Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет332/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
276
«Алғашқы мәселе, біздің қазіргі халіміздегі ең ауыр, ең қиын мәселеміз. Балалар жерде отырып, 
жерде жазады, әйнектің шынысы жоқ есіктің тақтайы жоқ, жағатын пеші жоқ. Бүйтіп көрінген 
қазақтың үйін мектеп кыла берсек, әрине, біз халық ағарту жұмысында алға кете алмаймыз. Мектепте 
тәрбиелеудің орнына, біз одан балалардың көбін ауру етіп шығаруымыз мүмкін. Сондықтан бұл 
жұмыс біздің өте ескеретін мәселелеріміздің бірі. Осы күнгі жалпы Кеңестер Одағында өкімет те, 
Қазақстан мектебі де осыған назар салғалы отыр. Бірақ үнемі өкіметке ауырлықты арта бермей, 
бір жағынан, елдің өзі де бұл іске кірісуі керек. Әсіресе біздің ауылда отырған мұғалімдеріміз 
бұл туралы қолдан келген жәрдемді аямай, елге түсіндіруді өзінің адамшылық борышының бірі 
деп санауы керек. Екінші мәселе, оқитын кұрал даярлау керек, осы күнге дейін біз бұл мәселе 
туралы анық, ашық жолға түскеміз жоқ. Бастауыш мектептің керек-жарағын бітірмей жатып 
үлкен дәрежелі орындарда оқитын алгебра, тригонометрия кітаптарды шығарғалы отырмыз. 
Орта дәрежелі мектептерге қандай оқу құралы керек, оның қаншасы даяр, қаншасы жетіспейді. 
Бұл туралы біздің мағлұматымыз өте нашар. Сонымен сол мәселені түбінен қопарып, қайта шешу 
керек. Ең әуелі дұрыстап жалпы нысананы қағып алып, содан кейін қалай жүретінімізді белгілеу 
керек. Менің ойымша, қазіргі мәдени күшімізге қарағанда бүкіл мектепке /бастауыш, орта, бас 
мектеп/ оқу құралын бір аз уақытта қылып шығарамыз деу үлкен қате нәрсе, бұл қолымыздан 
келмейтін құрғақ қиял. Бұл қиялды әзірге тастай тұру керек. Біздің бүгінге қоятын жоспарымыз тек 
бастауыш мектептерге ғана оқу құралдарын даярлау. Бұдан әрі күште, қаражат та жетпейді. Осыны 
бір бітіріп алып, әрі қарай аяңдау керек. Оған дейін күшті бөлмей, бір жерге салу керек. Үшінші 
біздің мәселеміз - тіл туралы. Бұл мәселе тегінде біраз таласқа түспей болмайды. Соңғы жылдар 
тәжірибесі қазақ тілі кейбір мектептерде пайдасы болмай шыққанын көрсетіп отыр. Бұлай болудың 
себебі: ең әуелі қазақ тілінде дұрыс оқу құралы жоқ. Қазақша оқыта білетін ірі білімді адамдар кем. 
Оның бер жағында өнер-білім алу үшін жалғыз оқу құралы тағы да қанағаттандырмайды. Мысалы, 
физика туралы бір ғана оқу кұралы болса, ол физиканы зерттеп білу үшін, оқушыға тағы да қосымша 
әдебиет керек. Жаратылыстың бар күмәнін бір ғана кітаппен зерттеп-білу үшін адам мүмкіншілігі 
жоқ. Бұл мәселе талқыға түсіп, бір пікірге қосылғанша, біздің әзірге айтатынымыз мынау: қазақша 
тіл бастауыш мектепте ғана болсын, ондағы сабақтың кем дегенде төрттен бірі орыс тілі болсын. 
Орта дәрежелі, одан ілгері мектептердің бәрінде орысша оқытылсын» [3, 63].
1926 жылғы «Жаңа мектеп» журналының нөмірлері Ә. Бөкейхановтың ескертпелерінен 
қорытынды шығарып, жалпылай емес, тікелей оқытушыларға, педагогикалық мәселелерге арналған 
мақалалар шығара бастады.
Сонымен қатар журнал бетінде Әлихан Бөкейханов жалпы міндетті бастауыш оқу туралы былай 
деп: «бастауыш мектептердің 3, 4-жылдарындағы баланы дұрыстап оқытып, дұрыстап тәрбие беретін 
ысылған қазақ мектептері жеткіліксіз, сондықтан төрт жылдықты бітірген қазақ балалары жеті 
жылдық мектепке, жеті жылдықты бітіргендер техникумдарға еніп келеді, бұларды жалғастырамыз 
деп техникумдар жанынан түрлі даярлық бөлімдері, курстар ашылып, жалпы Кеңестер Одағында 
жоқ, әдістерді қолдануда» жазады [4]. Сонымен қатар осы мақаласында үкіметтің ағарту жұмысына 
бөліп отырған қаражатын нақты мәліметтер арқылы дәлелдеп, аз екендігін көрсетеді. 1926 жылы 
жергілікті қазынадан Қазақстанның әрбір адамына ағарту жұмысына 1 сом 35 тиын жұмсалған, 
ал РСФСР-да жан басына шаққанда орта есеппен 2 сом 60 тиын, үй салуға жұмсалған қаржыны 
есептегенде бастауыш мектептің әрбір оқушысына 18 сом 55 тиын, РСФСР-дың әрбір оқушысына 
20 сом 75 тиын құраған. Ә. Бөкейханов Қазақстанда жергілікті халықтың 20 пайызы, 
орыс балаларының 55 пайызы оқытылып отырғанын айтып, Қазақстанда жалпы міндетті бастауыш 
оқуды жүргізу қиынға соғатынын көрсетті [4].
Ә.Бөкейхан оқыту әдістеріне де өзіндік талдау жасаған. «Серуен жасап зерттеу әдісі» деген 
мақаласында осы оқыту әдісі, оның білім игерудегі артықшылықтары туралы жан-жақты баяндайды. 
Теория мен практиканың, яғни білім мен тәжірибенің арасындағы тығыз байланысты дұрыс түсініп, 
былай дейді: «Шын білім тәжірибеде ғана туады. Білім жолының негізі тәжірибе болады, жаттап 
алып білген білім кісіден сұрап киген тон сияқты. Тойда тонымды бер деп шешіп алғандай, жаттап 
алып білген білім мектептің табалдырығын аттай бере, естен шығады да ұмытылады...Ақыл зерек 
тексеріп тергеп, терең бойлап тоқып, кестелеп көзбен көргеннен, қолмен ұстағаннан қорытынды 
шығарады. Бұл неше сыннан өтіп, таспадай сыдырылып, таяқтай жанылып, білім негізі болып 
шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет