№ 3 (106) 2015
385
анықтамаларынан түйген ой-тұжырымымыз: ақпарат, бұл – адамдардың қарым-қатынасындағы
мәліметтер мен білімдер, бірақ ең алдымен, обьективті әлемдегі маңызды үдерістер.
Ақпарат қоғамына байланысты әртүрлі салалар бойынша мазмұндық мәні бар және адамның
ақпаратпен жұмыс істеу іс-әрекетіндегі біліктілік – ақпараттық құзыреттілік болып табылады. ҚР-
ның
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей, «ақпараттық
құзыреттілік – ақпараттық технологияларды меңгеру, ақпараттың барлық түрлерімен жұмыс істей
білуі» болып табылады.
Болашақ мамандардың ақпараттық-кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі алдыңғы
кезекте оқыту үдерісін ақпараттандыру және оқу іс-әрекетінің барлық түрінде ақпараттық
технологияларды пайдалану үдерістерін үлгілеу мәселесімен байланысты. Бұл тұрғыда, компьютер
қоршаған әлемді танудың құралы болып табылады. Осы орайда, ақпараттық технологияларды
пайдалану тиімділігі, білім беруді дербестендіру мүмкіндіктері мұғалімдердің ақпараттық-кәсіби
құзыреттілігінің деңгейіне, білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдануға тәуелді
болады. Зерттеушілердің пікірінше, құзыреттіліктердің ішіндегі маңызды компоненттердің
бірі ретінде ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру, мұғалімдердің ақпараттық дүниетанымын
қалыптастыру және оның сыртқы ақпараттық кеңістікпен өзара әрекеттесу мәселелері алынады.
Себебі, бұл – ақпараттық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.
Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы бастауыш мектеп мұғалімі
кәсіби қызметінің сапалық мазмұнына қойылатын талаптармен танысып, мұғалімнің үздіксіз
даму үрдісіндегі әлеуметтік-мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына
бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын,
құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын
педагог болу керек екенін өздерінің міндеті ретінде түсінуі керек деп есептейміз.
Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен,
білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеуі қажет. Қазіргі кезде мектепте
білім беруді дамыту негізіне құзыреттілік тәсілге сүйену ұсынылылуда. Құзыреттілік тәсілде басты
назар білім нәтижесіне аударылуды талап етеді, әрі оқытудан күтілетін нәтиже ретінде оқушы
игерген ақпараттар жиынтығы емес, оның түрлі проблемалық жағдаяттарда әрекет ету қабілеттілігі
қарастырылады.
Қазіргі кезде ақпараттық білім берудің нәтижелерін белгілеу ретінде, «ақпараттық мәдениет»
термині қолданылуда. Қазіргі мамандардың ақпараттық мәдениеті білімдік және қызметтік болып
екі түрге бөлініп, қарастырылады. Білімдікке кәсіби білімділік пен кәсіби бағдар жатады, ал
қызметтікке кәсіби ізденіс пен кәсіби тәжірибе жатады.
Кәсіби лайықтылық – оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдістерін табуға және
дамытуға бағытталған ойлау стилінің қалыптасуы.
Кәсіби шеберлік – кәсіби сауатты шешім қабылдай білу тәжірибесінің болуы.
Сонымен, бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық мәдениетінің мазмұны екі бөліктен:
білім жүйесі және қызмет жасаудан тұрады (сурет 1).
Болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті
мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын
ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан
шығарудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын
береді. Оның сапасы алған білімнің көптігін емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда
мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге жасалған шолу бұл
мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық
тұрғыда аз зерттелуі, болашақ мамандардың құзыреттілігін арттыруға мүмкіндіктің берілмеуі
біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан
дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық
инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді
қажет етеді.Ғалымдар мұғалімдердің құзыреттіліктерінің құрылысын жалпы кәсіби құзыреттілік,
арнайы кәсіби құзыреттілік деп бөліп саралайды. Жалпы кәсіби құзыреттілік – мұғалімдердің
жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен дайындығы арқылы анықталады. Сонымен бірге,
құзыреттіліктің бұл түріне мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық
қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық қызметі жатады.
|