Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
484
әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты екендігі белгілі. О
сы орайда, түркі халықтарының байырғы
тұрмыс-тіршілігін, дүниеге көзқарасын мысалыға алып қарасақ.
Биікте Көк тәңірі,
Төменде Қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған,- дейді Күлтегін ескерткішінде.
Қазақ дүниетанымында тіршіліктің бастауы осы схема бойынша қарастырылады. Жаратылыс,
Тіршілік, Табиғат құбылыстары, Замана, Уақыт, Қоғам үрдісіне сай үздіксіз алмасулар мен
өзгерулерді бастан кешіп келе жатқан дәстүрлі өнер тарихы сонау көне тас ғасыры дәуірлерінен
бермен қарай тамыр тартады.
«Тәңірі-Ұмай» жүйесіндегі байырғы нанымдары бойынша, Тәңірі-әке де, Ұмай-ана. Сөйтіп жер
бетінде тіршілік пайда болады. Түркі халықтарының нанымында көк шөпті жұлуға болмайтыны,
күнге табынуды, ақты күнге қарап шашуы сияқты т.б. осыдан шыққан. Өйткені Күн адамдарды
дүниеге әкеліп, нұр шашып, өмірді үнемі нұрландырып, жайнататын күш.
Күннен кейін табынатыны – Ұмай.
Ертеден қазақтарда шаңырақтың құт-берекесі, отбасының қамқоршысы, ынтымақ-бірліктің
жебеушісі Ұмай ана жоғары құрметтелген. Ұмай бағзы замандағы түбі бір түркі халықтарының
ұрпақ жалғастырушысы, береке-молшылық құдайы болған және ежелгі түркі нанымында Ұмай ана
Көк құдайы Тәңірден кем емес деп дәріптелген. Ұмайдың құдіреттілігі жөнінде мәліметтерге жазба
ескерткіштер арқылы қанық бола аламыз. Мәселен, Абақан өзенінен табылған көне түркі жазуына
назар аударайық: «Атамыз біздің Ұмай бег, ер батырлар мұрагерлеріміз. Өзінді өзің қинамадың. Үш
ердің өз арғымағы ажырасарда... Сен менің жақсы әдеттерім мен үміттерімнен айырылма. Менің
даңқым ішкі халықта...» делінсе.
Ал, Тоныкөк ескерткіштерінде:
«Аспан (Құдай) Ұмай, киелі Жер-Су, бізге жеңіс әкелген осылар» делінген. Бұл жерде Ұмайдың
үстемдігі айқын көрінеді.
Күлтегін ескерткіштеріндегі жазу да қызығушылық тудырады: «Бұл - Ұмай тәрізді менің анам
Катун, кіші інім Күлтегін ер атанды дегенді білдіреді» [1]. Ұмай ошақтың және балалардың киелі
иесімен қатар, сарбаздардың да қорғаушысы саналады.
Көне түркілердің сенімдеріндегі әйел құдай – Ұмай ана баланың дүниеге келуіне, оның
болашақтағы тағдырына тікелей байланысты сипатталады. Қазба жұмыстарының нәтижесінде,
Билікөл маңайынан табылған тас бағананың сынығынан, түркі жауынгерлерінің отбасымен Ұмай
анаға табыну сәті бейнеленген. Бұл тарихи мұрада Ұмай үш мүйізді бас киіммен суреттеледі.
Тарихқа жүгінсек, ертеректе Ұмай сөзі отбасындағы үш жасқа дейінгі сәбидің жанын білдіріп,
оның жебеушісі ретінде мәлім болған. Ұмай ана туралы түркі халықтарының аңыздары бүгінге
дейін жеткен.
Көшпенділердің кеңістік-уақыттық түсініктері айналмалы ритм жайлы түсініктерде көрініс
табады. Кеңістікті табиғатта тұйықтап (культтік ғимараттар), заттық кеңістік тұрғын үй интерьерінде
шектеліп, ежелгі көшпенділер заттарға - әлемге – ғимараттарға біртұтас әрі өзіне шектелген форма
ретіндегі әлем жайлы түсініктеріне сәйкес өзінше бір автономия жариялады. Шексіздік және
сонымен қатар әлемнің шектеулілігі идеясын жеткізу үшін ритімді алу логикаға сай болар еді.
Айналма ритімде тізбек ішкі кеңістікті жасай отырып шектеледі.
Сақ өнеріне тән жалпы динамикаға түркілер кезеңі өнеріндегі антропоморфты мүсіндер
статикасы қарсы келеді. Көшпенділер түсінігінде өмірді қозғалыс ретінде қабылдау қалыптасқан,
ал антропоморфты балбалдарды құдды жерден өсіп шыққандай тұрақты, қозғалмайтын зат
деп қабылдау мықтап бекіді. Бұларда адамның о дүниеге кеткеннен кейінгі жай-күйі, өзгерістің
сыртқы нышандары жоқтығы жайлы түсініктермен байланысты басқа да түсініктер көрініс тапты.
Мысалыға, дүниенің құрылымдық структурасын, мәңгілік қозғалыстағы табиғат және табиғи
құбылыстарды білдіретін космогониялық өрнек түрлері жатады.
«Көшпелілер кеңістікті бөлмейді, кеңістікке бөлінеді». Өткен ғасырда А.Вамбери далада
кезіккен қазақ әйелінен: «Сендер бір орында тұрақтамай неге көшіп жүресіндер?» - деп сұрағанда:
«Біз сендер ойлағандай еріншек емеспіз. Жер мен өлілер ғана бір орында қалады. Ал, адам, күн, ай,
жұлдыздар, су, жануар, құс, балық секілді қозғалыста болу керек», - деп жауап береді [2].
Уақыт
туралы мифологиялық, философиялық ұғымдардың пайда болуы және олардың әдебиет пен өнердің
шығармаларына тигізетін әсері тікелей шынайы өмірдің өзінен туындайды.
|