№ 3 (106) 2015
491
егін егумен дүниеге келетін егіншілік әрекеті. Бұл екі өндіріс тәсілі бадауи умранның сипаттарын
білдіреді. Бұл екі түрлі әрекет адамды қала сыртында қалуға мәжбүрлейді. Өйткені малшылық
та, егіншілік те қаланың сыртындағыларға мұқтаждықтары бар. Бұл жағдай олардың жақсырақ
киінуге, кең және ыңғайлы үйлерде өмір сүруге, адамдар көп шоғырланған қалалар тұрғызуға
итермелейді. Нәтижеде өмір сапасы көтеріле бастайды. Құрылыстарды мейлінше биік, көркем етіп
салады, әдемі киінеді, бағалы металлдардан жасалған ыдыстармен тамақ жеуді бастайды. Мұндай
жағдайда бұл қалалардағы адамдар малшылық және егіншілікпен айналыспайды, қолөнершілік
және саудамен айналысады.
Ибн Халдун ойынша, қоғамдық өмір жүзеге асуы үшін оның мүшелерін бір жерде ұстайтын,
бір-бірлеріне зиян келтіртпейтін жағдайлардың болуына мұқтаждық бар. Бұл жағдай - егемендік
жағдайы немесе саяси жағдай. Бұл егемендік жағдайының көрінісі, яғни күшті не әлсіз болуы,
қоғамдық өмірдің көрінісінің, дұрыстығы немесе тозғандығының белгісі болады. Сондықтан
егемендік пен оның түсінігін ішіне алатын саяси құрылымдар, мемлекеттің де, умранның да құрушы
элементтері арасындағы экономикалық сипаттар сияқты айрықша орын алады. Ибн Халдун үшін
егемендік немесе мемлекет бұл умран ішінде қалыптасып, құрылым денгейіне ұласады. Яғни, Ибн
Халдун үшін егемендік пен мемлекет умранның болу шарты ретінде қаралады. Оның ойынша,
мүлік умранның материалдық жағын құрайтын нәрсе емес, «умранның көрінісі». Көрініссіз материя
болмайды дейтін философия бойынша, құрамында егемендік пішімі жоқ умран да болмайды.
Философтардың пікірі бойынша, көріністің материяны біріктіріп ұстап, оның құрып бітуіне
кедері болғаны сияқты, қандай түрлі егемендік пен мүлік болмасын, олар адам қоғамын біріктіріп,
тоқыраудан сақтайтын құрылым болады. Қөрініс жойылған мезет материя да жоғалатыны сияқты,
мемлекет құласа, умранның да құлауы міндетті. Мұнымен бірге Ибн Халдунның ойынша, бадауи
умран деп мүлік не мемлекеті жоқ немесе олардың қарапайым көрінісімен таныс умранды атауға
болады. Бұған қарама-қарсы хазари умран мемлекетпен бір саналады. Мұны бірінен екіншісіне,
қауымдастықтан мүлікке, көсемнен билеушіге өту деп ойлай аламыз.
Ибн Халдун қала өркениетінде мемлекеттің дамуы оны қолда ұстап тұрған жанұя ұрпағына,
кейде мемлекеттің өзі құрған құрымдарына тәуелді. Уақыт тұрғысына алсақ, әр мемлекеттің орташа
алғанда 120-130 жылдық өмірі бар. Экономикалық салада ортаға шыққан дамуларға қарасақ, мына
мәселелер алға шығады: Бұдан алдын айтқанымыздай, қала өмірінің маңызды экономикалық
салаларына зергерлік, ұсталық, өндіріс және сауда жатады. Ибн Халдун бойынша, егіншілік бадауи
умран өндірісіне жатады, қала умраны оны білмейді. Зергерлікке келсек, ол да «тек қала умранында
болады». Негізінде бәдауи умранда да кейбір зергерлікті байқауға болады. Бірақ олардың саны аз,
оларды қала умранындағы зергерлікпен салыстырсақ, төменгі дәрежеде тұрғандығын көреміз.
Оларға теміршілік, ұсталық, нан пісірушілік жатады. Қала умранына да болуы мүмкін емес
көркем өндіріс түрлі кездеседі. Оларға зергерлік, сәулет өнері, көркем жазу (калиграфия) жатады.
Сауда да қала умранының шығарған өмірінің сипаты болып табылады. Бұл мұқтаждықтар жаңа
өндірістерді керек етеді. Қала өмірінің жаратқан мүмкіндіктерін пайдаланғысы келетін адамдар
қалаларға ағылады және осы мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қызыметтер атқарады. Бұл
қалада өмір сүретін адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруда өнінің артуын туғызады. Қажеттілік
өскен сайын, басқа қоғамдармен алыс-берісті орнықтыратын ақша не мал алатын ықпалды саудагер
тобы қалыптасады.
Мәдени тұрғыдан ертерек кездеспеген кейбір құрылымдар дүниеге келеді. Олардың басында
түрлі ғылыми жетістіктер тұр. Тіпті мәдени-ахлақи тұрғыдан қала адамдары бұрынғы дәуірлерден
айырмашылығы бар кейіннен сана, әдет мінез әдеттерін игереді. Бәдауи өмірдің түрлі қаталдықтарына
үйренген, қатты адамның орнына тыныштық пен рахатты іздеген, жұмсақ, тіпті қорқақ адам келеді.
Қала адамы әрекеттің орнына көбіне тыныштықты, соғыстың орнына бейбітшілікті қалайды.
Қала өмірінің ықпалын олардың денесінен байқауға болады. Олар көбіне толық, май басқан, аз
әрекеттенетін адамдар болады. Олай болатын болса, қала умраны - рахаттың, молшылықтың,
байлықтың, ыңғайлылықтың умраны. Адам, адам ретіндегі бүкіл мүмкіндіктерін осында жүзеге
асыра алатынын және толығымен қанағаттандыра алатынын көреді. Мұнымен бірге, қала умраны
осы сипаттарымен мәнгі бола алмайды, тоқырау, оның артынан құлдырау кезеңдерін бастан
кешіреді. Бұл - барлық қала умрандары немесе өркениеттер соқпай кетпейтін тағдыр; тарихтың қатал
жарғысы. Мұның себебі неде? Ең алдымен, «Мұқаддимада» көп орынды иеленген Ибн Халдунның
|