Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет13/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
8
кампустың территориясында өткізілуі мүмкін. Әкімшілік бекітілген кездесулер кестесін орнатып, 
қадағаламайды, бірақ эдвайзерлердің жұмысының нәтижелілігі, студенттің жетістіктері мен 
қанағаттануында көрініс тауып, арнайы сауалнама жүргізу арқылы анықталып, бағаланып отырады. 
Эдвайзерлермен барлық студенттер, магистранттар, докторанттар, коммюнити колледжінен 
(community college) келген студенттер қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, білім алушы эдвайзермен 
әрекеттестігінде, кездесулерге уақытында келу, өзінің академиялық сұрақтары, мақсаттары туралы 
пікірталасуға дайындығы, тиісті оқу материалдарын беру (емтихан нәтижелері, бағалау формалары 
т.б.), кеңес алу уақытын саналы өткізу, университеттің саясаты мен талаптарына қатысты пәндер 
каталогы, арнайы факультеттің материалдары, академиялық дәрежелерді иелену талаптары, қазіргі, 
болашақтағы білім алу және кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпараттар алу, эдвайзердің жеке басын 
сыйлауға, талаптары мен нұсқаулықтарын орындауға, арнайы оқу кестесінің тиімділігі, өмір 
құндылықтары, белгілі бір академиялық емес шешім қабылдауда эдвайзердің сараптама жүргізуін 
бағалауға, оған курс бойынша жетістіктерін хабарлап тұруға жауапты болады. 
Франклин & Маршал (Franklin & Marshall College) колледжінде эдвайзерлер, оқу-тәрбие 
үдерісінің бір бөлігі ретінде саналып, оқытушылар санатына теңестірілген. Эдвайзерлер 
электронды әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, онда кеңес беру үдерісінің мақсаты, 
міндеттері, студенттердің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға жағымды әсер ету, оны 
жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері қарастырылған. Ал, әдістемелік құрал академиялық кеңес беру 
сессияларын, топтарын ұйымдастырудың технологияларымен қорытындыланады. Сонымен қатар, 
эдвайзерлер білім алушыларға арналған, жеке оқу траекториясын құрастыруға басшылық болатын 
оқыту-әдістемелік пакетін әзірлеп, онда колледждің саясаты, оқу пәндерін таңдаудың ерекшеліктері, 
сонымен қатар бірнеше бөлімдер студенттің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және т.б. арнаған 
дәріс, практикалық сабақтар кешенімен қамтамасыз етеді. Бұдан, АҚШ университеттерінде, студент 
пен эдвайзердің әрекеттестігін екі жақты пайдалы үдеріс етуге, кәсібилендіруге бағытталған оқу-
әдістемелік құралдардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айқындаймыз.
Шетелдік ғалым-педагогтардың еңбектерін, қазіргі АҚШ университеттеріндегі академиялық 
эдвайзер маманына қатысты теориялық, практикалық тәжірибені саралау сызықты емес оқыту 
жүйесінде студентке эдвайзерлер арқылы академиялық кеңес беру, АҚШ университеттерінің оқыту-
тәрбие үдерісінде, студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін міндетті 
құрылымы, студентке бағытталған оқыту үдерісін ұйымдастырудағы маңызды академиялық қолдау 
көрсету компоненті деп қорытындылауға мүмкіндік береді.
2. Тьютор бағдарламасы (Tutoring program). Әлемдік білім беру жүйесінде «тьютор» кең 
таралған ұғым. Тьютор жүйесі – студенттерді пән бойынша оқытушы-профессор құрамынан басқа, 
белгілі бір академиялық кеңесшілерге бекітудің университеттік жүйесі; шағын топта кеңесші- 
оқытушымен жүргізілетін интенсивті жеке-дара сабақтар, ал орта білім беруде белгілі пән бойынша 
«репититор» деген мағынаны білдіреді.
Тьютор сабақтары – оқыту формасының ең көне түрі. Ежелгі Грецияда Сократ (б.э.д. 
470-
399 
) ақсүйек, жоғары тап балаларын осы әдіс арқылы тәрбиелеген. Сократ кейде оқушыны 
шатастыруға дейін алып баратын логикалық сұрақтар қою арқылы, оның дербес ойлау қабілетін 
арттырған, мәселені түсінуіне бағыттаған. Тьютор сабақтары бастауында, тек қана эли-
та тап өкілдерінің басымшылығында болса да, қазір Европа, Американың мектеп, коммунити 
колледждері мен университеттерінде білім алушыларға қол жетімді қосымша сабақтың бір түрі. 
Сократтың еңбектерінде негізделген оқыту әдістері Американың колледж деңгейіндегі тьютор 
бағдарламаларында кеңінен қолданылады. 
Бұл ұғымның АҚШ-тың білім беру жүйесінде жеткілікті таралғанына қарамастан, біржақты 
анықтамалар берілмеген. Мысалы, R. Ali Khuwaja «Тьютор моделі: әр саладағы модельдерді 
интеграциялау, білімді жетілдіру негізі» атты докторлық диссертациясында, «тьютор бағдарламасы 
пән оқытушысы, академиялық профессорлардан, факультет мүшелерінен басқа, 
студенттің нақты 
пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын
колледж студенттері, инструкторлар, 
университет түлектері (graduate), магистранттар немесе докторанттар арқылы жүргізілетін, 
студенттің белгілі бір пән бойынша өздік жұмыс тапсырмаларын, тақырыптарды, жазба жұмыстарын 
орындауға көмектесетін, білімін жетілдіруге бағытталған ақылы немесе ақысыз жүргізілетін 
қосымша сабақтар жүйесі»-деп анықталған [8]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет