Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет436/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
362
К. Барки, іс-әрекетті қарастыра отырып, оны мотивпен, яғни «декорациямен» бір жұпта алуды 
ұсынады. Сондықтан ол адам іс-әрекетін заттардың « түссіз » қозғалыстарына қарама-қарсы қояды: 
күн мен түннің ауысуы, судың қозғалысы, т.б. адам әрекеті әрқашанда бірдеңеге тәуелді. К. Баркидің 
зерттеуінде, егер адамның әрекеті ол перспективаның көптігі тұрғысынан деп қарастырса, оның 
динамикалық өзара әрекеттесуі белгілі болған жағдайда ғана түсінікті болуы мүмкін. Ол әрекетті 
талдау үшін негізгі категория ұсынады:
1) Акт – қандай әрекет болғанын сипаттайды- не істелді?
2) Сахна- акт дамып, жүрген жағдаятты сипаттайды- қашан және қай жерде болды?
3) Агент- рөлде ойнаған адамдардың ерекшелігін сипаттау- кім істеді?
4) Құрал – персонаж қандай құрал қолданғанын сипаттайды- не арқылы жасалды?
5) Мақсаты – не үшін жасалды?
Бұл бестіктің элементтері – шындықтың бейнесі емес, зерттеу құралдары. Бұл бестіктің 
элементтері өзара байланысты және бір- біріне әсер етеді.
Жанама әрекеттердің қасиеттері. Дж. Верч [9] жанама әрекеттердің 10 негізгі қасиеттерін бөліп 
көрсетеді:
1. Жанама әрекет жанама құрал мен « агент » арасындағы өзара әрекет арқылы сипатталады.
Л.С. Выготскийдің ізімен Дж. Верч психикалық сараптаманың элементін емес, бірлік табуға 
тырысады. Дж. Верчтің ойына В.И. Слободчиковтің жанама әрекет әрқашан субъективті, яғни 
әр әрекеттің өзінің қожайыны бар екендігі туралы идеяны қосу керек. Бірақ қожайын әрекет 
орындаушыға әрдайым тең емес.
Кейде жеке субъект өзі әрекет етіп жатырмын деп ойлайды, ал шындығында, ол бөтен іс-әрекеттің 
« сөйлейтін құралы ». Сөйтіп, жанама әрекетті біз екі бағытта сараптай аламыз: ерекше сипатқа ие 
бірлік ретінде, яғни тұтас және элементтерден тұратын бірлік ретінде.
2. Жанама құрал әрқашан заттық – басқаша айтқанда, әрекет әрқашан бұрыннан бар әлеуметтік 
және мәдени кеңістікте жүзеге асады.
Өзінің жанама тұжырымдамасын дамыта отырып, Л.С. Выготский түрлі жанама құралдарға 
мысал келтірді: жазба, карталар, сызбалар, диаграммалар. Барлық бұл құралдар заттық табиғатқа 
ие. Дж. Верч [9] барлық мәдени құралдар заттық сипатқа ие екендігіне баса назар аударады.
А.Н. Леонтьев [10] көрсеткендей, мәдени құралдардың қызметі тек онымен манипуляция жасау 
үдерісінде ғана ашылуы мүмкін.
Субъектіні қатысушылардың мәселелерін сараптау үдерісінде қолданылатын мәдени құралдан 
бөле отырып, біз өзара әсер ету объектісін дұрыс таңдау мүмкіндігіне ие боламыз. Егер сөз 
онтогенезде дұрыс қалыптаспауына байланысты туындаған уақытша қиындықтарды бастан 
кешірген салауатты тұлға туралы болса, біз осы жанама әрекеттерге баса назар аударамыз.
Бұл жағдайда тренингтің мақсаты қатысушылардың тұлғасын түзетуден емес, олардың тәртібін 
бұдан да жаңа, жетілген жанама құралдардың көмегімен « қайта жанамалаудан » көрсете алу.
3. Жанама әсерлер көпшілік мақсатқа бағынады.
Басқаша айтқанда, жанама әсерлер бірден бірнеше мақсатқа қызмет етеді. Бұл, егер ол тек бір 
мақсат төңірегінде ұйымдастырылған деп жобаласақ, жанама әсерді түсіне алмаймыз деген сөз. 
Мысалы секіргіштің алдында мынандай мақсаттар тұруы мүмкін. Жұқа тақтайшаны қарғып өту, 
көрермендерге әсер ету, т.б сонымен қатар мақсаттар индивидке ғана емес, құралға да байланысты 
екі санды көбейту – тек дұрыс нәтиеже алу ғана емес, сонымен бірге есептеудің тәсілін таңдау.
4. Жанама әсер көптеген күшейткіш траекториясына ие. Жанама әсердің өз тарихы бар. Л.С. Вы-
готский [11] біз ойлау үрдісін оның табиғатының яғни дамуында кездесетін өзгерістерді түсінгенде 
ғана ұғатынымызды айтқан болатын.
Жанама әсердің қасиетін білу қатысушылардың тәртібін сараптауға және психологиялық әсердің 
дұрыс құралын дұрыс таңдауға көмектеседі.
5. Жанама құрал әрекетті жүзеге асыруға әрі көмектеседі, әрі кедергі жасайды.
Мәдени құралдар туралы айтқанда, әдетте оларды индивид мүмкіндіктерін кеңейту аспектісінде 
қарастырады. Дегенмен жанама құралдар агент мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, шектейді де.
Тренинг, жанама әсерлердің қосындысы ретінде, қатысушыларға неғұрлым жетілген құралдар 
жиынтығын ұсынуы керек. Тек сонда ғана жүргізушіге қатысушылардың тренингке келгенге дейінгі 
тәртібіне жанама әсер ететін әдеттегі құралдардың шектелуін анықтауға мүмкіндік береді.
6. Жаңа жанамалық құрал жанама әрекетті ауыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет