1. Қайта құрудың ерекшеліктері. Қайта құрудың ерекшелігі болып құрылыс алаңының тар- шылығы әрі үлкен еңбек сыйымдылық табылады. Бұл демонтаждау жұмыстарының қосымша кешенімен, қабырғалар мен іргетастар- лы нығайту және қалпына келтіру үдерістерінің күрделілігімен, жиналмалы конструкцияларды монтаждаудың шектеулі жағдай- ларымен, құрылымдық элементтердің аз дайындық дәрежесімен, басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғары еңбек сыйымдылығымен түсіндіріледі.
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды қайта құру кезінде жұ- мыстарды механизациялау мәселесі аса күрделі болып табылады, өйткені еңбек үдерістерінің кейбір ерекшеліктері әртүрлі техникалық құралдарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін жиі шектейді.
Қайта құру кезідегі жұмыстардың ерекшеліктеріне технологиялық үдерістердің көп операциялылығы; орындалатын операциялардың алуан түрлілігі мен олардың уақыт пен кеңістікте бытыраңқылығы; тізбектеле орындалатын операциялардың арасындағы елеулі технологиялық үзілістер; біркелкі бірдей еңбек көлемінің шектеулілігі; жабдық пен құрылыс конструкцияларын, олардың элементтерін, жекелеген бөлшектерін жобалаумен, орнатумен, бекітумен, монтаждаумен байланысты жұмыстардың үлкен меншікті үлесі және т.с.с. жатады.
Аталған ерекшеліктер қол еңбегін қолданудың кең ауқымын шарттайды, онда механизациялауды ендіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, не болмаса мүлдем мүмкін емес.
Жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта құру кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің бірқатар ерекшеліктері бар, өйткені бұл жұмыстар уақыт бойымен де, кеңістікте де қайта құрылатын өндірістің қызметімен қатар жүреді. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының технологиясын бұзады, қолда бар механизациялау құралдарын қолдануды қиындатады, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді күрделендіреді.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпорынды қайта құру кезінде жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының ерекшеліктерін себептеріне қарай үш топқа бөлуге болады: қайта құрылатын кәсіпорынның пайдаланушылық қызметінен туындаған, өнеркәсіптік алаң құрылысының сипатынан туындаған және ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлы шешімдерінен туындаған.
Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құрудағы құрылыс алаңының жағдайлары өндірістік үдерістерді механизациялау деңгейіне әсер етеді және де көбінесе қолмен орындалатын жұмыстар көлемін ұлғайтуға әкеледі.
Таршылық пен бытыраңқылық факторларының әсері салдарынан қайта құру жағдайында монтаждау және демонтаждау жұмыстарының, конструкциялар мен монолитті ауқымдарды бұзудың, таршылық жағдайында жаңа іргетастарды қалау және барларын нығайтудың, сондай-ақ жер асты коммуникацияларын төсеудің және де еден асты бетон әзірлемелерін дайындаудың еңбек сыйымдылығы жоғары болып табылады. Сондықтан осы жұмыстардың технологиясы мен механизациялау нұсқасын таңдау жалпы қайта құру кезіндегі техникалық-экономикалық көрсеткіштердің деңгейін анықтайды. Көбінесе таршылық жағдайларында жүргізілетін қайта құру жұмы- стары үшін арнайы машиналар, талап етілетін номенклатура жоқ болады. Бұл ғимараттарды қайта құру кезінде жаңа ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу жұмыстарын механизациялауға қолданылатын құралдарды пайдалану қажеттілігіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |