26
14 сурет. Жоңқа элементіндегі бөлгіш
тордың өзгеруі
Механикалық жəне рентгенографикалық əдістері. Бұл əдістер өңделген
беттің астында жатқан, беткі қабаттың жағдайын зерделеуге қолданылады.
Давиденко Н.Н. жасаған механикалық əдіс, кристалдық түйіршік размерінен
үлкен дене жағында теңесетін, бірінші тұрғыдағы кернеуді анықтау үшін
қолданылады.
Рентгенографикалық əдіс көмегімен, кристал түйіршігінің
ішіндегі екінші тұрғыдағы кернеуді, илемділік деформациясы салдарынан
болған түйіршіктің майдалану дəрежесі мен текстура құрылуын зерделейді.
Қалдық кернеу шамасы туралы рентгенограмманың интерференциялық
сақиналарының жуылуы мен жылжуы бойынша, түйіршіктердің майдалану
дəрежесі туралы - интерференциялық сақиналарды құрайтын нүктелердің
үлкейуі бойынша, ал деформация текстурасының сипаты туралы -
интерференциялық сақиналардың қалыңдауы бойынша жорамалдайды.
Кесу кезіндегі жоңқалану. Кесу кезіндегі алынатын қабаттың жоңқаға
айналуы материалдың илемділік деформациясы процесінің бір түріне жатады.
Илемділік деформациясының негізгі белгісі болып дененің сырт күштері
əрекеттерінен тұтастығы бұзылмай, пішімінің қайтымсыз болып өзгеруі
саналады. Дене көлемінің өзгерген жағдайын үш негізгі түрге бөледі:
керілу,
Достарыңызбен бөлісу: