Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет389/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
322
аламыз және сирек ... Кез-келген бастапқы бар нәрсе, қабілеттілікке айналмас бұрын, үлкен даму 
жолынан өтуі керек. Бала өмірінің алғашқы жылдары – бұл шығармашылық қабілеттің дамуына 
деген алғашқы серпіні.
Мұны ми жасушаларының арасындағы байланыстың қандай мөлшері әрекет еткенімен 
түсіндіруге болады. Әрбір бала туғаннан ми жасушаларын байланыстырып тұратын бай талшықты 
торға ие, бірақ бұл тек потенциалды, ықтималды байланыстар. Тек белгілі бір жүйке құрылымдары 
іске қосылғанда, сол және басқа да қабілеттер қызметін бастағанда және «байланыс сызықтары» 
арқылы биоток жүре бастағанда ғана олар шынайы, әрекетшіл бола алады. Бала кішкентай болған 
сайын, байланыстардың түзілуі оңай жүреді, ал жас өскен сайын ол қиындай береді.
Қызықты, баланы сөйлеуге үйреткен кезде ешкімде де сұрақтар туындамайды. Ешкім де 
олармен сөйлесуді бастау керек па, жоқ па деп ойланбайды. Бала туылғанға дейін, олар әлі ештеңені 
қабылдамайтын кезде жай ғана сөйлеседі. Бес, он ай өтеді, алғашқы сөз айтылған сәті басталады!
Осы сәт болуы үшін жағдай алдын ала қамтамасыз етілді, олар тілдің дамуын басып озды, оны 
үздіксіз ынталандырды және мидың сәйкес бөлімдерінің жетілуі ойдағыдай өтті.
Ал, егер басқа қабілеттердің дамуында солай жасасақ ше: баланы ертерек оның алуан түрлі 
шығрмашылық әрекетін ынталандыратын, сондай ортамен және сондай қарым-қатынас жүйесімен 
қоршасақ? Міне, шығармашылық қабілетіліктің ең тиімді дамуының маңызды шарты осыдан 
тұрады. Қабілеттілік деп сол және басқа да әрекеттің жетістігі мен өнімділігін қамтамасыз ететін 
тұлғаның қасиетін айтады. Маңыздылығына қарай, әрбір қажеттілікке өзінің қабілеті сәйкес келеді. 
Адамның өзінің қабілеті белгілі бір оң тәжірибенің барлығы олардың қолданылуы сонымен қатар, 
көп жағдайда оның мінез-құлқы мен өмірлік әрекетін анықтайды [1]. Шығармашылық қабілеттілік 
- материалдық және рухани мәдениет пәндерін құру, жаңа идеялар, жаңа ашылулар, жаңалықтар 
өндірісі, бір сөзбен айтқанда адам іс-әрекетінің әртүрлі саладағы жеке шығармашылығы. Егер 
баланың бойында шығармашылық қасиет болса, онда ол үнемі ойландырады және қабілеттілікті 
бақылау мен дамыту құралы ретінде өз бетінше сүйікті ісі болады. Шығармашылық іс-әрекет 
әрқашанда қандай да бір жаңаны жасаумен, өзің үшін жаңа білімді ашумен, өз бойыңдағы жаңа 
мүмкіндіктерді айқындаумен байланысты. Бұл өздігінен білімге, қосымша жігерге деген күшті 
және іс-әрекеттік ұмтылыс (стимул) болады. Мұндай іс-әрекет өзін-өзі бағалауды нығайтады, талап 
ету деңгейін жоғарылатады, өзіне деген сенімділікті және жеткен жетістікке қанағаттану сезімін 
тудырады.
Отандық педагогикада шығармашылық және шығармашылық қабілет өте кең түрде 
қарастырылады. Тек шығармашылық ойлау тұлғаның шығармашылық бағыттылығының 
барлық аспектілерін бейнелемейді. Шығармашылықта қабылдау да, елестету де, тіпті- қиял да 
маңызды. Шығармашылық ойлау заңдылықтарын түсінудегі алғашқы қадамды атақты ғалымдар 
жасады – ежелгі философтар Архимед, Гераклит, кейінірек Д.Бекон, Р.Декарт және басқалар. 
Олар шығармашылықпен аналитикалық ойлауға деген шығармашылық қабілеттілікке ие 
арнайы дайындалған тұлғалар айналысуға қабілетті деп білді. Олар «құдайдың сыйы» ретінде 
(дарындылық) арнайы дайындықты (техникалық шығармашылыққа жаттыққандық) айтты және 
бұл дарындылықты өте шектеулі, кейде тіпті дәулеті ортағы тұлғаға қосып жазды. 
Шығармашыл адамдар туралы қазіргі көзқарастар олардың тек туа бітті бәрін байқау және 
айналасындағының барлығын өзгерту қабілеттерінде емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікте немесе 
жан-жақты білімде негізделеді. Кәсіби шеберлікті оқу үдерісі алдағы уақыттағы шығармашылық 
іс-әрекеттің бірден бір факторы болып табылады. Қандай да бір іс-әрекет саласында азды-көпті 
маңызды жаңалық жасау мүмкін емес екені белгілі, егер сол іс-әрекет жөнінде жақсы және кәсіби 
көзқарас, елес, ой-пікір болмаса. Шындығында, кейде ерекшеліктер болып жатады, бірақ та олар 
сол көзқарастарды заңдылық ретінде қабылдауға болатынын дәлелдейді [2].
Біз қай уақытта шығармашыл түрде ойлай бастайтынымызды анықтау өте қиын. Ойлау адамның 
қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар және олардың арасындағы байланысты тануды, өмірлік 
маңызды міндеттерді шешуді, белгісізді іздеуді, болашақты болжауды көрсетеді. Ойлау – бұл ақыл-
ой жұмысы, мидың онда сақталған білімді, келіп түскен ақпаратты қайта өңдеу және нәтижелерді 
алу үдерісі: басқарушылық шешімдері, шығармашылық өнім, жаңа білім [1]. Психологтар 
ойлаудың екі түрін ажыратады: конвергентті (жабық, шығармашылық емес) және дивергентті 
(ашық, шығармашылық). Конвергентті ойлауға ие тұлға типін «интеллектуалды», ал дивергенттіні 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет