2. Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу түрлері.
Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу ағымдық және күрделі болып ажыратылады. Күрделі жөндеу перспективті жоспарлар бойынша жүзеге асырылады. Күрделі жөндеу кезінде нысанды қалпына келтіру құнының шамамен 2% материалға және 7...8% жабдыққа шығындалады.
Күрделі жөндеу – бұл жалпы ғимараттар мен құрылыстардың да, жекелеген конструкциялардың да бастапқы пайдаланушылық қасиеттерін қалпына келтіруге бағытталған техникалық іс-шаралар кешені. Күрделі жөндеу бүкіл ғимараттың және жеке конструкциялардың физикалық тозуын азайтатын немесе мүлдем болдырмайтын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жатады.
Күрделі жөндеу таңдаулы және кешенді болуы мүмкін; ол жалпы бүкіл ғимараттың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Ағымдық жөндеу жоспарлы (алдын-алушылық) және күтпеген (жедел, ликвидациялық, дереу) болып ажыратылады; ол ғимараттың жекелеген элементтерінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге, олардың технологиялығын жоғарылатуға, жылыту және желдету жүйесін жақсартуға, электрмен жарықтандыру жүйесін жетілдіруге және т.б. мүмкіндік береді.
3. Ғимарат конструкцияларын жөндеу әдістері. Әртүрлі ғимарат конструкцияларын жөндеудің әдістері төменде ұсынылған.
Шатырды, жабынды жөндеу әдістері:
жабын, конструкция мен жабын элементтерін ішінара қалпына келтіру;
жабын, конструкция мен жабын элементтерін толық қалпына келтіру.
Қабырғаларды жөндеу әдістері:
сылақ сылау;
шеңберлерді, тартпаларды, қапсырмаларды, тиеу-түсіру белдіктерін, каркастарды орнату (аралық қабырғалар үшін);
беттік қабатты ауыстыру (қаптаманы төсеу);
қабырғаларды, бұрыштарын, жіктерін жылылау;
жіктерді герметизациялау.
Бағаналарды жөндеу әдістері:
жазық бетін торкреттеу;
саңылауларға ерітінділерді құю;
арматуралаумен қоса ұлғайту;
тартпаларды, шеңберлерді, қамыттарды, каркстарды және шпренгельдерді орнату;
конструкцияларды ауы стыру.
Арқалықтарды, ригельдерді, плиталарды жөндеу әдістері:
сылақ сылау;
арматуралаумен қоса үстінен, астынан жабындарды ұлғайту;
созылуларды, қамыттарды, шеңберлерді орнату;
конструкцияларды ауыстыру.
Баспалдақтарды жөндеу әдістері:
сылақ сылау;
сатыларды арттыру;
конструкцияларды ауыстыру.
Негіздерді жөндеу әдістері:
Іргетастарды жөндеу әдістері:
а) таспалы:
сылақ сылау;
гидроизоляциялау;
ерітінділер құю;
астынан, бүйірінен іргетасты ұлғайту;
шеңберлерді орнату;
іргетасты аралықтармен жеңілдету; б) бағаналы:
темір бетоннан қабық жасау.
Балкондарды, лоджияларды жөндеу әдістері:
лоджияларды жылылау;
конструкцияларды ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |