Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет300/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
249
Сөйтіп, технологиялық оқыту болашақ маманның іс-әрекеттік тәсілмен білім алуына, кәсіби 
және тұлғалық икемділіктер мен дағдыларды практикалық-бағдарлы меңгеруіне, алған білімін 
практикада пайдалана білуіне мүмкіндік туғызады. Міне, бұл заман талабына жауап беретін 
құзыретті маман даярлаудың кілті болмақ. 
Түлектердің жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру басты аспекті болып табылады. Нарық 
сұранысын қанағаттандыратын маман дайындағымыз келсе, жұмыс берушілер ЖОО-мен бірлесе 
қоғамдық қарым-қатынас негізінде осындай тәжірибені қолға алғаны жөн. Сонымен қатар, өз 
мамандығын теориялық және практикалық тұрғыда толық меңгерген түлектің жұмыспен қамтылу 
көрсеткіші жоғарылайды.
Құзыреттілікке бағдарлап оқыту педагогикалық сараман, арнайы пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие 
жұмысының әдістемесі сияқты пәндерді пән мұғалімімен, басқа мұғалімдермен тікелей қарым-
қатынас жасай отырып меңгереді.
Студенттер оқушылармен қарым-қатынас жасау икемділігі қалыптасады. Мұның тағы бір 
жағымды тұсы, «Білім» тобындағы мамандыққа оқып жатқан студенттердің мектептердегі жаңа 
оқыту технологияларын игеруге мүмкіндік туады. Студенттердің мамандығы бойынша толық білім 
алуына ынтасы артады. 
Құзыреттілікке бағдарлап оқыту студенттің практикалық кәсіби икемділіктерінің жетілуіне 
көмектесуімен қатар, оның өнертапқыштық, работотехникалық, құрастыру, бизнес-инкубатор, 
т.с.с. ғылыми-практикалық жоба жұмыстарына қатысуға жол ашады. 
Болашақта құзыреттілікке бағдарлап оқытуға аса мән бере отырып, студенттердің оқу жоспарына 
өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, аудиториялық оқытуда пәндерді интеграциялаған жөн. Қазақ, 
орыс, шетел тілдерін немесе кәсіби шетел, кәсіби қазақ/орыс тілдері салыстырмалы оқыту және 
мемлекеттік тілде іс жүргізу, іскери қазақ тілі сияқты пәндерді модульдік технологияға негіздеп, бір 
модульге енгізуге болады. Ал, кәсіптік пәндерді оқыту университет пен мектеп базаларында өтуі 
керек. Студенттер ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімін өндірісте, кәсіпорындарда, 
бизнесте орындайды. Орта және шағын бизнесте жүрген түлектерімізбен байланыс аталмыш 
шараны жүзеге асыруға оң ықпал етіп отыр. 
Болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда колледждермен орнатылған байланыс 
технологиялық оқытуды ендіруге мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда, студенттер колледжде оқыту 
ерекшеліктерін зерттейді, оқу үрдісіндегі кредиттік және сызықтық оқыту жүйесіне салыстырмалы 
талдау жасайды, әдістемелік баяндамалар даярлауға үйренеді. Оқытушылар өзара ынтымақтастықта 
ғылыми-әдістемелік бірлескен жұмыстарды бастады. Колледж оқытушыларымен ақпараттық 
технологияны қолдану мәселесіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
«ЖОО-мектеп» сабақтастығын пәндік деңгейде (пәндік-бағдарлы өзіндік жұмысқа негізделген) 
құзыреттілікке бағдарлап оқытумен ұштастыра жүргізуді бастадық. Орал қаласындағы №38 
ЖОББМ базасында информатиканы оқыту әдістемесін өткізу тәжірибесі жүргізілді. Пәннің дәрісі 
университетте, зертханалық жұмыс пен ОЖСӨЖ, СӨЖ сабақтары мектепте өтеді. Студенттер сабақ 
өткізуге құлшына кіріссе, әдіскерлер мен пән мұғалімі олардың мұғалімге қойылатын талаптарды 
талап етеді. Студенттер оқушылармен тіл табысып, педагогикалық ұжымда жұмыс жасауға үйрене 
бастады. Құжаттармен, оқушылармен қарым-қатынас жасауға бейімделеді.
Бұл туралы «Информатика» мамандығының студенті Сабенова А.С. былай деп өз пікірін 
тұжырымдайды:

Құзыреттілікке бағдарлап оқыту бойынша Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
физика-математика факультетінің информатика 3 курс студенттері «Информатиканы оқыту 
әдістемесі» (Медешова А.Б.) пәнін университетте және №38 орта мектепте өткен едік. Оқу 
барысында алған біліміміз, тәжірибеміз көп болды.

Мектепте жұмысты неден бастау керектігі жөнінде ойландым.

Мектепте ұжыммен жұмыстануды, ұжымдағы ынтымақтастық, ауызбіршілікте жұмыстануды 
үйрендім. 

Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен, пән мұғалімінің сабақ жоспарымен таныстым.

Әр сабақтың жоспарын дәстүрлі, құзіреттілікке бағдарлап және Блум таксоманиясы 
бойынша дайындауды үйрендім. 

Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу, шығармашылық материалды таңдау, тәрбие 
сағаттарына көрнекі құралдарды дайындаудан тәжірибе жинадым. 

Сыныптағы оқушылардың психологиялық ахуалын зерттеп, мектеп психологымен
кеңестім




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет