Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет392/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
325
Танымдық ойындар оқыту мен тәрбиелеу бірқатар міндеттерін бірден шешуге мүмкіндік береді. 
Олар шығармашылық қабілеттің дамуының тамаша құралы болып табылады. Бұл ойындар баланың 
дүнетанымын кеңейтудегі қажеттілікті қалыптастырады, шығармашылық ойлауды дамытады. 
Оларға танымдық ойындардың барлығы – «Эрудиттер сайысы», «Не? Қайда? Қашан?», КТК 
(көңілді тапқырлар клубы) байқаулары, білгірлер сайысы, викториналар жатады. 
ТТШТ-технологияларын қолдана отырып, балалардың ұсынылған алгоритмдерді үлкен 
қызығушылықпен меңгеретінін байқауға болады және оларды өзіндік оқу және сыныптан тыс іс-
әрекетте ойдағыдай қолданады. ТТШТ-технологиясын пайдалану нәтижесі - оқушылардың алған 
білімдерін шығармашылықта қолдануды қамтамасыз етеді, белсенділігі мен мотивациясын көтеруге 
әсер етеді, өз бетінше ұйымдастыру мен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әмбебап шығармашылық 
қабілеттілік – бұл жеке ерекшеліктер, адамның әртүрлі шығармашылық іс-әрекеттегі жетістігін 
анықтайтын қасиеті. 
Балалық шақ шығармашылық қабілеттің дамуы үшін бай мүмкіндіктерге ие. Өкінішке орай
бұл мүмкіндіктер уақыт өте келе қайтымсыз түрде жойылады, сондықтан да оларды мектептегі 
кішкентай кезінен бастап мүмкіндігінше тиімді пайдалану керек. Шығармашылық қабілеттің 
дамуы тек олардың қалыптасуына қолайлы болатын жағдайды орнатқанда, белгілі бір шарттарды 
құрғанда ғана ойдағыдай болуы мүмкін. Ондай шарттарға жатады:
1. Балалардың физикалық және интеллектуалдық ерте дамуы;
2. Баланың дамуын анықтайтын жағдайды жасау;
3. Бала өзінің мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейіне дейін жетуді талап ететін өз бетінше шеше 
алатын тапсырмалары;
4. Іс-әрекетті таңдауда балаға еркіндік беру, істің қайталануы, бір іспен айналысу уақытының 
ұзақтығы және т.с.с.
5. Үлкендердің достық көмегі.
6. Жайлы психологиялық жағдай, үлкендердің баланы шығармашылыққа ұмтылысын 
ынталандыруы.
Тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін 
тиімді дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар қажет:
1. Мектептерде білім беру бағдарламаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған 
арнайы сабақтарды енгізу.
2. Бейнелеу, ән, еңбекке баулу сабақтарында балаларға шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды 
беру, ТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдануды ендіру.
3. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын арнайы ойындарды қолдану.
4. Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналар жиналысының тақырыптық жоспарына ТТШТ-
технологиясы тәсілдерін кіргізеді. 
ТТШТ-технологиясының әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, шығармашылық еңбекті ұйымдастыру 
тәсілдерін оқиды, жұмбақтар, метафоралар және ертегілерді жаттауды үйренеді, психологиялық 
инерцияны жеңуді үйренеді. Балаларда жаңалыққа деген ұмтылыс пайда болады. Іс-әрекеттің алуан 
түрлерін орындай отырып, балалар өздерінің шығармашылық өнімдерін жасайды. Тіпті ең әлсіз 
баланың өзі әрқашан өзінің маңыздылығын сезінеді, өз күшін тексереді, өзін жаңаны жасаушы 
ретінде сезінеді. Ал, «мадақтауға» шығармашылық қуанышы, «Мен жасай аламын», «Менің 
қолымнан келеді» деген сезімдер қызмет етеді. ТТШТ әдіс-тәсілдерін қолдану оқу іс-әрекетінің 
мотивациясына, танымдық қызығушылықтың жоғарылауына әсер етеді, және оқушылардың білім 
сапасын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет