Қазақстан республикасы білім және ңҒылым министрлігі



бет2/5
Дата30.05.2016
өлшемі0.69 Mb.
#102844
1   2   3   4   5

Үш өлшемді модельдеу


Кредиттер саны– 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.

Пререквизиттер – 76 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Студенттердің үшөлшемді графика құралдары көмегімен үшөлшемді бейнелер құру, анимациялық фильмдер құру бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерді меңгеруі.

Қысқаша мазмұны: 3D Studio Max программасының интерфейсі. Объекттерді модельдеудің концептуальды негіздері. Модификаторды қолданып геометриялық модельдеу. Құрама және полигональды объекттер. Жарық түсіру, жарық көздері және көлеңкелер. Камераларды қолдану. Материалдарды жобалау. Material Editor-мен жұмыс. Материал түрлері. Анимационды концепциялар. Кілттік анимация және контроллерлерді қолданған анимация. Қорытынды визуализация.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Үшөлшемді модельдерді құру, модель беттері үшін материалдар мен карталарды дайындау негіздерін, 3D модельдері мен басқа да объекттерін анимациялау принциптерін, әдістері мен құралдарын, олардың қасиеттерін, арнайы құралдарды пайдаланып бейнемонтаж жасау негіздерін біледі.

Іскерлігі: Қарапайымдарды, қалыптарды, беттерді пайдаланып үшөлшемді модельдерді құруды, модификаторларды қолдануды, материалдар (қарапайым, көпкомпонентті) құруды біледі.

Дағдылары: Тік және кері кинематиканы, анимация контроллерін пайдаланып модельдерді анимациялау, сахна визуализациясын жүргізу мен арнайы модульді пайдаланып бейнемонтаж жасау дағдысы бар.

Біліктілігі: Үшөлшемді модельдерді құру облысындағы модель беттері үшін материалдар мен карталарды дайындау негіздерін, 3D модельдері мен басқа да объекттерін анимациялау принциптерін, әдістері мен құралдарын білу туралы білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы И.Б.Карымсакова

3

IP 0203

Интернеттегі программалау

Кредит саны– 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.



Пререквизиттер – 111 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Web-программалау бойынша білім алу, деректер базасына Web-сайттар мен Web-интерфейстерді программалау үшін PHP тілінің мүмкіндіктерін меңгеру

Қысқаша мазмұны: Қазіргі Интернет-технологиялар. Web-программалау принциптері. PHP-ға кіріспе. Синтаксис негіздері. Басқару конструкциялары. Мәліметтер массивімен жұмыс. Жолдармен жұмыс. PHP функциялары. PHP көмегімен сұраныстарды өңдеу. Файлдық жүйемен жұмыс. Деректер базасы және МББЖ. PHP және MySQL өзара әрекеті. Сессия көмегімен кіру авторизациясы. Өрнектер. PHP-да шаблондарды қолдану.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: программалық өнімді өндіру кезеңдерін, әдістерін және программаны тестілеу құралдарын, Web-интерфейстерін деректер базасында тиімді іске асыру тәсілдерін біледі.

Іскерлігі: Web-сайттар программалық жабдықтарын жобалаудың негізгі әдістері мен құралдарын қолдана біледі.

Дағдылары: Web-программалау принциптерін пайдалану дағдысы бар.

Біліктілігі: Web-сайт құрудың тәжірибелік дағдысын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы И.Б.Карымсакова

4

BEN 0204

Бухгалтерлік есеп негіздері

Кредит саны– 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.



Пререквизиттер – 39 кредит

Постреквизиттер – «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»

Оқыту мақсаты: Бухгалтерлік есеп негіздерін меңгеру, оны ұйымдарда ХСҚЕ-ға сәйкес жүргізу дағдысы мен техникасын, бухгалтерлік есеп принциптерін, нормативті-құқықтық құжаттарды меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері. Бухгалтерлік баланстың негізгі элементтері мен бухгалтерлік балансты құру кезеңдері. Бухгалтерлік шоттар және екіжақты жазу. Есептік цикл және қаржылық есеп беруді дайындау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Ағымды активтер есебі: ақша құралдары, дебиторлық борыштар, тауарлы-материалдық қорлар, ұзақмерзімді активтер, ағымды және ұзақмерзімді міндеттемелер, серіктестіктердегі капиталдар.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бухгалтерлік есептің негшізгі әдістерін, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер есебі, міндеттемелер және ұйым капиталы туралы сұрақтарды білуі керек.

Іскерлігі: Қаржылық есеп беруді дайындай біледі.

Дағдылары: Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру дағдысы бар.

Біліктілігі: Бухгалтерлік есептің ұйымды басқару жүйесіндегі рөлі, бухгалтерлік есептің негізгі концепциялары мен принциптері, бухгалтерлік баланс, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, жүйелік есеп, ағымды және ұзақмерзімді активтер есебі, міндеттемелер, ұйым капиталы сұрақтары бойынша өз білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Б. Серикбаева

«Ақпараттық жүйелер және Web-технологиялар» білім траекториясы

5

ZhBAT 0201

Жобаларды басқарудың ақпараттық технологиялары

Кредит саны– 3 (1+2+0), ECTS кредитімен – 5

Пререквизиттер – 33 кредит

Постреквизиттер – «Эксперттік жүйелер», «АЖ программалық қамтама»

Оқыту мақсаты: Жобаларды басқару әдістерін меңгеру, қазіргі арнайы программалық жабдықтарды пайдаланып оларды іске асырудың тәжірибелік дағдысын алу.

Қысқаша мазмұны: Жобалар және жобаларды басқару. Жобаларды басқару әдістерінің қысқаша мінездемесі. Жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық аспектілері. Жобаларды басқару процесстері. Жобаларды басқару жүйелері. Жобаларды басқару жүйелері MSProject. Жобаның негізгі элементтері туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі. Project көмегімен жобаларды алдын-ала егжей-тегжейлі түрде жоспарлау. Project көмегімен жобаны орындау мен талдау процестерін сүйемелдеу. Project-ң қосымша мүмкіндіктері.

Оқытудан күтілетін нәтиже


    Білімі: Жобаларды басқарудың мәнін, осы қызмет түрінің мақсатын, жоба менеджерінің шешетін мәселелерін, жоба менеджерінің қызметінің нәтижесін бағалау критерийлерін біледі.

    Іскерлігі:Жобаларды басқарудың пәндік облысында басқару шешімдерін негіздей білу, жобаларды басқарудың қазіргі программалық жабдықтарын қолдана білу.

Дағдылары:Жобаларды басқарудың қазіргі программалық құралдарын қолдана білу дағдысын алу.:

Біліктілігі:Жобаларды басқару әдістерін білетіндігін, қазіргі арнайы программалық жабдықтарды пайдаланып оларды іске асырудың тәжірибелік дағдысын көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы С.Б.Кайсанов

6

WEBG 0202

Web графика

Кредиттер саны– 3 (1+1+1), ECTS кредитімен-5



Пререквизиттер – 111 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Пәннің мақсаты-Web-программалау туралы білім алу, Web-сайттар мен Web-интерфейстерін деректер базасына программалау үшін JavaScript, VBScript, ASP, Perl, PHP тілдерінің мүмкіндіктерін меңгеру

Қысқаша мазмұны: Компьютерной графика теориясы.

Web–интерфейс ерекшеліктері. Web-бет және оның элементтері. Сайт және оның элементтері. Объектінің, пайдаланушының ақпараттық құрылымы мен сайт сәулеті арасындағы өзара байланыс.



Портал: міндеті мен сипаттамасы (характеристикасы). Таңба тілдері мен олардың аспаптары. Web-жоба Web-бетті, сайтты, порталды іске асыру процесі ретінде. Оның кезеңдері: жобаны анықтау, сайт құрылымын құрастыру, визуальды интерфейсті жобалау, құру және интеграция, енгізу және сүйемелдеу, usability-тестілеуі, бәсекелестік талдауы. Web-жобаларды іске асыру аспаптары. Динамикалық эффекттер құру. Анимациялар құру. Интерактивті сайттар құру

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: HTML-да скрипттердің қалай жөнделетіндігін, айнымалылар, тұрақтылар, өрнектердің, функциялардың сипатталуын, жолдарды енгізуді, меншіктеу, тармақталу, қайталау командаларын іске асыруды білу, JavaScript функцияларын, объект ұғымын, тұрақты объектілері мен қолданушы объектілерін, объект ретінде массивті, объект қасиеттерін, JavaScript программаларында қатені іздеуді іске асыруды білу.

Іскерлігі: ақпаратты енгізу және шығаруды программалау, негізгі алгоритмдік конструкцияларды қолданып программалау, JavaScript-те функциялар құра білу, массивтермен жұмыс істеу, объекттер құру, қалыптар құру, қарапайым динамикалық web-беттер құру қабілеті болу керек.

Дағдылары: Мәселелік-бағытталған Web-ресурстарды жобалау, құру дағдысы бар.

Біліктілігі: Web-құрастыру мен Web-программалаудың мәселелері, тенденциялары мен даму перспективалары туралы базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Г.Ж.Ерланова

7

WEBP 0203


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет