Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет45/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
34
орта мектеп 10-12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық 
бағыттағы бейіндік пәндер берілген. Сондай-ақ АҚШ-та 1-сыныпқа балалар 6 жастан, тіпті кейбір 
жергілікті мектептерде 5 жастан қабылданады. Мектептегі сабақ 9 айға созылады, қалған үш ай 
демалыс болып табылады. Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет 
тексерілуге беріледі. Мектептегі оқушы білімін бағалаудағы басты әдіс-тест. Қазіргі таңда көбіне 
тесттердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін әдісті көп қолданады.
Білім деңгейін бағалау мен бақылау барысында көбінекей кредитті көп қолданады. Мектепті 
бітіргендігі туралы аттестат алу үшін небәрі 16 кредит жинауы қажет. Орта мектепте оқу жылы 2-3 
кезеңге бөлінеді, әрқайсысының аяғы 5 немесе 100 ұпайлық жүйемен бағаланады. Мысалы, А (93-
100) - өте жақсы; В (85-92) - орташадан жоға-ры; С (75-84) - қанағаттанарлық; Д (65-74) - нашар; Е 
(0-64) - ешқайда көшірілмейді, ең төменгі баға.
Германияда басқа да Еуропа елдері секілді бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдайды, жалпы 
орта білім алу үшін 12 жылдық мектеп негізделген, барлық оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу 
ғана міндетті, өйткені одан кейін әр бала өз қалауларымен қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік 
мектептерде жалғастыра алады. Тек Берлин мен Бранденбургте бастауыш мектепте оқу 6 жылға 
созылады. Германиядағы негізінен білім беру ұзақтығы 13 жыл болып табылады. 
Герман Федеративтік Мемлекетінің заңының 6 бабына сәйкес барлық мектептік білім беру 
мемлекетпен қадағаланады [4]. Мемлекет міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады 
деп шешкен. Бірақ оқушының орта мектепті бітіргеннен кейін өз оқуын жалғастыруы өз еркінде 
1 мен 3 жыл арасындағы оқумен тәмамдай алады. Білім алу 3 баспалдақты құрылымда болып 
табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте 
(1-4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. 
Негізгі мектепте (5-10 сыныптарда) 50%-ға жуығы жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай 
өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға жолдама алады. 
Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық 
емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер 
оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-
техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар) толық орта білімді 
береді және университеттік үлгідегі ЖОО түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пәндер 
болып: неміс тілі мен әдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тәрбиесі, музыка, 
дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі нұсқада 
оқу бағдарламалары беріледі. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пәндер 
блоктарға сәйкес біріктіріледі, мысалы: «тіл-әдебиет-өнер», «әлеуметтік білімдер», «әлеуметтік-
экономикалық» т.с.с. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар 
міндетті пәндерден басқа да пәндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-дара 
ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пәндерден басқа тілдік, әдеби-көркем, қоғамдық-
ғылыми, математикалық немесе жаратылыс-тану-ғылыми пәндерін меңгере алады. Міндетті пәндер 
қатарына «Құдайдың заңы» («Закон Божий») және дене тәрбиесі кіреді. Негізгі мектепті аяқтау 4 
пән бойынша емтихан тапсыру арқылы аяқталады. 12 және 13 жылдық мектепті сәтті аяқтаған 
балалар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез-келген 
бейінде оқуға жолдама болып табылады. ЖОО-ға түсуде оқушының аттестаты, ондағы орта ұпай 
негізгі рөл атқарады. Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер жұмыс істейді. 
Орта білім беретін оқу орындарында алты деңгейлі білімді бағалау шкаласы негізге алынған, ол: 
«өте жақсы» (1) = 15-14-13 ұпай; «жақсы» (2) = 12-11-10 ұпай; «қанағаттанарлық» (3) = 9-8-7 ұпай; 
«қанағаттанаралықтан төмен»(4) = 6-5-4; «нашар» (5) = 3-2-1 ұпай; «қанағаттанарлықсыз» (0) = 0 
ұпай. 
Германияда мектепте оқу біріктірілген мектеп деңгейінде әр түрлі атқа ие болып табылады, атап 
айтар болсақ, олар: Тюригте «жиі», Саксонияда «орта», Саксония мен Ангальтеда «екінші деңгейдегі 
мектеп», Гамбургте «негізгі және нақты мектептердің сабақтастырылуы», Гесседе, Макленбург-
Померанида «негізгі және орта мектептің біріктірілуі», ал Рейнланд-Пфальцеда «аймақтық мектеп» 
болып табылады. Германияда оқушыларға білім беру барысында олардың кәсіби біліктілігін 
жоғарлауға басты назар аударылған. Бұл үшін мелекет саяси және әлеуметтік тұрғыда жауапты 
болып табылады. Егер нарықтық жағдайда өз біліктілігін көтеруге жағдайы болмаған жандарға 
мемлекет субсидия (көмек) бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет