№ 3 (106) 2015
35
Германияда оқушылардың біліміне, қабілетіне және талабына сай білім беруге бағытталған
мектептердің әр түрлі типтері қызмет істейді [5].
Францияның Білім беру Тұжырымдамасында 12 жылдық білім беру бекітілген. Мемлекетте 10
жылдық білімді 6 мен 16 жас аралығында ақысыз оқи алады. 5 жылдық бастауыш мектептен кейін 2
циклден құралған: 4 жылдық колледж бен 2-3 жылдық лицей жүзеге асырылады. Франция мектепке
дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылады. Онда
«Аналық мектебі» және «Бүлдіршіндер сыныбы» балабақшалары бар. 14 жастағы жасөспірімдер өз
білімдерін орта аяқталмаған білімнен кейін, арнайы кәсіби оқыту жүйесіндегі жалпы білім беретін
мектептерге барып жалғастыра алады. Толық емес орта мектеп–біртекті жалпыға міндетті колледж–
бастауыш сынып негізінде құралады және барлық жастағы балаларды қамтиды. Бітірушінің кәсіби
мамандығына сәйкес (бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие.
Бастауыш және орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда
арнайы екі шкаланы қолданады. Бірінші жағдайда - 0-ден 10 ұпай аралығында, екінші ретте
- 0-ден 20-ма ұпай аралығы. 1-ші шкала бойынша білімді бағалау келесідей ретте сипатталады:
«өте жақсы» - 8 және одан жоғары ұпай, «жақсы» - 7 ұпай, «жеткілікті деңгейде жақсы» - 6 ұпай,
«қанағаттанарлық»- 5 ұпай, «орташа» - 4 ұпай, «нашар» - 3 ұпай, «өте нашар»-2 ұпай және одан да
төмен. Ал екінші шкалаға сәйкес бағалау реті келесідей: «өте жақсы»-16 және одан жоғары ұпай,
«жақсы» - 14–16 ұпай аралығы, «қанағаттанарлық» - 10–11 ұпай, «орташа» - 8–10 ұпай, «нашар» -
6–8 ұпай, «өте нашар» - 5 ұпай және одан да төмен. Мектепті тәмамдағаннан кейін оқушылардың
барлығы бакалавр курсына сәйкес емтихан тапсырады.
Дүние жүзінде міндетті негізгі білім жүйесі де әр түрлі. Мысалы, Германияда барша оқушыға
алғашқы 4 жылдық оқу ғана міндетті деп айтуға болады, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары
және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра алады. Францияда 5 жылдық
қарапайым мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім беретін 4-5 жылдық колледждерде
жалғастырады. Жалпы айтқанда, міндетті оқу мерзімдері түрліше: 8 жылдық (Италия, Венгрия,
Канада, т.б) 9 жылдық (Швеция, Жапония, Куба, Болгария, АҚШ, Швейцария және т.б.), 10 жылдық
(Франция, Англия, Дания, Эстония, Литва, т.б.) болып келеді [6, 7].
Дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды,
олар:
1. Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру: білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың
барлық азаматтарға мүмкін болуы.
2. Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын
ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр
оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапа-мен
оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.
3. Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық
мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген.
4. Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол
сілтеу болып табылады [8].
12 жылдық білім беру Қазақстан мектептерін:
1. Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.
2. Оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.
3. Кәсіптік білім береді.
4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
Қорыта келгенде, Әлемдік жалпы білім беру жүйесінің дамуын талдай келе біз білім берудің
жаңа сапасына қол жеткізу үшін 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жүйесіне көшуде ғана
нәтижеге жете аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |