Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата03.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#450322
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Кесу теориясы материал

Кесу  температурасы.  Құралға  кететін  жылу  үлесінің  өте  аздығына
қарамастан, құралдың  алдыңғы  бетіндегі  орташа  температура  жоңқаның
орташа температурасынан  бірнеше есе асады (38 сурет).
38 сурет. Кесу жылдамдығының кесу мен жоңқаның орташа температурасына əсері
39 суретте құралдың алдыңғы бетінде түйіспе аумағының түрлі нүктелері
үшін  θ
x
  температураның  өзгеруі  көрсетілген. Максималды  температура
жуықтап  алғанда, түйіспе  енінің  жартысында  жатқан  нүктеге  сəйкес. Түйіспе
аумағының соңына жəне құрал жүзіне қарай температура кемиді.
39 сурет. θ
x
температурасының түйіспе аумағының ені бойынша, болатты жону
кезінде өзгеруі 40Х (t = 1,5 мм; S =0,21 мм/об.;
u
 = 115 м/мин)


50
Құралдың артқы бетінің кесу бетімен түйіскен аумағындағы температура
бөлінуі  де  бірқалыпты  емес. Сондықтан, кесу  температурасы  θ  деп, құралдың
жоңқа  мен  кесу  бетімен  түйіскен  аумағындағы  орташа  температураны
түсінеміз, б.ж.
q
 = θ
п.ср
·
 С
1 +
 θ
з.ср
·
С
2 /
С
1
·
С
2
                                  (44)
         
бұл  жерде,   θ
п.ср.
  жəне  θ
з.ср
 – артқы  жəне  алдыңғы  беттердегі  орташа
температура;
                  С
1
 жəне С
2
 – артқы жəне алдыңғы беттердегі түйіспе аумағының ені.
         Нақты бір материалды жону кезінде кесу жылдамдығы мен кесілетін қабат
қимасы (а
´
b) үлкейген  сайын  θ  өседі. Бірақта  олардың  кесу  температурасына
əсері  бірдей  емес. Өлшеулер  негізінде, əртүрлі  құралдармен  жұмыс  істеген
кезде θ  мен ab жəне
u
 өзара байланыстыратын формула алынады:
                                   θ = С
θ
·
u
m
·
a
n
·
b
q
                                                        (45)
         
Формуладағы  С
θ
  коэффициенті  өңделетін  материалдың  түрі  мен
механикалық  қасиеттерінен, құралдың  геометриялық  параметрлері  мен
қолданылатын  СОЖ  тəуелді. Қандай  да  болмасын  өңдеу  кезінде m, n жəне q
көрсеткіштерінің мəндері бірдей емес: m>n>q.
Температураны  анықтау  əдістері.  Деформация  зонасы  мен  құралдың
түйіспе  беттеріндегі  жылу  құбылыстарын зерделеудегі аналитакалық əдістерді
қолдануда  қол  жеткізген  табыстарға  қармастан, эксперименттік  əдістер
өздерінің  қарапайымдылығы  мен  сенімділігі  арқасында  зерттеудегі  негізгі
құрал болып саналады. Зерттеудің негізгі обьектілері болып саналады:
а) кесу  кезіндегі  бөлінетін  жылу  саны  мен  оның  жоңқа, тетік  жəне  құрал
арасында бөлінуі;
б) құралдың түйіспе беттеріндегі болатын температура;
в) деформация зонасы мен құралдың кесу сынасындағы температура өрісі.
Эксперименттік  əдістер  сапалық (термокраска  əдісі, «құбылма  түсті» əдісі)
жəне сандық (калориметрлік жəне термобу əдістері) болып бөлінеді.
Бұл əдістер тереңірек зертханалық жұмыстарда қарастырылады.
Нег.: 1
[ 48-53], 2 [ 51-60]
Бақылау сұрақтары:
1. Кесу зонасындағы жылу мен температура.
2. Кесу зонасындағы жылу көздері. Жылу ағынының жоңқаға, тетікке
жəне құралға баруы.
 3. Температураны анықтау əдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет