Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет303/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   615
3-106-2015-2-chast

Түйін сөздер: инновациялық технологиялар, тарихты оқыту әдістемесі, сын тұрғысынан ойлау, Түркия, 
КСРО, сыртқы саясат.
Қазіргі заманғы оқу орындары тек білімді адамды дайындап қана қоймай, шығармашылығы 
жағынан дамыған, жылдам өзгеріп жатқан мына әлемнің жағдайларына бейімделе алатын, қоғамда 
болып жатқан саяси өзгерістерді өздігінен талдай жасай алуға қабілетті адамды қалыптастыруға 
күш салуы қажет. 
Сонымен бірге бітірушілер өзіндік қызметті оңай ұйымдастырып, өзі еркін шешім қабылдай 
білетін және іс әрекетіне жауапкершілікпен қарай алуы қажет. Ұзақ жылдар оқу орындарында оқу 
процесінде оқытушы студентке білім мен шеберлікті, іскерлік пен дағдыларды беруімен өлшеніп 
келді. Алайда қазіргі таңда бұнымен шектелу жеткіліксіз екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Білім 
қазіргі заманның қарсылықтарына жауап бере алуы, жаңа әлеуметтік құбылыстарға бейімделе 
алуға үйретуі қажет. Білім берудегі инновациялық әдістер тұлғаны болашақ өмірге дайындауға 
бағытталуы қажет. 
«Инновация» ұғымына өте көптеген анықтамалар берілген, бірақ негізгі ұғымы жаңашылдық, 
жаңалық енгізу деген мазмұнды береді. Жаңалыққа дәстүрлі жүйеге қанағаттанбайтын адамдар 
ұмтылады. Қазіргі заманғы студенттермектеп қабырғасынан-ақ өзінің болашақ өміріне байланысты 
нақты мақсаттар қояды. Олардың білім беру процесінде пассивті студент болғысы келмейтіні 
қуантарлық жағдай. Оларға білімді дайын күйінде алу қызықты емес. Ондай студенттер сабақта 
оқытушымен бірдей жұмыс жасағанды жақсы көреді. Мұндай жағдайда педагог дер уақытында 
студентке назар аударып жұмыс жасамаса, студенттер тез арада оқу процесінің пассивті 
қатысушысына айналуы мүмкін. Білім берудегі негізгі инновациялық әдістерге мәселелік және 
жобалық әдістер, зерттеушілік әдістер, модульді-редуктивті оқыту, ой арқылы шабуылға шығу,
ойын технологиялары, кеңес беру әдісі тағы басқалар жатады [1]. 
Білім берудегі иновациялық процесс зерттеушілік қызметпен өте тығыз байланысты. Заманауи 
адам үнемі зерттеушілік, белсенді ізденіс үстінде болуы тиіс. Сондықтан білім беруде зерттеушілік 
және жобалық оқыту әдістеріне деген қызығушылық өте жоғары. Студенттер бойында жаңалықты 
іздеуге деген қажеттілік мен қабілетті қалай дамытуға болады? Оны мәселені көре білуге, 
гипотезаларды құрастыруға, сұрақ қоюға, бақылау жасауға, ой қыртындысын тұжырымдауға
жүйелеу мен түсініктерге анықтама жасауға қалай үйретуге болады? Бұл сұрақтар заманауи оқу 
орындарының ең өзекті сұрақтары болып табылады. Мен А.И.Савинковтың өзіндік зерттеушілік 
қызметіне немесе жобасына әртүрлі нұсқаларды пайдалана отырып, студент зерттеушілік ізденісті 
қалай жүргізу керектігін өзі үйренеді деген пікірімен келісемін. Ал егер студенттің зерттеушілік 
қабілеттерін арнайы дамытпаса, онда олар неден бастарын білмейді [2]. 
Менің педагогикалық қызметім барысында тарих сабағында және «Екінші дүниежүзілік соғыс 
кезіндегі КСРО мен Түркия қатынастары» атты таңдау пәнінде басқада инновациялық бағыттарға 
мәселелік оқыту, тірек конспектілерді, ойын арқылы оқыту технологиясын, информациялы
-
коммуникациялық технологияларды пайдаланамын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет