№ 3 (106) 2015
485
Халқымыз күнді қасиетті санайтының әлі де ұмытыла қоймаған ырымдар мен жоралғыларымыз
кездеседі. Осыған байланысты, күнг арналған ою-өрнек қазақ киімдері мен әшекейлерінде орын
алған. Әсем кестеленген күн шеңбері біздің хандарымыз бен бай-бағландарымыздың шапандарына
салынатын болған. Күнге табынуға байланысты жәдігерлерімізді жоғарғы тас дәуірінен жеткен
ескерткіш-мұралардан көруімізге болады, мысалы, қола дәуірінен жеткен ескерткіштердің бірі
– «Таңбалы тастағы» ескерткіш. Мұнда қоңыр- қызғылт жартастың үстінде күн бейнесіндегі екі
адам, мүмкін қасиетті рухқа бөленген Тәңірді айнала билеп, үстеріне құрыптық киім, бастарында
бөрік киген 12 адамның суреті қашалынып салынған. Жалпы бұрынғы заманда жердегі көк пен
молшылық «күннің рахымы» деп ұғылған. Күн бейнесіндегі екі Құдайды айнала билеп жүрген
адамдардың биі осыны суреттейді. Ортаға салынған жануарлардың бейнелері «күнге табыну»
жоралғысы орындалған кезде малдың көбеюіне себепші болатынын білдірсе керек
[3].
Енді біз бейнелеу өнеріндегі кеңістік пен уақыттың қатынасын қарастырсақ. Біз сурет арқылы
суретшінің әлемді тану, бейнеленген бейненің мінезін көре аламыз. Адмзат өз сезімі мен қаблетін
айқындау үшін кескіндемені ойлап тапты. Өзінің терең сезімін және психхологиялық санасын,
сезімін, рухани күй жағдайын және өзінің қоршаған әлемге деген қарым қатынасын кескіндемеде
көрсетеді .
Сурет бізді өзіне тарта отырып алаңсыз тыныштық күй-жағдайды, сабырлыққа шақырады, ал
кей жағдайда бүлдіру, ызаландыру, қоздыруға дейін алып барады.
Бір суреттің жанында күні бойы оның әрбір бөлшегіне қарай отырып кей кезде ол жеккөрушіліке
дейін апаруы мүмкін. Мына бейнелер басқа бір суреттеді өзіне тартады, ойландыруға тырысады,
керемет, әдемілікке қоса отырып, басқа да бейнелер сезімдерге теле отырып сезімін қозғайды.
Осы кезді белгілей отырып, кез келген шығармада өмір мен шындық ескеріледі, әр адамзат
баласы әлемді өз көзімен қабылдай отырып анықтайды, немсе бір адамға шығарма ұнамауы мүмкін,
ал біреуі шаттанады мұндай мысалдар кескіндеме өнерінде көптеп кездеседі.
Бейнелеу өнерінің туындыларындағы уақыттың бейнесі мен кеңістік суретшінің уақыт
және кеңістік туралы идеясымен, шынайы болмысқа қатысты көзқарасымен өзгеріп отырады.
Ал, суретшінің уақыт және кеңістік туралы көзқарасы өз заманының тынысымен байланысты.
Қазақстанның бейнелеу өнері уақыттың бейнесі алғашқы кезде мемлекеттік идеологияға
бағындырылды және кеңес үкіметі, кеңес халқы, ұжым, ерлік, еңбек сияқты басты үгіттеу бейнелерін
қалыптастыра отырып соғыс және бейбітшілік, бүгінгі социалистік, ертеңгі коммунистік өмірдің
мазмұнындағы негізгі тақырыптарды қандай болуы керектігін жоспарлап отырды.
«...... алғашында өнердің өзге түрлерінің ерекшеліктерін қамтыған сияқты көрінеді. Өйткені,
бейнелеу және мүсін өнері секілді көзге көрінетін бейнелердің жүйесі ретінде әсер етеді; музыка
іспетті дыбыстардың әлемі арқылы үйлесімділік пен ырғақтың сезімін береді; әдебиет секілді
оқиғаны жеткілікті баяндауға, уақыт бойынша еркін қозғалысқа енуге мүмкіндігі бар...» [4].
В.Костин мен В.Юматовтың «Язык изобразительного искусства» деген еңбегінде «....бейнелеу
өнері шығармалары, мүсіндер, нақыштар, көркем бұйымдар (кілемдер, құмыралар, бағалы
дүниелар және басқалары), сәулеттік құрылыстар мен олардың интерьерлерін және т.б.... өздерінің
статикалылығымен, жылжымайтындығымен және уақыт аралығында ешқандай өзгермейтіндігімен
ерекшеленетін кеңістіктік өнер біріктіреді», - деп тұжырымдайды. Осы әдебиетте живопись, графика,
мүсін өнері туындылары және қол өнері бұйымдары, дизайындық жұмыстар, сәулеттік құрылыстар
нақтылы кеңістікте нақтылы уақытқа байланыссыз қабылданады десе, эстетика негізіне арналған
басқа әдебиетте бейнелеу өнерін кеңістіктік, ал музыка мен әдебиетті уақыттық өнер деп бөледі.
Философ М.С.Каган осы мәселеге арналған жұмысында кескіндемені екі өлшемді кеңістікке, ал
роман уақыт аралығында қабылданатындықтан өнердің кеңістіктік-уақыттық сипатын оның осы
екі қасиеттерімен шектеген дұрыс еместігін айта келіп, өнерді мусикалық және пластикалық деп
екіге бөледі.
Мусикалық деп – адам өз бойындағы мүмкіндіктерді материал ретінде пайдалануы: қимыл-
қозғалыс, дауыс, сөз т.б., яғни оған ән, би, әдебиет, спектакльдік қойылымдар жатады.
Пластикалық деп – оған табиғи материалдарды /тас, ағаш, сүйек, балшық, табиғи бояулар/ және
өнеркәсіп заттарын /металл, мата, керамикалық материалдар, жасанды бояулар/ қолдану арқылы
өнер шығармаларын сомдау ерекшеліктеріне байланысты бейнелеу және архитектоникалық өнер
түрлері кіреді.
|