Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет377/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
312
мотивациялық құрылымы жайында әр жылдарда жасалған көптеген зерттеулер уақытына қарай 
ерекшеленеді. 
Әлеуметтік белсенділік түсінігінің көптеген анықтамалары бар, дегенмен барлық авторлар тұлға 
мен қоғамның мақсатты бағытталған, саналы өзара әрекеттесудің бар екендігін баса айтады. Бұл 
дегеніміз әлеуметтік белсенділік ерекше жолмен мотивацияланған. Әлеуметтік белсенділіктің 
мотивациялық құрылымы оның органикалық бөлігі болып табылады. Ал әлеуметтік белсенділіктің 
мотивтері – бұл адамдардың бір–бірімен өзара қарым–қатынасқа түсіп, өзара ықпал етіп және 
әлеуметтік маңызды әртүрлі әрекеттерді жүзеге асырудың саналы себептері. 
Тұлғаның әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру және дамыту — білім беру және тәрбиелеу 
үрдісінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, әсіресе, ерекше рөлді жоғарғы мектеп 
ойнайды. Білім беру мекемесі ретінде университеттің маңызды әлеуметтік функциясы студенттерде 
әлеуметтік белсенділікті дамытуға, оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, кәсіби қалыптасуға 
жағдай жасау болып табылады. 
1969 жылы Курс облысының Суджанск ауылының жастарына А.С. Косарев зерттеу жасаған 
болатын [1]. Зерттеудің мақсаты жастардың қоғамдық жұмыстың мотивациясын анықтау. Ол 
үшін бозбалалардың қызығушылықтары анықталды: қандай мамандық иесі болғылары келеді
біліктіліктерін жоғарылатқылары келеді ме (егер жұмыс істесе), болашаққа деген жоспарлары 
қандай; қандай қоғамдық жұмыс істейді; спортпен және көркем өнерпаздықпен айналысады ма, 
ауыл жастарының белсенділігін арттыруға қандай жолдарды ұсына алады. 
Осы сұрақтарға қосымша ауылдағы қоғамдық жұмыста және өнідірістік еңбекте қатысу 
деңгейі белгіленіп отырды. Орта мектепте оқитын оқушылардың және комсомол жұмысшылары 
сауалнамасының нәтижесі ауыл жасөспірімдеріне тән ерекшелігі қоғамдық өндірістік еңбекке 
белсенді қатысуы болды. Осымен қатар, ауыл бозбалаларының жоспарлары мен қызығушылықтарын 
қарастыра отырып, оқитын және жұмыс істейтін жастардың басым бөлігі өзінің білімін жалғастырып, 
екінші мамандық алуға ұмтылады. Осы ұмтылыстар олардың ішкі белсенділіктерінің көзі. Жоғары 
сынып оқушылары ары қарайғы білім алу және жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін бірінші 
орынға танымдық қызығушылықтарды қояды.
Осы зерттеуде ауыл жастарының қоғамдық жұмыстарға араласу деңгейі де қарастырылды. 
Қоғамдық тапсырмалары бар жалпы санынан өздерінің қоғамдық міндеттерін белсенді орындайтын 
бозбалалар пайызы зерттелген. Зерттеу нәтижесі авторға мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік 
берді: бозбалалардың қоғамдық тапсырмалармен жалпы қамтамасыз етілуі және олардың қоғамдық 
жұмыстарға нақты қатысуы сәйкес келмейді. Қоғамдық тапсырмалар формалды (ресми) тұрде 
беріледі, ал оларды орындауға деген қызығушылық жиі болмайды – бұл қоғамдық белсенділікті 
ынталандыруға емес, оның демотивациясына алып келеді. 
Т.Ю. Колошина жоғары сынып оқушыларының қоғамдық белсенділіктерін мотивациялау жайлы 
қызықты тұжырымдар шығарған (1978). Зерттеуде мотивтердің үш тобы салыстырылған: жеке, 
беделді (престижный) және ұжымдық. Оның зерттеулерінде жоғары және төмен идентификациялары 
бар мектеп оқушылары қатысқан. Идентификацияның төмен болған жағдайында, жетекші орынды 
жеке мотивтер алады, ары қарай беделді, соңғы орында ұжымдық мотивтер қалған. Керісінше 
жағдай салыстырмалы жоғары идентификациялары бар сыныптарда байқалған [2]. 
Д.И. Фельдштейн (1982) қоғамдық пайдалы іс–әрекеттің психологиялық негіздерін зерттей 
отырып, эгоисттік және қоғамдық бағытталған адамдарда үлкен айырмашылықтың болатынын 
көрсеткен. Осылайша, қоғамдық жұмыспен «бұл мағызды және қажетті іс» болғандықтан – 
қоғамдық бағытталған оқушылардың 81,5 %, эгоитттік бағытталғандардың 42% айналысқан. 
Қоғамдық жұмыстан қанағаттану сезімін 42% және 0% оқушылар сәйкесінше сезінеді екен. Борыш 
сезімінің салдарынан жұмысты 37% және 24% оқушылар орындайды. Қоғамдық бағыттылығы 
айқын көрінбейтін 76% оқушылардың айтуынша, қоғамдық жұмысты «мұғалімдер мәжбүр 
еткеннен» орындайтындықтарын айтқан [3]. 
Мәселен, оқушылардың қоғамдық тапсырмаларды өз еркімен орындау қоғамдық борыш (міндет) 
ретінде түсінуімен («оқушы тапсырмаларды адал орындауы керек»), қажеттілікпен («оқушылар 
тапсырылған міндеттерді жақсы орындауы қажет»), ерекшелену қажеттілігімен («мені байқауы 
үшін»), жазалаудан құтылу үшін («орындамасаң мұғалім жазалайды»), немесе мадақтау алу 
мақсатымен («сонда мені ұжым алдында мақтайды») мотивациялануы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет