Орындаған: Сабидолла Фатима био-22 Тақырыбы: Сана, рух және тіл Тексерген



бет1/2
Дата13.03.2024
өлшемі30.75 Kb.
#495358
  1   2
БӨЖ 7апта


Орындаған: Сабидолла Фатима био-22
Тақырыбы: Сана, рух және тіл
Тексерген: Арашова Н.Қ.

  1. Тапсырма



Философтар

Өмір жолы

Еңбектері, негізгі ойлары

Ұсынылған терминдер

1

Сократ

Сократ шамамен б.д.д. 470 жылы дүниеге келді. Сократ Афина армиясында гоплит қызметінде болды.

Сократ «ізгілік - бәсты құндылық» деген пікірді ұстанды. Сократ «құндылық», «әділет», «ақиқат» және «әдемілік» сияқты ұғымдардың ақиқат мәнін сұрақ-жауап әдісінің көмегімен табуға тырысты. Сократтың басты пайымы: ізгілік - білімнен, дұрыс іс-әрекет рационалды түсінуден туындайды.

Олигархия, Отыз, Алкивиад, Критий

2

Платон

Платон шамамен б.д.д 427 жылы Афинаның маңында, ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Платон - Сократтың шәкірті.

Платон адамның жаны үш бөліктен тұрады деп есептеді. Біріншісі - рационалды бөлік, ақыл-ой негізі. Даналық - оның ең басты құндылығы. Екінші - жандағы рухани, қуатты бөлік, оның ерекше құндылығы - батырлық пен батылдық. Үшіншісі - адам жанының қалауын қанағаттандыруға ұмтылатын бөлік. Оның басты құндылықтары - ұстамдылық және бағыныштылық. Платонның ұлы еңбегі «Мемлекеттің» негізгі бөлігі философиялық пайымдарға толы. Платонның басты тұжырымы - философтар билік басына келмейінше, мемлекет мамыражай өмір сүре алмайды. Идеялар теориясы, үңгірлер аллегориясы

Метафизика, эпистемология, демагогия, демократия

3

Аристотель

Аристотель б.д.д. 384 жылы Ежелгі Грекияның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Стагир қаласында дүниеге келді. Аристотель 17 жасында Афинаға кетіп, Платонның Академиясына оқуға түсті.

Аристотель Платон іліміндегі әлсіз тұстардың бәрін өзінің универсалиялар теориясында түзету қажет деп шешті. Аристотель адам жанының ең жоғары белсенділігі ойлануда көрінеді деген пікірді ұстанды.

Физика, метафизика, этика, логикалық тұжырымдар, уиверсалия, эстетика

4

Эпикур

Эпикур б.д.д. 342 жылы Егей теңізінің Түркия жағалауындағы грек аралы - Самоста дүние есігін ашты. Афинаға ол 18 жасында әскери қызметін өтеу ъүшін келді. Эпикур гректің турлі қалаларында көптеген ұстаздардан білім алды. Жасы отызды орталағанда ол Афинаға тұрақтау үшін қайта оралып, сол жерде өзінің философиялық мектебін ашты.

Эпикур философиясының негізгі идеясы адамның ақылға жүгініп, байыпты, тыныш өмір сүруіне бағытталған. Философ рақаттану сезіміне ерекше мән береді. Бұған адамның көңіліне ұнаиды барлық рақат кіреді: дәм сезу, түйсіну, есгу, көру және иіс сезу. Ең басты рақат - қарын рақаты. Ақыл-ой рақаты - екінші. Эпикурдің пікірінше, ең басты рухани ләззат - тән рахаты және сезім қуанышы.

Гедонизм, логика, материализм, логика

5

Зенон

Зенон стоицизм мектебінің негізін қалады. Ол Кипрде шамамен б.д.д. 336 жылы дүниеге келді. Тегі бойынша Зенон финикиялық саналады. Афинада б.д.д. 264 жылы дүниеден өтті.

Зенонның ілімі космологиялық детерминизмге негізделген. Философ «ізгі қасиеттер адам еркінің өмірде жүзеге асуының көрінісі» деп түжырымдады.

Детерминизм, стоицизм, логика, метафизика

6

Акуинолық Томас

Акуинолық Томас Неапольге жақын қамалда 1225 жылы дүниеге келді. Томас он терт жасында Неаполь университетіне оқуға түсті.

Акуинолық Томастың екі негізгі еңбегі - 1258-1260 жылдары шыққан, христиан дінінің ақиқаттылығын ең әуелі христиан емес ойшылдарға қарсы бағытталған дәлелдер келтіру арқылы жария еткен «Summa contra Gentiles» («Пұтқа табынушыларға қарсы сумма», «Философия суммасы» ретінде де белгілі) және «Summa theologiae», немесе «Summa theologica» («Теология суммасы», 1265-1274 жж,), Акуинолық Томас философиялық теорияларын жасап, еңбектерін жазған кезең - исламның христиандыққа қарсы тұра бастаған уақыты еді.

Теология, сумма, аналогия, томизм

7

Рене Декарт

Рене Декарт 1596 жылы Лаэ деген жерде дүниеге келді. Декарт 8 жасында Ла Флеш иезуит колледжіне оқуға жіберілді. Бұл оқу орнында Декарт сегіз жыл болды, логиканы, философия мен математиканы оқыды.

Картезиандық ережелер, «Әдіс туралы пайым» (1637)

Интуиция, дедукция, онтология, картезиандық әдіс, рационализмй

8

Джон Локк

Джон Локк 1632 жылы Англияның оңтүстік-батыс бөлігінде, Бристоль қаласына жақын жерде дүниеге келді. Бозбала Джон Локк 1646 жылдан 1652 жылға дейін Вестминстер мектебінде оқыды. Сонан соң ол Оксфорд университетінің Христ шіркеуіне оқуға түсті. Ғылыми дәрежелер алғаннан кейін Локк колледжге жұмысқа қабылданып, грек философиясынан, риторикадан, этикадан сабақ берді.

Адамның өмірі табиғи күйде «жалғыз, кедей, жексұрын, қатыгез және қысқа» болуы тиіс деп есептеді. Локк табиғи күйдегі өмір өзінің сипаты бойынша әлеуметтік, бірақ жеткілікті дамымаған, жетілдіруді және «бейбітшілікті, мейірімділікті, өзара көмекті, қауіпсіздікті» қажет етеді деп басқаша пайымдады. Адамдар әрқашан ақыл-ойдың заңына бағынады, ол қоғамның басқа мүшелерінің өмірі мен мүліктеріне құрметпен қарауды үйретеді. Локктың пікірінше, адамдардың бәрі ақыл-ой заңын өздері қалай түсінсе, солай түсіндіруге мәжбүр. Бұл ретсіздік туындатады.

Этика, левиафан

9

Шарль Луи де Монтескье

Монтескье 1689 жылы Бордоның оңтүстігінде Ла Бред қамалында дүниеге келді.

Нағыз танымалдыққа ол өз заманындағы француз өмірін, абсолютизмді, монархияның тым орталықтандырылуын, қатаң цензураны сынаған «Парсы хаттары» (1721) деп аталған еңбегін жасырын атпен жариялаған соң ие болды. Бұл еңбек Францияға келген парсы қонақтарының хаттары іспетті баяндалды. Отанына жазған хаттарында шығарманың кейіпкерлері парсы оқырмандарына Франциядағы өмір туралы әңгімелейді. Монтескье табиғи құқыққа негіз болған теориялық принциптерді жасады. Ол табиғи құқық заттардың табиғатының өзінен туындайтын қажетті қоғамдық қатынастарға сай деп есептеді.

Позитивті құқық, абсолюттік әділеттілік

10

Бенедикт Спиноза

Бенедикт Спиноза 1632 жылы дүниеге келді. Ол философ, математик және ғалым еді. Спиноза білім жүйесіндегі төңкеріс арнайы мамандандыруды қажеттілікке айналдыра қоймағандықтан, барлық студенттер оқу пәндерінің кең шеңберін зерттеу мүмкіндігіне ие болған уақытта өмір сүрді.

Спинозаның пікірінше, жанның немесе ақыл-ойдың ең жоғары игілігі - Құдайды танып-білу. Демек, дана адамдар Құдайды ұғынуды өздеріне мақсат тұтады. «Этика» (1667). Оның алғашқы еңбегі - «Ақылды жетілдіру туралы трактат». Өзінің пайымдауларын ол көбіне QED әріптерімен аяқтап отырды: Quod erat demonstrandum - дәлелденуге тиіс нәрсе осы дегенді білдіреді. Спинозаның мақсаты - адамдарды ақыл-ой еріксіздігінен азат ету және олардың таным үдерісінен рақат алуына ықпал ету. Танымның үш түрі бар: зерде, сенім және рационалдық интуиция. Спиноза қоғамдық өмірді - бірге өмір сүру үшін өзара келісімге келген а дамдар бірлестігі деп түсінді.

Субстанция, пантеизм, метафизтка, детерминизм, материализм

11

Дэвид Юм

Дэвид Юм Эдинбург қаласында дүниеге келді, өмірінің көп бөлігін де сонда өткізді. Алайда ол біраз уақыт шетелде, негізінен, Францияда оқып, жұмыс істеді және Француз Ағарту дәуірінің көптеген өкілдерімен танысты.

Юм түйсінудің екі түрін анықтады: әсерлер және идеялар. Юм өзінің философиялық зерттеулерін «ғылыми әдіс адамзатты ақиқатқа алып келеді» деген толық сенімнен соң бастады. Өзінің философиялық пайымдауын ол: «Білім - қашанда рационалды емес, яғни тиімсіз, сондықтан біз ештеңе білмейміз», - деп аяқтады.

Постулат, метафизика, эмпиризм, идея, логика

12

Иманнуил Кант

Ол 1724 жылы, әкесі ерші-шебер болып жұмыс істеген Шығыс Пруссиядағы Кенигсбергте дүниеге келді. Кант лютерандықтың дәстүрлі негіздерін жаңарту мақсатын көздейтін діни реформашыл қозғалыс - пиетизм рухында тәрбиленді. Өмірінің соңында дінге құлай беріліп, дәстүрлі діни түсініктерді ұстануға көшті.

«Таза ақылға сын» еңбегінде Кант, бір жағынан, біздегі білімнің бәрі бірдей тәжірибеден туындамайтынын көрсеткісі келді. Оған қоса, тіпті белгілі бір білім адам ақылының өзіндік ерекшелігіне байланысты априори берілген деп тұжырымдады.

Априори, идеализм, романтизм, утилитаризм, метафизика

13

Карл Маркс

Карл Маркс 1818 жылы, қазіргі заманғы Германияның батыс бөлігінде орналасқан Трир қаласында, Люксембургпен шекаралас маңда дүниеге келді.

Маркстің идеяларына үш философиялық ағым елеулі ықпал етті: неміс философиясы, француз әлеуметтік теориясы және британ экономикалық теориясы. Карл Маркстің көзі тірісінде оның басты еңбегі - «Капиталдың» («Das Kapital») бірінші бөлігі ғана жарияланды. Маркс әр «әлеуметтік тап» - ұлт сияқты, адамдардың біртекті тобы деп санады. Әр таптың ортақ тарихы бар, олар өздеріне тән идеялар мен түсініктер қалыптастырады. Экономикалық баға - Маркстің пікірінше, тауардың өндіріс барысында анықталған және оны адамдардың басқа затқа айырбастау тілегіне негізделген құны. Тауардың бағасы, Маркстің тілімен бейнелесек, оны өндіру үшін жұмсалған еңбектің құнының негізінде қалыптасады.

Марксизм, детерминизм, эмпиризм, материализм, капитализм, феодализм

14

Фридрих Ницше

Фридрих Вильгельм Ницше 1844 жылы Саксонияда дүниеге келді. Оның әкесі лютерандық пастор еді, ол кішкентай Фридрих 5 жасқа толғанда дүние салды. Болашақ философтың тәрбиесімен анасы, әжесі және немере әпкелері айналысты.

Ницшенің көзқарастарын көп адам «ақсүйектік анархизм» деп атады. Ол екі түрлі құндылықтар жүйесін ұстанған: бір жағынан - соғыс, қатыгездік, адамның өзін дәріптеуі; екінші жағынан - философия, поэзия және музыка. Ол өз заманындағы қоғамның саясатына, адамгершілікті және әлеуметтік тіректеріне батыл қарсы шыққан философия профессоры болды. Ницшенің ойлары - ол оның көмегімен өзінің қарапайым адам ретінде не нәрсеге қабілетті екенін түсінуге тырысқан құрал. Оның философиясы - адам танымын сынаушы философия емес, адам санасын оятуға бағытталған шабыт, серпін беретін «философия» деп атауға болады.

Материализм, анархизм, абсолюттік

15

Людвиг Витгенштейн

Людвиг Витгенштейн 1889 жылы Венада дүниеге келген. Әкесі металлургия өнеркәсібі саласында қызмет етті, отбасы өте ауқатты тұрды.

Витгенштейн дүниені объектілердің емес, фактілердің жиынтығы ретінде қарастырды. Фактілер - логикалық объектілер немесе мәндер. Оларды растауға немесе теріске шығаруға ғана болады. Витгенштейннің ойынша, философияның мақсаты - ойымызды логикалық тұрғыдан тазалау және айқындау. Философия - іс-әрекет; ол қандай да бір ғылым емес. Біз қандай да бір заттар туралы білімімізді айқындағанда, философиялық тұрғыдан пайымдаймыз. Логика бізге логикалық формалар береді, бірақ ол дүниеде өмір сүріп отырған заттар туралы ештеңе айтпайды.

Метафизика, этика, эстетика

16

Мартин Хайдеггер

Мартин Хайдеггер Германияның Баден өңіріндегі Шварцвальд ауданында, діндар католиктер отбасында 1889 жылдың 26 қыркүйегінде дүниеге келді. Ол философияны Фрайбургте оқыды.Оқытушыларының бірі - Эдмунд Гуссерль болды. Кейінірек Хайдеггер сол университетте, одан кейін Марбург университетінде сабақ берді, ал 1933 жылы Фрайбург университетінің ректоры болып тағайындалды.

Хайдеггер бізді болмысты - дүниедегі бар нәрсенің алғышартын - барынша мұқият қарастыруға жетелейді. «Болмыс» дегенде, Хайдеггер сиқырлы таяқшасын сілтеп қалып бәрін бірден қалыпқа келтіретін қарабайыр Құдай ұғымын меңземейді. Хайдеггер бізді болмыстың, айталық, бөтелкенің, дауылдың немесе паспорттың мәнінен едәуір ерекшеленетін мағынасын түсінуге апаратын өз жолымызды анықтауға шақырады. Біз, қоршаған дүниенің объектілері, бар құбылыс ретінде болмыспен өзара байланыстымыз, оны зерттеу - өйзіміз үшін аса қажет.

Метафизика, поэзия, технология, феноменология, арканум

17

Жан-Поль Сартр

Сартр 1905 жылы Парижде дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болған. Жан-Польді анасы мен оның Эльзастан келген нағашылары тәрбиеледі. Сартрдың атасы тіл мектебін басқарды және Альберт Швейцермен алыс туыстық байланысы болды.

Сартрдың экзистенциализмі бір бастапқы алғышартқа негізделген. Бұл бастапқы алғышартты ол өзінен-өзі берілген, даусыз алғышарт ретінде қарастырады: Құдай жоқ. Адамдардың болуы Құдайдың болуын жоққа шығарады. Адам табиғатының сол адамның болмысының басталуынан бұрын болуы де ген құбылыс жоқ. Адам - адамдардың болашағы; олар - өздері өздерінен не жасап шығарса, кім болып шықса - сол. Осылайша экзистенциализм дегеніміз – гуманизм. «Болмыс және ештеңе» (1943)

Экзистенциализм, метафизика, гуманизм, атеизм,болмыс

18

Жак Деррида

Жак Деррида 1930 жылы Алжир қаласының маңында дүниеге келеді. Алжир елі ол кезде Францияның отары еді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында ол Вишилік Францияның қоластында болды. Алжирде антисемиттік заңдар үстемдік еткендіктен, шыққан тегі еврей жас Дерриданың білім алуға мүмкіндігі болған жоқ.

Негізгі еңбектері - «Грамматология туралы» (1967),«Хат және айырмашылық» (1967), «Философия өрістврі» (1972), «Диссемина-
ция» (1972), «Көркем суреттегі ақиқат» (1978), «Соқырдың мемуары» (1990), «Маркстің елестері» (1993).

Структурализм, дифферанс, метафизика, деконструкция





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет