Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
386
Кəсіби
лайықтылық
Кəсіби шеберлік
К
əс
іб
и
о
й
ла
у
К
əс
іб
и
б
ағ
да
р
Білім
К
əс
іб
и
із
деніс
К
əс
іб
и
тəжіриб
е
Қызмет
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық мəдениеті
Сурет 1 – Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық мәдениеті
Қазіргі таңда, кәсіби құзіреттілікті анықтау туралы мәселе педагог, философ, психологтардың
арасында түрлі пікірлер мен қарама-қайшылықтарды, жаңа тың ойларды тудыруда. Тұлғаның кәсіби
үдерісін көп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен байланыстыра отыруда.Орыс
ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова т.б.
педагогикалық зерттеулерін алып қарастыратын болсақ, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі
туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғандығын көре аламыз.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі педагог-ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда
кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде жаппай «құзыреттілік» және құзырет ұғымдарын
пайдаланып келеді..
Соңғы жылдары білім беру саласында болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру туралы
әр түрлі пікірлер жиі айтылуда. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус
иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға
тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады. Жалпы,
«құзыреттілік» (латынның competentis – бейім сөзінен) – қандай да бір оқу пәнінің оқу үрдісінде
қалыптасатын ББД жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағынаны беретіні
белгілі. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіби құзыреттілік
категориясын анықтау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға
біріктіруді жүзеге асыру керек.
Американдық ғалым Н.Хомский «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға
енгізген. Құзыреттілік термині сөздіктерде білімді меңгеру, одан хабардар болу, беделді болу сияқты
мағыналарды қамтиды.
«Құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы
төмендегідей ажыратылады:
а) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы
түрінде байқалады.
б) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды
шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.
в) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше
бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну [6].
|