Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет461/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
383
жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әр тұлғаның білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша 
пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды көздейді. 
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық 
қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін және нәтижеге қол жеткізе алатын білімді 
тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 
арналған Жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен 
айқындалатынын, осыған орай білім жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы 
мұғалімдердің өмірге келуі болуға тиіс екенін айрықша атап өтті [3]. Аталған міндеттерді толық 
жүзеге асыру мақсатында заман талабына сай білім беру жүйесін жасап, болашақтың жоғары 
технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кең ауқымда ойлай алатын, құзыреттілігі жоғары 
кадрлар қорын жасақтау туралы тұжырым Елбасы Жолдауының ғылыми және тәжірибелік 
құндылығын айқындай түседі.
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да нәтижеге бағдарланған білім 
мазмұны мен білімге бағытталған құзыреттілікті қалыптастырудың қажеттілігі атап көрсетілген 
[4]. Сондықтан сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің мықты 
тегеурініне төтеп бере алатын мұғалімдер ғана болашақтың кілті болып саналатын қабілетті жас 
ұрпақтарды дайындай алатындығы сөзсіз.
Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі 
басты нысана – адамзат тарихында өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, құзыреттілігі дамыған 
ұрпақ қалыптастыру. Демек, ұлтымызды дәріптеп, рухымызды биіктететін, ұлттық сенімімізді 
жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – болашақ мамандарға үлкен міндет. Бұл мәселе ежелгі грек 
ойшылдары еңбектерінде ерекше орын алған. Ұлы ойшылдардың бірі Платон мұғалімнің мемлекет 
алдындағы жауапкершілігіне тоқтала отырып, егер мұғалім өз міндеттерін нашар орындайтын 
болса, онда мемлекетте надандар мен бұзақылардың көбеюі орын алатындығын айтады [5].
Ал, педагогиканың классикалық көрнекті өкілдері А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, 
П.П.Блонский, Я.С.Коменский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, И.Г.Пестолоцци, К.Д.Ушинский, 
С.Т.Шацкий және т.б. мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттері әрбір баланың бүкіл өміріне із 
қалдыратындығын өз еңбектерінде ерекше мән беріп қарастырады.
Қазіргі мектептегі оқыту үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін болашақ мамандар ақпараттық 
технологияларды іс-әрекетінде кеңінен қолдана білуі қажет. Сондықтан, қазіргі әлеуметтік 
сұраныстарға сай мектептерде білім беру нәтижелерінің бірі ретінде мамандардың ақпараттық-
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады. Ол үшін олар қазіргі ақпарат 
ғасырында кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, жаңа әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы құзыреттілігін қалыптастыруы қажет. Сондай-ақ, тарихи-танымдық, 
психологиялық-педагогикалық, технологиялық тұрғыдан сауатты және АКТ-ны жан-жақты 
меңгерген, ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті, ақпараттық құзыреттілігі, кәсіби 
құзыреттілігі қалыптасқан маман болуы маңызды. Өйткені, қазіргі уақытта өмір бойына жан-жақты 
әрі терең біліммен қарулану өте қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері бірқатар алыс-жақын шетелдік, отандық ғалымдардың 
зерттеулерінде де көрініс тапқан. Шетелдік философ ғалымдар Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, 
Дж.Равен және т.б. өз еңбектерінде құзыреттілік ұғымын тұлға болмысының сапалық белгісі 
ретіндегі іс-әрекетке қызығуы, сенімі, ұмтылысы, тілегі, білім жиынтығы және жоғары мораль 
нормалары тұрғысынан түсіндіреді. 
Ал, әлеуметтанушылар Г.Спенсер, М.Вебер және т.б. құзыреттілік адамның әлеуметтік мәртебесі 
мен оның өмірдегі бейнесі, кәсібі және білімінің бірлігінде қалыптастатындығын айтады. 
Психологиялық және педагогикалық тұрғыдан Э.Ф.Зеер, В.В.Готтинг, И.В.Роберт, Н.Хомский, 
А.В.Хуторский т.б. ғалымдар құзыреттілік мәселесі мен ақпараттық технологияны пайдаланудың 
мүмкіндіктерін зерттеген. 
Білім беру мен қоғамды ақпараттандыру үдерісі мен оның негізгі бағыттарын, ақпараттық 
құзыреттілікті дамытудың және мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың педагогикалық 
мәселелерін К.К.Платонов, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, А.В.Савельев, И.В.Панова, 
О.М.Самохвалова, М.Б.Лебедева т.б. ғалымдар қарастырған.
Елімізде қазіргі заман талабына сай оқыту үдерісінде мамандарды АКТ-ны пайдалануға 
дайындаудың мақсатын, мазмұнын, принциптерін, психологиялық-педагогикалық негіздерін және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет