Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет418/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
346
халықаралық деңгейде қарастырылады. Кейде уақытша асырап алушы отбасы да кездеседі. Бұл 
біздің қоғамымыздағы жаңа құбылыс. Бұл балалар өз отбасыларынан тез кетуге мәжбүр болғаңда, 
мысалы, өз отбасында дағдарыстық жағдай болғанда, ата-аналары тарапынан жұқпалы аурулар 
пайда болғанда және т.б. жағдайларда орындалады.
Уақытша бала асырап алушы отбасылары дамыған елдердегі балаларды қорғаудың негізгі 
формасы ретінде кеңінен қолданылып келеді. Кейде бала уақытша қабылдаған отбасыларында 
ұзақ мерзімде қалып кояды. Әртүрлі бала асырап алатын отбасылары мен олардың қызметтеріне 
қарамай олармен жұмыс жүргізуді, яғни әлеуметтік-педагогикалық қызметті мынадай етіп бөліп 
көрсетуге болады:
- отбасыларын іріктеу;

ата-аналарды анықтау;
- балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша олардың әрекеттерін жаттықтыру.
Әлеуметгік педагогтың қызметі қашан да осы іске қатысы бар басқа да мамандар қызметімен 
байланыста жүзеге асырылады. Олар әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, психологтар
дефектологтар және т.б. Асырап алушы отбасыларын іріктеуде әлеуметтік педагог басқа 
мамандармен бірге олардың бала асырап алудағы мотивтерін білуге, баланы тәрбиелеп жетілдіруге 
мүмкіндіктерін, отбасындағы өмір сүру жағдайы қандай екендігін біліп, анықтайды. Бала асырап 
алуға өз балалары бар отбасылық жұптар да, балалары жоқ отбасылық жұптар не жұбайлар, толық 
емес отбасылары, жалғыз басты адамдар құқылы. Ондағы басты себеп мынадай болуы мүмкін:
- бала табуға мүмкіндігі болмағандықтан, бала асырап алуға ниетінің болуы;
- өз баласының қайтыс болуы;
- өз балаларының ересек болып кеткендігіне байланысты балалы болуға деген ықыласы;
- көмекке мұқтаж балаларға деген жанашырлық;
- жалғыздық сезім;
- діни мотивтер, яғни сауабын алу, жетімді есіркеу және т.б. Негізінен бала асырап алатын ата-
аналарда бір емес, бірнеше мотивтер болуы да мүмкін. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет кез кел-
ген әрекеттер секілді мақсатпен, әрекеттің объектісі мен субъектісінен, оның функцияларынан, әдіс-
тәсілдерімен анықталады. Әлеуметтік педагогтың бала асырап алған отбасыларымен жүргізетін 
жұмысының негізгі мақсаты - баланы отбасында дұрыс тәрбиелеу мен дамытуды қамтамасыз етуге 
көмектесу болып табылады. Әрекеттің субъектісі ретінде әлеуметтік педагог және басқа да маман-
дар алынады. Қызметтің объектісі отбасы болып табылады. Әлеуметтік педагогтың бала асырап 
алушы отбасыларымен жүргізетін жұмысын төмендегі кестеден көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет