Қазақстан Республикасың Білім және Ғылым министрлігі


Плаундар (Lycopodiales) қатары



бет3/5
Дата19.12.2023
өлшемі33.23 Kb.
#487150
түріТопик
1   2   3   4   5
консорция

Плаундар (Lycopodiales) қатары
Плаундар қатарына тең споралы плауындардың жер бетінен мүлдем жойылған түрлерімен қатар, қазіргі кезде тіршілік ететін шөптесін түрлері кіреді.
Бұл қатарға екі туысты біріктіретін плаундар тұқымдасы жатады. Плаун туысына 200-ге жуық космополитті түрлер кіреді ,ал монотипті филлоглоссум туысына Австралия мен осы құрылық айналасындағы аралдарда таралған түрлер жатады.Плаундардың басым көпшілігі ылғалды тропиктік және субтропиктік аймақтарда , аздаған түрлері қоңыржай және суық аймақтарда кездеседі.Қазақстанда плаундардың 5 түрі кездеседі, кейбірі өте сирек кездесетін, жойылудығ алдында тұрған түрлерге жатады.Мысалы, таңдамалы плаун Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларының шыршалы белдеулерінде, субальпілік, сирек жағдайларда альпілік шалғындықтарында, көлеңкелі тастақты жерлерде өседі.
Тіршілік формаларына байланысты, кейбір турлері эпифитті түрлерге жатады. Барлық түрлерінің сабақтары дихотомиялық типте бұтақтанған. Дихотомиялық тең түрде тармақталған түрлердің сабақтары вертикальді түрде орналасады, негізгі сабағынын төменгі бөлігінен топтасып тамырлар түзіледі.
Әр түрлі дихотомиялық тармақталған түрлердің сабақтары төселіп өсетін және тік өсетін сабақтарға бөлінеді. Жерге төселіп өсетін сабақтардың бүйір жақтарынан 2-5 жыл тіршілік ететін жанама тамырлар пайда болады. Плаун туысының негізгі өкілі түйреуіш тәрізді плаун (Lycopodium clavatum) қылқан жапырақты ормандарда жиі кездесетін көп жылдық өсімдік.
Жіңішке үшкір жапырақтары бар, сабағының ұзындығы 3 м-ге дейін жететін, дихотомиялы түрде бұтақтанатын, қосалқы тамырлары бар, жапырақтары жиі орналасқан жатаған шөптесін өсімдік.
Плаун сабағының анатомиялық құрылысы: бір қабаттан тұратын устьициалы эпидерма, оның астында қабық, кабықтың ішкі қабаты эндодерма, одан кейін перицикл, ал ең ортасында паренхималық клеткалар мен сүзгілі түтіктерінен тұратын флоэмамен қоршалған сақиналы, спиральді немесе сатылы трахеидтерден тұратын ксилема орналасады. Орталық цилиндрі плектостель типті. Тамырлары түкті болып келеді. Жалғыз жүйкелі, устьицалары бар жіңішке жапырақтары кезектесіп, қарама-қарсы немесе шоғырланып орналасады. Плаундардың жыныссыз көбею жолдары арнаулы спорангияларда түзілген бүйрек тәрізді споралар арқылы жүзеге асады.
Сабақтың ұшында түйреуішке ұқсас масақтар (стробилалар) түзіледі. Масақтың бойында спорофиллдер орналасады. Масақтың осінде орналасқан спорофилл жапырақтары вегетативтік жапырақтармен салыстырғанда көлемі жағынан кіші және түсі сарғыш болады. Спорофиллдің төменгі түп жағы жалпақ, ал жоғарғы ұшы сүйірленіп келеді. Спорофиллдердің үстіңгі бетінде бүйрек пішіндес спорангийлер дамиды, олар қысқа сағақта орналасқан. Спорангийдің ішінде көлемі жағынан бірдей тең споралар жетіледі. Спораларының саны өте көп, тетраэдр пішіндес үш бұрышты қырлары болады. Спорангиядан жерге шашылған споралар 3-8 жылдан кейін ғана жетіледі. Жетілген споралар топырақта гаметофит немесе өскінше түзеді. Сонымен, спорадан түзілген гаплоидты гаметофитте (өскіншеде) жыныс органдары дамиды.
Өскіншесінің аумағы небәрі 5 мм-дей, куб пішіндес, түссіз, бір үйлі, төменгі бетінде өте көп ризоидтары болады. Жыныс органдары өскіншенің үстіңгі бетінде дамиды: ортасында антеридийлер, ал шет жақтарында архегонийлер орналасады. Бірінші болып гаметофиттің ұлпасына толық кірігіп орналасқан антеридий түзіледі. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің арасында плаундардың сперматозоидтары ең ұсақ. Олар екі талшықты құрт тәріздес. Өскіншеге кірігіп орналасқан архегонияның тек мойын клеткалары ғана өскінше бетінде шығып тұрады. Архегонийдің төменгі құрсақ бөлігі жұмыртқа клеткасынан, жоғарғы бөлігі мойын клеткаларынан тұрады. Архегоний жетілген мерзімде оның жоғарғы ашылған бөлігі арқылы сперматозоидтар ішке қарай өтеді сперматозоидтардың біреуі төменгі құрсақ бөлігінде орналасқан жұмыртқа клеткасын ұрықтандырып, зигота түзеді. Зиготадан ұрық дамиды. Ұрықтың жоғарғы клеткасы гаметофиттің ұлпасына кірігіп орналасқан ілмек өсіндіге айналады да, ол ұрықты гаметофиттегі қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Ұрықтың төменгі клеткасы бірнеше рет бөлініп, ұрық бастамасын береді. Жетілген ұрықтан жас өсімдік түзіледі. Гаметофиттің дамуы өте баяу жүреді, архегония мен антеридийдің толық өсіп жетілуі үшін 6-15 жыл қажет. Гаметофит саңырауқұлақтармен симбиоз күйінде тіршілік етеді. Пішіні жіп тәріздес өскінше жер бетінде жетіледі. Ал тропиктік түрлердің өскіншесі ағаш қабығында дамиды. Жыныстық жолмен көбеюі тіршілігінің екінші жартысында басталады.
Плаундарға вегетативтік көбею жолы тән. Өсімдік денесінің кез келген бөліктерінен жаңа организм түзіледі. Бірақ, көбею бүршіктері немесе түйнектері арқылы вегетативтік түрде көбею жолдары сирек кездеседі. Тек баранец плауны ғана жапырақ қойнауларында орналасқан көбею бүршіктері арқылы вегетативтік көбейе алады. Плаундар өте ертеден тіршілік етуіне байланысты спорофиті мен гаметофитінің құрылыстары өте қарапайым. Олардың қарапайым белгілеріне: 1) сабағы мен тамырының дихотомиялық типте бұтақтануы; 2) жанама тамырларының түзілмеуі;
3) тамыр мен сабақтың анатомиялық құрылыстарының ұқсастыгы;
4) қарапайым типті протостель және актиностельдерінің болуы;
5) гаметофиттің тіршілік ұзақтығы; 6) архегонияның мойын клеткаларының ұзындығы және т.б. қасиеттерін жатқызуға болады.
Құрғақ аймақтарда таралған Драммонд филлоглоссумы (Phylloglossum drummondii) ұзындығы бірнеше сантиметрді құрайтын аласа өсімдік. Өсімдіктің төменгі бөлігінде етжеңді түйнегінен жер бетінде ұзындығы 1,5-2 см тебен тэрізді жапырақтары таралады. Жер асты түйнектерінен тамыр және жаңа түйнек түзетін цилиндр тәрізді жанама өскін түзіледі. Барлық жер асты органдары келесі жылы көктемде тіршілігін жояды, ал түзілген жас түйнектен жаңа тамыр мен сабақ пайда болады. Ересек өсімдіктері жер бетінде жоғарғы жағында стробилдері бар жапырақсыз сабақтар түзеді. Филлоглоссумның өскіншелері жасыл түсті. Плаундардың практикалық маңызы бар. Плаун споралары фейерверктер мен бенгал оттарын жасауда қолданылады, Спорасының салмағының 50 % жеңіл, кеппейтін, әрі түссіз, иіссіз жаркырап тез жанатын майлардан тұрады. Металл бұйымдарын фасондық құю кезінде құйманың қалыпқа жабысып қалмауы үшін қалыптың қабырғаларына себіледі. Сонымен қатар, плаундар декоративтік мақсатта да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет