Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет457/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
380
- ойынға қатысушылардың іс-әрекет нәтижесін топтық және жекелей бағалауды қолдау; 
- ойынға қатысушылардың теңдігі – оқытушылар мен жеткіншектер, қабылданған шешімнің 
баламаларының көптік мүмкіндігінің болуы;
- мектепшілік ақпарат кеңістігінің қатысушыларға ашықтығы мен қолжетерлігі және т.б.
Біздің ойымызша, тұлғалық және топтық қызығушылықтардың үйлесуі, қоғам іскерлігі үшін 
әлеуметтік-маңызды дамуды қамтамасыз етеді:
- өзінің азаматтық құқықтарын қолдана алу іскерлігі және өзінің іс-әрекетінде әлеуметтік 
әріптестерге қатынасына байланысты адам құқығы ұғымын есепке алуы;
- заңдардың, мемлекеттік және қоғамдық институттардың құрылымдық маңызды механизмдерін 
(тетігін) қолдана алу қабілеті; 
- әлеуметтік – маңызды нәтижелер алу үшін ұжымдық қарым-қатынас құра алу қабілеті ;
- қолжетерлік ақпараттық кеңістікті тиімді етіп қолдана алу қабілеті және т.б.
Шын мәнінде, мектеп қабырғасындағы 15-16 жастағы жеткіншектер құқықтық санасының үлкен 
айырмашылығы болатындығы белгілі. Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру арқылы құқықтық 
санасын қалыптастыру бағытында жүргізілетін ықпал етулерді қолдану барысында көрсетілген 
жастар категорияларының ерекшелігін, әрбір нақты жағдайды ескеру қажет.
Сондықтан, жеткіншектердің құқықтық білімін көтеру үшін әр түрлі ақпарат көздері арқылы 
құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Республика 
көлемінде «Қазақстан жастары» бағдарламасында: Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, 
екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның 
мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі - қоғамдағы 
алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу екендігі әр түрлі ақпараттармен 
негізделіп отырылады.
Міне, сондықтан жеткіншек алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ ең бiрiншi 
ата-ана, онан кейiн мұғалiм оның тiлегiн, қабiлетiн ескеруі керек. Бiрiн-бiрi жәбiрлеуден аулақ болу, 
жаман сөздер айтпау, бiреудiң затына қиянат жасамау, жаман ой–пиғылдан аулақ болуға тәрбиелеп 
отыруды күнделiктi естен шығармаған жөн. Ендеше, ата-ана баласына ұлттық әдет-ғұрыптарды, 
салт-дәстүрдiң ерекшелiктерiн үйретiп отырса, ондай бала күнi ертең ел сыйлайтын азамат болары 
даусыз.
Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру біздің елімізде жалпыадамзаттық 
құндылықтардың басымдығын мойындау, қоғамдық үрдістердің демократизациясы мен 
гуманизациясы арқылы өтеді. Құқықтық мемлекет қоғамдық маңызды нәтижелерге қол жеткізу 
үшін белсенді қолданылады. Азаматтарды құқықтық сауаттандыру:
- азаматтардың құзыреттілігін көтереді;
- өмірге қажетті шарт ретінде құқықтық ойлауын қалыптастырады.
Біздің елімізде құқықтық мәдениет адамзат жинақтаған тәжірибені тұлға мен қоғамның өзара 
әрекеттестігін пайдалану қажет.
Осыған байланысты Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылы 21 маусымда «ҚР жалпыға бірдей құқықтық 
білім беруді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар» бағдарламасын қабылдауын да айту қажет. Оның 
негізгі міндеттері:
- жоғары азаматтықты, оның құқықтық мәдениетін, әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру;
- еңбек іс-әрекетін таңдауға даярлау үрдісінде жастардың арнайы құқықтық білім алуы;
- құқық бұзушылықтың алдын алу және т.б.
Бұл бағдарлама құқықтық тәрбиесі қалыптасқан азамат қоғамда толеранттық, өзіндік абырой, 
белсенді азаматтық ұстанымды көрсететіні, барлық мәселерге ат салысатыны, оны шешуге өзінің 
мүмкіндігі тұрғысынан әрекет ететіні туралы қорытындылауға мүмкіндік береді.
Құқықтық тәрбие беру жүйесiнiң нәтижелiлiгiн көрсететiн сапалық өлшемдер өз тарапымыздан 
жеткіншектерді құқықтық тәрбиелеу жұмысының стратегиялық және тактикалық мақсаттары 
арқылы анықталды. Бағыттық мақсаттың тиiмдiлiгiн бағалау арқылы адамгершiлiк құқықтық 
тәрбиелеу жүйесiнiң қалыптасуына жету мүмкiндiгiн анықтадық. Құқықтық тәрбиелеу жұмысының 
мақсаты бүкiл жүйенiң нәтижелiлiгiнiң өлшемдерiне айналды. Олар стратегиялық міндеттер 
ретінде көрініс тапты:
- мектеп өмiрiн iзгiлендiру барысында ата-аналар, жеткіншектер, мұғалiмдер арасындағы өзара 
қатынастардың жетілдірілген ережелерiн сақтау; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет