Испания мен Португалия қалалары қай елдің тұсында дамыды.
а) Арабтардың
ә) Француздардың
б) Орыстардың
в) Ағылшындықтардың
г) Шаруалардың
10. X ғ. Европаның ірі қоленер, сауда және мәдени орталықтарының біріне айналған қала.
а) Кордова
ә) Франция
б) Италия
в) Византия
г) Ломбардия
9 апта
№26 Сабақтың тақырыбы:
XI-XV ғ.ғ. Скандинавия елдері.
Сабақтың жоспары:
1. Феодалдыќ ќұрылыстың ќалыптасуы.
2. XII-XIII ғ.ғ. Норвегия.
3. Даниядағы феодализмнің дамуы.
4. XIII ғ. соңы мен XIV ғ. саяси күрес.
5. XV ғ. Скандинавия елдері.
Теориялық мәліметтер:
Скандинавия елдерінде-Дания, Швеция, Норвегияда рулыќ ќатынастар X-XI ғ.ғ. және XII-XIII ғ.ғ. дейін аралыќты алғашќы феодалдыќ кезең ќалыптасты.
Алғашќы скандинавиялыќ елдерде саяси бірігулер ќатынасында Данияда X ғ.ғ. екінші жартысында Харальд Синезубый (950-986 ж.ж. шамасында) король болып, өзі билеген тұста славяндар мен прустармен соғыста табысќа жетті. Конунг Харальд тұсында Норвегияның рулыќ ќауымдарын өзіне бағындыруға христиандыќ дінін ќолға алумен байланыстырды. Норвегия XI ғ.ғ. мұнда король Олаф Харальдсон (1016-1028 ж.ж.) елден ќуып, 1030 жылы шаруалар мен аќсүйектер көтерілісінде ќаза табады. Арада уаќыт өте келе Олаф Харальдсонды шіркеу “әулие” деп жариялады. Норвегия, Дания мен Англияны біріктіре отырып, дат королі Кнут (1018-1035 ж.ж.) берік емес державаға айналдырды. Кнут өлген соң, Норвегия мен Англия тәуелсіздігін ќалпына келтірді. Швецияда екі корольдік ќалыптасты; солтүстікте Упсаладағы свейлер аймағы және оңтүстігінде генттардың аймағы болды. XI ғ.ғ. мен XIIғ.ғ. швед королдігін Упсала корольдігінің ќол астында болды. Швецарияда жекелеген жер бөліп алған аќсүйектер өздері ел басќарып, ќол астындағылар бытыраңќы болды.
XIIғ.ғ ќалыптасќан феодалдар тобына жоғары дін иелері мен ру-аќсүйектерінің бір бөлігі жатты. Норвегия мен Данияда шаруалар кішігірім жер иеліктеріне ие бола алды. Шаруалардың жер меншігі ұзаќ саќталған Швецарияда болды. Феодалдыќ ќатысастардың дамуында корольдік биліктер маңызды роль атќарды. Корольдер аса ірі жер иеліктерін және аќсүйектерді ќуғын-сүргінге ұшыратып өз жерлерін меншіктендірушілерге өз правасын ќойды.Скандинавия елдерінде лендер- үлестік жерлер мұралыќ жолмен иемдену мүмкіндігі болды. XIII ғ.ғ. Швеция мен Данияда өз жерлерінен бекіністер салған ірі феодалдар меншігі болмады, олар корольдің бекінісі және салыќты тек корольге бағынышты, бекіністе күзетті және тәртіпті ќадағалау әскерлері де корольдікі болды.
XIIғ.ғ.аяғы мен XIIIғ.ғ. бас кезінде Норвегияда корольге және оның ќолындағы мансапќор аќсүйектерге ќарсы шығу маќсатында бұл елде азамат соғысы басталды. 1174 жылы биркебейнелер (кедейлер) көтерілісін Сверрир басќарды, олар Серрирдің жеңісі арќылы өз жағдайларын жаќсартуды көздеді. Билік басында отырған король Магнус Эрлингссон осы азамат соғыста ќаза тапты. 1184-1202 ж.ж. Норвегия билігі Сверрир ќолына түсті. Ол шіркеудегі папаны елден ќуды, Сверрир ќарсыласы- баллерлар (ежелгі норвег bagall сөзінен шыќќан) арасында өзара келісіммен, шаруалар көтерілісін басып, мемлекет пен шіркеу арасында татулыќќа ќол жеткізді.
XII ғ.ғ. Данияда ішкі баќталастыќ өршіді, Норвегияға ќарағанда корольдік бірлікке тез арада ќол жетті. Король I Вальдемар (1157-1182 ж.ж.) өзіне ќарсы шыќќан шаруаларға тоќтатып отырды және шіркеумен одаќтасу арќылы өз билігін күшейтті. Ол өз билігін нығайтуда герман императоры I Фридрих Барбароссаға ант суын ішіп, бар күшін Батыс Еуропаның басќа мемлекеттерінен артта ќалмауға тырысты.
XII ғ.ғ. екінші жартысында Данияда әскери жасаќтардағы ќызмет шаруаларға жүктелді, олар әрбір әскери ќызмет жасаған үшін аќы алып отырды. Осы кезде таќта король IV Эрикке ќарсы 1250жылы “Плуг көк тиыны” деп аталатын жер салыќтың ауыр болуы салдарынан шаруалар көтерілісі болады.
Данияның крест жорыќтары тұсында күшейді және король II Вальдемар (1202-1241 ж.ж.) тұсында Солтүстік Германияны басып алады.II Вальдемарды 1227 жылы солтүстік германдар арасындағы Дитмаршен бастаған шаруалар көтерілісі талќандап жеңді. Дания басып алған жерлерін ќайтарып алды.
XIV ғ.ғ.саяси күрес корольге ќарсы күшейген ірі феодалдардың арасындағы өзара ќырќыс болатын. 1282 жылы Данияда бұл күрес король Эрик Клиппинге “еркіндік хартиясына” ќол ќоюға мәжбүр болды және ол бойынша жыл сайын мемлекеттің кеңесін шаќырып тұруға, феодалдардың правосы мен еркіндігін саќтауға міндетті болды. Эриктің осы хартияны бұзбаќ әрекеті оның өліміне әкеп соќты. 1320 жылы Данияда корольдік өкімет пен мемлекетті басќарып отырған феодал аќсүйектері бірігіп, өзара шіркеуде тізе бүге отырып, оның келісімінсіз ешќандай соғыс жариялауға және салыќ салуға корольдің правосы болмады.
1284 жылы Швецияда,Даниядағы сияќты бүлікші феодалдар өзінің корольдерін ќуып, оның орнына норвег королін Магнус Эрикссонды (1319-1363ж.ж.) отырғызды.Магнус билеп тұрған кезде шіркеу мен ірі феодал аќсүйектерінің арасында финанс артыќшылығын шектеу маќсатында күшті оппозиция тудырды. Магнусты таќтан алып тастап, оның орнына неміс герцогы Альберхт Макленбургскийді король деп сайлайды. Бұл король таќќа отырған күннен бастап өз кеңестерімен келісе отырып елді басќарды және ол өзінің неміс ыќпалын күшейтті. Скандинавиялыќ үш мемлекеттегі өкімет XIV ғасырда ірі феодалдар ќолында болды. Ірі феодалдардың ќазыналыќ байлыќтары көбейіп, оларға тәуелді шаруалар саны тез арада өсті.
XIV ғасырдың екінші жартысында жер иеліктерінің салығы күшейді және шаруалар арасында “ќара өлім” тарады, обаның таралуы бүкіл скандинавиялыќ елдерде экономикалыќ ќұлдырауға әкеп соќты. Норвегияда жұмысшы ќолдар жетіспеу салдарынан мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы үлкен зиян шекті.
1367-1370 жыдары Данияда Ганзамен соғыс басталып кетті. Шіркеу мен рыцарлар ќолдауымен Данияның королі IV Вальдемар Аттердаг (1340-1375 ж.ж.) өзінің бұрынғы айрылып ќалған жерлерін ќайтарып алуға және ең бай провинция Сконені ќайтарып аламын деген оймен соғысады. Біраќ дат королі бұл соғыста 1370 жылы Ганзадан жеңіледі және королдік таќќа отыруы үшін шарт бойынша Ганзаның келісімінсіз таќќа отыра алмайды.
Скандинавиялыќ елдер неміс княздығы мен Ганза тарапынан төнген ќауіп, дат королі Вальдемар IV Аттердагтың ќызы, әрі норвег королінің әйелі Маргарита дат тағына өзінің ұлы Олафты отырғызып, оның Дания мен Норвегияны биледі. Олар өлгеннен кейін Маргарита екі мемлекеттің билеушісі болды. 1389 жылы Меклембурскийге феодалдардыңќолдауымен Швецияның билігін ќолына алды. 1399 жылы шілде айында швед ќаласында Кальмардағы үш корольдік жиналысында Маргаританы немере жиені Эрик Померанский Данияның, Швецияның және Норвегияның королі деп жарияланды. Ұш мемлекеттің өзара бірігуі, соғыс бола ќалған жағдайда біріге отырып соғысумен ќатар біріккен елдер өз заңдарын саќтады. Халќының саны жағынан Швециямен Норвегияның халќына тең Дания экономикасы бір саты жоғары еді. 4412 жылы Маргарита ќаза болған соң, үш елдер арасында саяси бытыраңќылыќтар әрекетінен ел тозып кетті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Барг М.А.”Епоха и идей” М. 1987 г.
2. Гутнова Е.В. ”Историография истории срених векав” М. 1985 г.
1. Шервуд Е.А. “Законы лангобардов” М. 1992 г.
2. История средних векав. В 2-х т. М. 2001г.
3. Энгельс Ф. “О Франции в епоху феодализма” М. 1948 г. “Архив Маркса Иэнгельса”, стр. 300-302.
4. С.Д. Сказкина “Хрестоматия по истории средних векав” П. 1950 г.
9 апта
№27 Сабақтың тақырыбы
XI-XV ғ.ғ Скандинавия елдері.
2.0 балл
Тест тапсырмалары:
1. Скандинавия нешінші ғасырда қалыптасты.
а) ХІІ ғ.
ә) ХІІІ ғ.
б) ХҮІ ғ.
в) ХV ғ.
г) Х ҮІІІ ғ.
2.Скандинавия елдерінде әскер жқне өзге де қызметкерлер үшін жер берді оны не деп атады.
а) Лендер.
ә) Жердің қожасы.
б) Жеке меншік.
в) Жер иесі.
г) Иеленуші.
3.Скандинавия еліне қай жерлер кірді.
а) Дания ,Швеция, Норвегия.
ә) Швеция , Франция
б) Дания ,Швеция.
в) Норвегия.
г) Данияның шығыс бөлігі.
4. Скандинавиядағы бирке бейнелер-
а) кедейлер
ә) шаруалар
б) құлда
в) көпестер
г) шонжарлар
5. 1184-1202 ж Норвегия билігі кімдедің қолына түседі.
а) Сверилердің
ә) Гистрондардың
б) Префектердің
в) Прелаттардың
г) Матриттердің
6. Дания Ганзамен қай жылыдар аралғында соғысады.
а) 1367-1370 жж
ә) 1345-1350 жж
б) 1256-1365 жж
в) 1358-1368 жж
г) 1325- 1335 жж
7. Маргаритта қанша мемлекетке билеуші болады.
а) 2
ә) 4
б) 5
в) 8
г) 10
8. Маргаритта қай жылы қаза табады.
а) 1412 ж
ә) 1369 ж
б) 1410 ж
в) 1347 ж
г) 1298 ж
10 апта
№28 Сабақтың тақырыбы:
XI-XV ғ.ғ. Батыс Европадағы халыќаралыќ ќатнастардың дамуы.
Сабақтың жоспары:
-
XI-XV ғ.ғ. кезеңіндегі халыќаралыќ ќатнастардың сипати.
-
Халыќаралыќ байланыстардың өріс алуы. Шығыстың Батысќа тигізген ыќпалы.
-
Монгол шабуылы. Батыс Европа және Русь. XIV-XVғ.ғ. халыќаралыќ аренадағы күштердің араќатнастарының өзгеруі.
-
Неміс агрессиясына ќарсы Польша және басќа да славян халыќтары күресінің халыќаралыќ маңызы.
-
XIV ғ.ғ. Чехия.Әлеуметтік, Діни және ұлттыќ ќайшылыќтардың өршуі. Гусшілер соғысы және оның халыќаралыќ маңызы.
Теориялық мәліметтер:
Алғашќы орта ғасырлар кезеңіне ќарағанда XI-XV ғ.ғ. Европада әр түрлі елдер айтарлыќтай берік эканомикалыќ, саяси, және мәдени ќарым-ќатнастар біртіндеп орнай бастады, бұл ќарым-ќатнастар дау-жанжалдардың, соғыстардың салдарынан әрдайым үзіліп ќалып отырғанына ќарамастан ќалпына келіп, одан әрі дамып жатты.
XI-XV ғ.ғ. ішінде Еуропада халыќаралыќ ќатнастардың белгілі бір жүйесі ќалыптасты. дегенмен бұл кезеңде халыќаралыќ ќатнастар әлі де тұраќты сипат ала ќойған жоќ болатын. Тұраќты елшілер мен дипламатиялыќ елшіліктер жоќ болатын, әлі де халыќаралыќ праваның ќалыптаспаған кезі еді. Осы кезеңдегі халыќаралыќ ќатнастардың дамуында мыналар шешуші фактор болды: 1) феодалдыќќа өту процесінің аяќталуына, өндіргіш күштің өсуіне, ќалалардың пайда болуына, әсіресе халыќаралыќ және мемлекеттердің өзара жаќындасуына себеп болған ішкі және сыртќы сауданың кеңеюіне байланысты Европада эканомика өсті.Екінші жағынан, сыртќы сауда көп жағдайларда сауда бекінісінен өршіген олардың өз ара ќарама-ќайшылығын туғызатын, ал бұл ќайшылыќтар кей кездерде ұрыс- жанжалдар, тіпті соғыстарға апарып соќтыратыны. 2)эканомиканың өсуі, оған байланысты шаруашылыќтардағы өзгерістер.
Халыќаралыќ ќатнастардың дамуына крест жорыќтарының да белгілі әсері тиді. Осы кезде Батыс Еуропа мен Шығыстың арасында тавар алмасу ісі недәуір өсті. ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. Жерорта теңізі саудасында Барселона, Марсель, әсіресе крест жорыќтары кезінде Шығыс Жерорта теңізінде өздерінің факторларын ќұрып алып, Араб және Византия көпестерін ығыстырған итальяндыќ республика- ќалалар Венеция, Генуя, Пиза үлкен рөл атќарды. Шығыспен жүргізілген эканомикалыќ, дипламатиялыќ және мәдени ќатнастары, оның ішінде саяси, діни және сауда мәселелерін жүргізу маќсатымен европалыќтардың Шығыс елдеріне ұйымдастырған саяхаты, товар ќолөнер кәсібі және егін шаруашылығы өнімдерін алмастыру, Батысќа төтенше жаќсы нәтиже берді. Шығыс елдерінен еуропалыќтар бұрын өздерінде болмаған кейбір ауыл шаруашылыќ даќылдарын: күріш, ќара ќұмыќ, лимон, шабдалы тұќымдарын алып өсірді. Сериядан Еуропаға алып келінген ќамыс ќант ХІІғ.ғ. бастап тағамдар ќатарына ќосыла бастады. Шығыс мәдениетінің ыќпалы және Шығыс халыќтарының табыстарының үлгілері Батыс Еуропаға тек крестілер арќылы Шығыс Жерорта теңізі елдерінен ғана келіп ќоймай, олар арабтың Сицилиясы арќылы да, Испаниядағы арабтар арќылы да келіп жатты.
Батыс Еуропа феодалдары өзінің Серия мен Палестинадағы тұраќсыз жағдайын үсті- үстіне крест жорыќтарын ұйымдастырып, дәрменсіз нығаюға тырысып жатса, Орталыќ Еуропаға ќаћарлы манғол басќыншылары ќаупы төнді. 1237-1240 жылдары орыс жерін жаулап алған Бату ханның ќалың ќолы 1241 жылдың көктемінде Полша мен Венгрияға бет бұрды. Негізі поляк неміс отрядтарынан ќұралған ќалың әскер Силезиядағы Лигница ќаласының түбінде татар- манғол шапќыншылыќтарына тойтарыс беруге әрекет жасады. Сондай-аќ ќұрамында 60 мың адамы бар Венгер әскері де талќандалынды. Татар- манғол отрядтарының алдыңғы шебі Адратикаға дейін жетті. Крест жорыќтарынан және мемлекет аралығындағы дау- жанжалдардан әлсіреген Батыс Еуропа төніп келе жатќан ќаћарлы ќорќыныш алдында дәрменсіз еді. Біраќ күтпеген жерде, татар- манғол басќыншылары Шығысќа бет алды да, Ќара теңіз жағалауы мен Волга сыртындағы жазыќќа тартып тұрды. Мұндай өзгерістің негізгі себебін алдымен Русьтың үш жылдан астамға созылған ќаћарман шайќасы,деп. түсіндіруге болды. Татар- манғол басќыншылары Батыс Еуропадағы ќауып туғызып тұрған кезеңнің өзінде, рим папасының ќолдауымен, неміс рыцарлары Швеция, Норвегия және Даниямен одаќтасып алып, орыс князьдерінің басына түскен ќиын- ќыстау жағдайды өз пайдаларына шешпекші болды.олар Солтүстік Батыс Руське ќарсы крест жорығын ұйымдастырды.(1240) Папалыќтың Руське жасамаќшы арамзаролін, оның татар- манғолдармен одаќ ќұруға тырысќан әрекетінен айќын көруге болады.
XIV-XV ғ.ғ. халыќаралыќ майдандағы күштердің ара ќатнастары бірсыпыра өзгерді. Гогенштауфендер күйреуге ұшырағаннан кейін (1254) орнаған патша аралыќ кезеңде Герман империясы терең саяси ќұлдырау жағдайында болып, халыќаралыќ саясатта ешбір белгілі рол атќарудан ќалды. ХІІІ ғ.ғ. аяќ кезінде, XIV ғ.ғ. бас кезінде папалыќтың да саяси ќұдыреттілігі бәсеңдеді. Халыќаралыќ саясаттың негізгі салмағы ауысты. Енді ќатнастар мен ќаќтығысуларда басшы орынды бір орталыќќа бағына бастаған Англия, Франция, және Испания тағы басќа сол сияќты батыс еуропалыќ мемлекеттер ала бастады. Батыстағы феодалдыќ монахтардың саяси бірігуінің аяќталу және нығаю процесі шиеленіскен мемлекетаралыќ ќаќтығысуларды туғызып отырды. Сон дай ќаќтығыстардың ішінде ең ірісі Франция мен Англия арасында болған(1337-1453) жүз жылдќ соғыс еді.
Еуропа тарихында славян халыќтарының неміс агрессиясына ќарсы күресінің алкен маңызы бар. Неміс агрессиясына тойтарыс беру де Польша маңызды рөл атќарды. Неміс феодалдарының славян жеріне жасаған агрессиясы ХІІ ғ.ғ. күшейе бастады. ХІІ ғ.ғ. 60-70 ж. не містер полаб- балтыќ теңізі жағалауындағы славян жерлеріе басып алды. Осыдан кейін Батыс теңіз жағалауы Герман империясена тәуелді болды. Ал ХІІІ ғ.ғ 30ж. ортасында Тевтондыќ орден 1237 ж. семсершілер орден імен бірігіп алып польшаға ќарсы ќараќшылыќ шабуылын бастады. Олар шабуылын Балтыќ теңізі жағалауындағы территорияға жасады. XIV ғ.ғ. басында Тевтон ордені Польшаның Шығыс теңіз жағалауымен Гданьскіні басып алды. Немістердің Польшаны жаулап алу ќауыпы төнгеннен соң, елде тәуелсіздікті саќтап ќалу, польша жерлерін біріктіру ісі мейлінше күшейе түсті. Кіші және ұлы Польшаны біртұтас польша мемлекеті етіп бірігтірген князь Владислав Локетек, 1320 жылы Краковте корольдік таќќа отырды. Біраќ Шығыс теңіз жағалауы Тевтон орденінің ќармағында болды. Польша корольдігінің ќұрамына Польшаның басќа жерлеріде кірмей ќалды. Немістердің шабуылына ќарсы жүргізілген күрес Польшаны көршілес, ќұрамында украйндардың, беларустардың және орыстардың кейбір жерлері бар, Ливтамен жаќындастырды,сөйтіп 1385 жылы олардың үндестігі ќұрылды. Бірлескен Польша- Ливта мемлекеті 1409 жылы Тевтон ордені не ќарсы “¦лы соғысќа” кірісіп кетті. Шешуші шайќас 1410 жылдың 15 июлінде Грюнвальд түбінде болды. Шайќас Тевтон ордені әскерлерінің толыќ талќандауымен аяќталды. Орден жойылмаған мен оның күші күйреді. 1411 жылы жасалған бір інші То рунь бейбітшілік келісімі бойынша, орден Балтыќ теңізі жағалауындағы жерлерден бас тартып, көптеген соғыс шығынын төлемек болды. 1466 жылғы То рунь бейбітшілік келісімі Тевтон орденін Польшаға тәуелді болуға және Шығыс теңіз жағалауымен Гданскіні және тағы басќа да польяктардың байырғы жерлерін ќайтарып беруге мәжбүр болды. Грюнвальд шайќасының халыќаралыќ маңызының ерекшелігі соншалыќ, Герман феодалдарының Шығысќа көз алартуына көп уаќытќа дейін тыйым салды.
ХІІІ ғ.ғ. бастап халыќаралыќ ќатнастарда Чехия үлкен рөл атќарды. Еуропаның әлеуметтік және саяси тарихында оның беделі XIV-XV ғ.ғ. тез өсе бастады. Чехия Герман империясының ќұрамында есептелінгенмен шын мәнінде ол ХІІ ғ.ғ. ортасынан бастап дербес мемлекет болатын. Өздерін көзге ғана Герман императорына тәуелдіміз деп. санайтын, ал кейде тіпті Чех корольдері Чехияда болып жатќан неміс ыќпалына ќарсылыќ жасамай оларды ќолдап отыратын, бұның өзі келе- келе елде әлеуметтік, саяси және діни ќайшылыќтарды туғызды, Чехия Герман империясымен ауыр ќаќтығысуларға жолыќты. ХІVғ.ғ. ортасында Чехияда әлеуметтік ќайшылыќтар шиеленісе түсті. Товар – аќша ќатнастарының даму , шаруашылығын жаңа жағдайға икемдеп жүргізе алмаған көптеген ұсаќ және орташа феодаодарыды азып- тоздырды. Тірі феодал дар өз менші гін шаруалар мен кедейленген дваряндар есебін ұлғайтуға тырысты. Халыќтарының басым көпшілігі бюргерлерден- ќолөнершілерден, ұсаќ және орташа саудагерлерден, демек негізінен чехтардан тұратын ќалаларда, бар байлыќќа иелік еткен ат төбелінбей ќаланың жоғары топтары оның ішінде немістер ќалалар ішіндегі ќайшылыќтарды үдетте түсті. Төменгі топќа жататын ќала кедейлерінің көпшілігі чехтар еді. Ќалалардағы әлеуметтік күрес көбінесе чех бюргерлігі мен плебсінің неміс патрициаты озбырлығына ќарсы сипатта болып отырды. Сөйтіп көп жағдайларда ќалалардағы әлеуметтік ќайшылыќтар ұлыттыќ ќайшылыќтармен ќабаттасып жатты. Папалыќтың саясаты бүкіл чехтардың наразылығын туғызды. Шіркеу алым- салыќтарының көбеюі, чех шіркеуінің папаға бағыныштылығы ќатты наразылыќ туғызды. Неміс католик басшыларының жасаған ќиянатына ќарсы жүргізілген күрес, әр түрлі әлеуметтік сатыдағы адамдары- бюргер лікті, шаруларды, ќала мен деревнялардың плебейлерін, әсіресе ұсаќ және орташа феодалдарды, біріктіргенкең ќоғамдыќ ќозғалысќа айналды. Бұл ќозғалысќа басшылыќ еткен Прага университетінің прафессоры Ян Гус еді. (1369-1415) жылдар мөлшерінде. Ол католик дін басшыларының кесірлік істерін әшкереледі, шіркеу байлығына ќарсы шығып, шіркеу мүлкін секуляризациялауды талап етті. Гус католик шіркеуінің папа Иса пайғамбардың жердегі елшісі деген ќағидаларын жоќќа шығарды. Римге бағынбайтын чехтардың ұлттыќ шіркеуін ќұруды маќұл деп. санады. Гус ќарапайым халыќќа жаны аши уағыздады. Ол өз жығармаларын чех тілінде жазды, сол тілдің граматикасын жасады, чех тіліне Библяны аударды. Католик шіркеуі неміс дін селері Гуске ќарсы ќиян- кесті күрес жүргізді. ЕҢ ӘУЕЛІ ОЛ ДІНСІЗ РЕТІНДЕ ШІРКЕУДЕН АЛЫСТАТЫЛДЫ, СӨЙТІП Прагадан көшіп кетпекші еді,(1412) біраќ біраз уаќыт өткеннен соң оны папа Констанц ќаласындағы шіркеу собырына шаќырып алды. Осы жерде Густі өзінің нанымы үшін еретик деп. тауып соттап, 1415 жылжың 6 июлі күні отќа өртеп жіберді.
Густың ќазасы Чехияда адам айтыќсыз, ашу- ыза туғызып, оның идеяларының одан әрі кең тарауына мүмкіндік берді. Католик шіркеуімен күреске бүкіл Чех халќының барлыќ топтары көтерілді. 1419 жылы Чехияда гусшілердің соғысы басталды. Бүкіл Чехия екі лагерьге – феодалдар- католик тер және гусшілерге бөлініп алды. Бірінші лагерьге жоғары діниелері, чехтардың ірі-ірі феодалдары-пандары, және төменгі дваряндар жатты, екіншісіне- шаруалар, ќала ќолөнершілері, ұсаќ және орташа саудагерлер, жалдамалы жұмысшылар, орташа және төменгі дін иелері жатты. Чехияда гусшілер ќозғалысы 1420 жылы рим папасының гусші-еретиктеріне ќарсы крест жорығын жариялауға мәжбүр етті. 1420-1431 жылдары папа және Герман императоры гусшілерге ќарсы бес рет крест жорығын ұйымдастырды., біраќ солардың барлығы да кресшілердің жеңілуімен аяќталды. Гусшілер ќозғалысына тіпті Чехиядан алас жатќан басќа да көптеген елдер (Англияда, Францияда, Испанияда), сондай-аќ Балкан түбегіндегі славян елдері, Византия т.б. үн ќосты. Гусшілер ќозғалысының үлкен халыќаралыќ маңызы болды. Бұл орта ғасырлыќ Еуропадағы ең ќуатты антифеодалдыќ ќозғалыстардың бірі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |