Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Негіздің топырағын нығайту



бет13/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

2. Негіздің топырағын нығайту. Негізгі нығайту қажеттілігін туғызатын негізгі себептер іргетас табанына түсетін күштің артуы және олардың салмақ көтеру қабілетінің төмендеуі болып табылады.
Қолданыстағы үймереттің негізінің топырағын нығайту үшін цементтеу, силикаттау, термиялық өңдеу мен сары топырақпен толтыру, электрлі силикаттау мен топырақты синтездік шайырмен бекіту қолданылады. Барынша терең зерттелген және сенімді, іргетастар табанының салмақ көтеру қабілетін арттыратын әдістер ірі қиыршықты құмды цементтеу, орташа және үсақ қиыршықты кұмды екі ерітінділі силикаттау мен сары топырақты бір ерітінділі силикаттау болып табылады.
Іргетас табанын нығайту әдісін тандауда топырақтың жер асты суының жылдамдығы мен агрессивтілігі, сондай-ақ, топырақтың мұнай өнімдерімен, шайырмен, маймен және басқа химиялық өнімдермен былғануы маңызды орын алады.
3. Іргетастарды нығайту. Іргетастарды нығайту әдісін таңдау олардың пішінінің өзгеруін туғызған немесе беріктігінің бұзылу себептеріне байланысты. Іргетастарды нығайту мына әдістердің бірімен жүргізіледі: іргетас қалауын нығайтумен, іргетастардың тірек алаңын кеңейтумен, салмақты топырақтың төменгі қабатына түсірумен, қолданыстағы үймереттің іргетас терендетумен. Барынша тиімді және қауіпсіз әдіс цементтеу болып та­былады.
Іргетастың тірек алаңын кеңейту іргетас табанын алдын-ала тығыздап алу арқылы тұтас темірбетоннан немесе бетоннан, құрамалы темірбетоннан, шой тастан қаланған тиянақ қалып орнату жолымен жүзеге асырылады. Бұл әдістің ерекшелігі табиғи негізді жаңа қосымша алаңның іске қосылуы болып та­былады, сондықтан мұнда жанастыра салынған бөліктердің табанындағы топырақтың алдын ала тығыздалуы мен түйіскен жерлердің қажетті беріктігі мен іргетастардың қаттылығының қамтамасыз етілуі айрықша маңызға ие.
Салмақты топырақтың төменгі қабатына түсіру салмалы қадалар немесе түсірмелі құдықтар орнату арқылы жүзеге асыры­лады. Қолданыстағы іргетастардың көтеру қабілетін арттыруға бұрғылап, кейін бетондау жолымен орнатылатын құйма бетон­нан жасалған салмалы қадалар жақсы нәтиже береді. Түсірмелі құдықтар әдетте іргетастың астына орналастырылады, бірақ одан шеткері орналастырылуы да мүмкін. Құдықтар бетоннан және темірбетоннан жасалады, пішіндері дөңгелек, тік бұрышты, эл­липсоида, текше болады.
Қолданыстағы үймереттің жертөлесін салғанда және кеңейткенде оған жақын жерден біршама терең жертөле немесе кол­лектор, туннел салғанда жаңағы үймереттің іргетастың тек құрғақ және ылғалдылығы төмен топырақта ғана тереңдетуге болады.
Тұтастай инженерлік тәжрибеде іргетастарды нығайтудың бірнеше әдісін үйлестіру жиі қолданылады. Бұл орайды осы әдістердің әрқайсысын тиімді пайдалану саласы қолданыстағы іргетасты техникалық жағдайына қарай айқындалады.
Тұрғын үйлер мен коғамдық үймереттердің жердің бетіндегі бөлігінде негізгі құралымдардан қызмет ету мерзімі тас қабырғалар мен іргетастың қызмет ету мерзімінен кем аралықтар (яғни, ағаш арқалықтар) ғана алмастырылады. Өз кезегінде тозған ағаш арқалықтарды жаңа ағаш немесе құрамалы темірбетон арқалықтармен алмастыруға болады.
Қолданыстағы ескі ағаш арқалықтарды түгелдей жаңасымен алмастырғанда аралық түрі мен оның құралымдық үлгілерін тандау керек. Аркалықтың түрі мен құралымы өз кезегінде үймереттің көлемдік-жоспарлау үлгісіне және үймерет қабырғасының тозу пайызына байланысты қалған қызмет мерзіміне сәйкес қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет