Дәріс 6. Тұрғын және қоғамдық үймереттерді жаңғырту. Өнеркәсіп объектілерін жаңғырту.
Жоспар:
1. Үймереттерді жаңғырту.
2. Негіздің топырағын нығайту.
3. Іргетастарды нығайту.
4. Өнеркәсіп объектілерін жаңғырту.
1. Үймереттерді жаңғырту. Қазіргі кезде қала шаруашылығы техникалық саясатының құрамдас бір бөлігі жекелеген тұрғын үйлер мен азаматтық үймереттерді уақытылы ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу, жаңарту, қайта құру, ескі құрылыстарды бұзу, ертеректе салынған тарихи бағалы үймереттерді сақтау және қалпына келтіру болып табылады.
Бұл орайда тұрғын үй және қоғамдық құрылысты калпына келтіру, жаңарту, қайта құру сипатына мынандай негізгі факторлар әсер етеді: қаланың сипаты; қайта жаңғыртылатын құрылыстың қаланың жобалық құрылымындағы орыны; қайта жаңғыртылатын шағын ауданның, кварталдың, үймереттің сапасы. Бұдан басқа казіргі кезде осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын ғана салынған үйлер мен жаңа құрылыстарда да беріктігі жағынан қызмет ету мерзімі 100-125 жылға есептелгеніне қарамастан қайта жаңғыртуды қажетіне бастауда. Бұндай үймереттерді қайта жаңғыртудың негізгі себебі олардың моральдық жағынан тозуы болып отыр, өйткені олар алғашқы үлгі жобалармен ас бөлмелерінің, ванналарының, кіре беріс бөлмелерінің көлемі кішірейтіліп, ас бөлмеге жататын бөлмеден кіретін етіліп, ванна мен тазалық жүйелері біріктіріліп салынған.
Қайта жаңғырту нәтижесінде жекелеген құралымдардың толық немесе жартылай алмастыру жолымен үймереттің сырттай тозуы ғана емес, сонымен бірге пәтерлердің ішкі қайта жобалануы мен үймереттің тұтастай жақсылап жабдықталуына байланысты моральдық тозуы да азаяды.
Ішкі қайта жобалау екі түрлі болады, олар: жартылай және толық.
Жартылай қайта жобалау қолданылып отырған отбасылық қолданыстары тазалық жүйелерін, ванналарды, ас бөлмелерді қайтадан орналастыру арқылы, ретке келтіру жолымен жүзеге асырылады. Кей жағдайларда жартылай қайта жобалау пешпен жылытуды орталықтандырылған сумен жылытумен алмастыруға ұласады.
Толық қайта жобалауда пәтер жай көлемі мөлшерлі және жоғары деңгейлі жайлы жабдықталған пәтерлерге жанұясымен қоныстандыру қарастырылған.
Толық қайта жабдықтау тәртіп бойынша қабырғаларының қалануы жақсы үймереттерге жүргізіледі, есік, шатыр аралықтары жаңасымен алмастырылады. Бұдан басқа, жаңа жобаны ұйымдастыру жекелеген жағдайларда басқыш алаңдарының орналасуын өзгертумен, қабат жоспарының құралымдық элементтерін қайта бөлумен, ал кейде үймереттің құралымдық үлгісіне жаңа қабырғалар, діңгектер және басқа элементтер енгізумен қабаттас жүргізіледі.
Күрделі түрғын үйдің негізгі құралымдық элементтері - іргетас пен қабырғалар, сондай-ақ шатыр арқалықтары. Бүл орайда іргетас пен қабырғалар үймереттің алмастырылмайтын бөлігі болып табылады, өйткені олардың толық алмастырылуы ескісінің түгел бұзылып, жаңа үймерет салумен ұласар еді, сондықтан іргетас пен қабырғалардың қызмет ету мерзімі негізінен тұтастай үймереттің қызмет ету мерзімін айқындайды.
Үймереттің техникалық жағдайы мен қайта жаңғырту кезінде оның негізгі құралымдық элементтерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшін әртүрлі әдістер, оның ішінде көзбен шолу және механикалық әдістер, жекелеген үлгілердің лабораториялық сынау әдісі, құралымдарды заттай сынау әдісі, радиотехникалық әдіс және басқалары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |