Негiзгi проблемаларды талдау:
1. Қазақстанда ғылымды қаржыландыру деңгейi төмен болып қалып отыр. Ғылыми зерттеулерге бюджеттен бөлiнетiн шығыстар ЖIӨ-ге 15 %-ды құрайды. ЮНЕСКО деректерi бойынша әлем экономикасы ғылымға ЖIӨ-ден 1,7 % бөледi. Дамыған елдерден айырмашылығы жекеменшiк сектордың ғылымды дамытудағы үлесi төмен.
2. Материалдық-техникалық базаның нашарлығы. Ғылымға кететiн шығыстардың төмендiгiнен 2000 – 2008 жылдары ғылыми-техникалық ұйымдар қорының жарақталуы аздап қана жоғарылады.
3. Елiмiздiң ғылыми инфрақұрылымында GLP (Good Laboratory Practice – Тиiстi зертханалық практика), GMP (Good Manufacturing Practice – Тиiстi өндiрiстiк практика), GSP (Good Scientific Practice – Тиiстi ғылыми практика) халықаралық стандарттарын қолдану ғылыми зерттеулердiң сапасын және отандық өнiмдердiң iшкi және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтередi. Сонымен қатар, қазiргi кезде олардың елдiң ғылыми инфрақұрылымында қолданылуы жеткiлiксiз. Олардың жоқтығы отандық өнiмдердi экспорттауға кедергi келтiретiн және олардың iшкi және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн төмендететiн фактор болып табылады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды iрiктеу кезiнде халықаралық сараптама жүргiзу тәжiрибесi пайдаланылмайды. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы отандық сарапшылар өткiзедi.
5. Ғылыми кадрлар жасының ұлғаюы және жастардың ғылымға аз келуi. 60 жастан жоғары ғылым докторларының саны – 15,1 %; 40 жастан жоғары ғылым кандидаттарының саны – 32,9 %. Ғалымдардың орташа жасы – 55 жас шамасын құрайды. Ғылыми кадрлардың қартаю үрдiсi бұрынғыдай болып отыр. 2000 – 2010 жылдар аралығында 60 жастан асқан зерттеушi-мамандар санының үлесi 12,7 %-дан 17,5 %-ға өстi.
6. Ғылыми зерттеулер нәтижелерiнiң төмендiгi. 17 мың ғалымға 1 – 2 халықаралық патенттен келедi. Елiмiзде 1 млн. тұрғынға патент сұранысының саны 93,6 (Ресейде – 195,9; Германияда – 582,6; Ұлыбританияда – 289,7; АҚШ-та – 741,8; Кореяда – 2 591,5; Жапонияда – 2 720,7) құрайды. Әлемде қазақстандық ғалымдардың ғылыми басылымдарының үлесi тек 0,021 %-ды құрайды, ал жалпы әлемдiк ағымда АҚШ шамамен 22 %, Қытай – 10,2 %, Жапония – 6,1 %, Ресей – шамамен 2 %-ды құрайды. Орта есеппен жылына шетелде бiздiң ғалымдардың жарық көретiн мақалаларының саны 270-тi құрайды.
7. Ғылым мен бiлiм беру арасында алшақтық сақталуда, соның салдары – ғылыми нәтижелердi бiлiм беру саласында жинақталмауы, ғылыми зерттеу жүргiзуге жас мамандардың тартылмауы.
8. Ғылыми қызметкерлердiң ұлттық кәсiби қоғамы дамымаған, олардың iшiнде биологиялық, физикалық, химиялық қоғам және т.б.
9. Шетелде оқу мен тағылымдамадан өткен жас ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға өзiнiң зерттеу дағдысын толығымен қолдану мен дамыту және тиiстi ғылыми ортаның жоқтығын ескере отырып халықаралық деңгейде ғылыми нәтижелердi алу мүмкiндiгi қарастырылмаған.
Сыртқы және iшкi факторларды бағалау
1. Ғылымды қаржыландыру деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi – ғылыми-техникалық және жалпы елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi мәселелерiнiң негiзi болып табылады.
2. Елiмiздiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң жай-күйi.
Ғылыми әлеуеттiң кеңейтiлген өндiрiсi iске асырылмайды. Жоғары бiлiктi кадрлар жасының ұлғаюы мен кету мәселесiнiң маңыздылығы толық бағаланбайды.
Қазақстан Республикасы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының Халықаралық сараптама кеңесi өзiнiң есебiнде (2008 ж., наурыз) «Қазақстанның болашағын анықтайтын сыни фактор – бұл ғылыммен және технологиямен айналысатын бiлiктi зерттеушiлердi даярлау және тиiмдi пайдалану» болып табылатынын атап өттi.
Қазiргi уақытта жоғары бiлiктi кадрлардың әлеуетi Қазақстанның ғылыми-техникалық саласында жеткiлiктi деңгейде қолданылмайды. Жоғары бiлiктi кадрларды даярлау мен пайдаланудың қолданыстағы жүйесi ғылым мен экономиканың кадрлық қажеттiлiктерiн толықтай қамтамасыз етпейдi.
3. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар.
Ғылыми әлеует жағдайымен байланысты себептерден басқа ғылымды қайта құру мына ұйымдастыру-экономикалық факторлармен күрделенедi:
1) даму басымдықтарының үздiксiз ауысуы, оны жүзеге асырудың нақты шараларының ғылыми-техникалық саясаттан алшақтауы;
2) ғалымдар бейiмделiп үлгермейтiн үздiксiз институционалды реформа (бiлiм беру/ғылыми орталықтар мен холдингтердi тарату, бiлiм беру/ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарату, ведомстволық бағыныстағы ҒЗИ-дiң ауысуы).
4. Ғылыми қызметкердiң әлеуметтiк мәртебесi ғылымға жастарды тартудың және ғылыми-техникалық саладан мамандардың кетуiнiң iшкi және сыртқы кемуiнiң маңызды факторы болып табылады.
3. 3-стратегиялық бағыт. Балалар мен жастардың дамуы үшiн
жағдайлар жасау, оларды елдiң әлеуметтiк-экономикалық
дамуына тарту
1. Әрбiр баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығын
iске асыру есебiнен әлеуметтiк жетiмдiктi төмендету
Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
Бiлiм беру органдарының деректерi бойынша 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 36 777 (2010 ж. – 38 386) бала бар. Оның iшiнде қорғаншылыққа және қамқоршылыққа – 21 585 (2010 ж. – 22 067) бала, патронат тәрбиесiне – 2 267 (2010 ж. – 2267) бала, интернаттық ұйымдарға – 12 925 (2010 ж. – 14 052) бала (оның iшiнде бiлiм беру жүйесiнде – 9 147 (2010 ж. – 10 252), бiлiм беру жүйесiндегi жастар үйiнде – 1 345 (2010 ж. – 1 360), денсаулық сақтау жүйесiнде – 1 621 (2010 ж. – 1 586), халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнде – 812 (2010 ж. – 854) бала орналастырылды.
Әлеуметтiк жетiмдiктiң проблемаларын шешу үшiн 2011 жылы төмендегi шаралар қабылданды:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жетiм балаларды отбасыларына орналастыру бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы жанданды: жетекшi республикалық телеарналарда 14 әлеуметтiк бейнеролик көрсетiлуде, «Бiздiң балалар» бағдарламалар топтамасы шығуда, жергiлiктi газеттерде «Әр балаға – отбасы», «Мен анамды iздеймiн!», «Ана, менi тауып алшы!», «Әлемге мен қажетпiн, маған отбасы қажет» және тағы басқа айдарлар ашылған;
2) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың нысандарын жұртшылыққа таратуға бағытталған «Қуан, сәби», «Ризашылық», «Қамқоршы күнi» республикалық акциялары өткiзiледi;
3) әлеуметтiк жетiмдiктi азайтудың индикаторлары және көрсеткiштерi жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгiзiлдi.
Негiзгi проблемаларды талдау
Қазiргi уақытта жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушiлердiң саны 8 %-ға (2010 ж. – 7 %-ға) кемiдi.
Сонымен қатар, институттандыру деңгейi айтарлықтай жоғары болып тұр. 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша интернаттық мекемелерде 12 925, немесе 35,1 % (2010 ж. – 14 052 немесе 36,6 %) бала бар. Бұл ретте, аталған мекемелер тәрбиеленушiлерiнiң 83,4 %-ы (2010 ж. – 85 %-ы) әлеуметтiк жетiмдер болып табылады.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Сыртқы фактор – бала асырап алуды, қорғаншылық пен қамқоршылықты насихаттау арқылы бөгде баланы тәрбиелеуге психологиялық ынталандыруды қалыптастыру (бала асырап алудың беделi және әлеуметтiк қажеттiлiгi).
Iшкi фактор – жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу жүйесiн жетiлдiру, оның iшiнде балаларды есепке алудың ақпараттық жүйесiн құру, «Өзiн-өзi тану» тұлғаны адамгершiлiк-рухани дамытудың бағдарламасын барлық бiлiм беру ұйымдарында енгiзу арқылы балалар мен ата-аналарға адамгершiлiк-рухани бiлiм берудi дамыту.
2. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды оқыту
Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға арнайы бiлiм беру 37 арнайы балабақшада және 102 түзеу мектептерiнде (2010 жылы – 101), балабақшалардағы 280 арнайы топтар (2010 жылы – 240) мен жалпы бiлiм беретiн 1 155 (2010 жылы – 1 098) арнайы сыныптарда жүзеге асырылуда. 10 мыңға жуық бала жеке оқу бағдарламалары бойынша үйде бiлiм алуда.
Психофизикалық даму бұзылысының көрiнiсiне және таным мүмкiндiктерiне қарай бiлiм алушылар даму мүмкiндiгi шектеулi балалардың таным деңгейлерiне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды пайдалануды қарастыратын 3 нұсқа бойынша бiлiм алады.
Республикада 2004 жылдан бастап арнайы түзеу бiлiм беру ұйымдарына арналған 8 негiзгi түр мен үлгi бойынша қазақстандық оқулықтар мен ОӘК-нi әзiрлеу, басып шығару бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
Есту қабiлетi (естiмейтiн, нашар еститiн), интеллектуалды дамуы бұзылған балаларға (интеллектуалды даму бұзылысы жеңiл және ауыр), сөйлеу, көру қабiлетi (Брайль жүйесi бойынша көрмейтiн балаларға – орыс тiлiндегi ресей және қазақстандық авторларды бейiмдеу; көру қабiлетi бұзылған балалар үшiн үлкейтiлген қарiптермен) бұзылған балаларға арналған 296 түпнұсқа оқулық атауы мен ОӘК әзiрлендi.
Республикада дамуында проблемалары бар балаларды анықтауда, диагностика жасауда және консультация беруде, халыққа медициналық-педагогикалық-психологиялық әлеуметтiк көмек көрсететiн 57 (2010 жылы – 56) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс iстейдi.
Түзеу-педагогикалық қолдау көрсету туғаннан бастап мектепке дейiнгi жастағы балаларға арналған 156 инклюзивтi бiлiм беру кабинетiнде, 129 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетiнде (2010 жылы – 123), 15 оңалту орталығында, 479 логопед пунктiнде (2010 жылы – 345) көрсетiлуде.
Негiзгi проблемаларды талдау
Елiмiзде қалыптасқан дамудағы кемшiлiктердi кешендi диагностикалау, ерте түзеу-педагогикалық қолдау тек әрбiр үшiншi даму мүмкiндiгi шектеулi баланың жалпы бiлiм беру процесiне қосылуына мүмкiндiк бередi. Мектепке дейiнгi жастағы даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға бiлiм алуға тең қолжетiмдiлiк толық көлемде қамтамасыз етiлмеген.
Даму мүмкiндiгi шектеулi балаларды арнайы бiлiм беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету 41,4 %-ды құрайды.
Арнайы бiлiм беру ұйымдарының заманауи мультимедиалық жабдықтармен қамтамасыз етiлуi 35-тен 60-қа дейiнгi пайызды құрайды.
Арнайы бiлiм беру ұйымдарының 43 %-ы даму мүмкiндiгi шектеулi балалардың ойлау қабiлетiн жетiлдiретiн мультимедиалық оқу жүйесiмен (Eduplay, Multikid, Sound beam), 20 %-ы интерактивтi тақтамен жарақтандырылған.
Көру қабiлетi бұзылған балаларға арналған мектептерде 46 тифлокомпьютер жұмыс жасайды, ол 5:1 арақатынасын құрайды.
95 % түзету мектептерiнде даму мүмкiндiгi шектеулi балалар интернетке қол жеткiзген.
41 % арнайы түзету бiлiм беру ұйымдарында логопедтiк тренажермен, 37 %-ы есту қабiлетiне арналған тренажермен жарақтандырылған.
Рельефтi-нүктелiк қарiптi шығаратын жабдықтардың жоқтығынан көрмейтiн балалар үшiн «Брайль» жүйесi бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде қазақстандық оқулықтарды басып шығару проблема күйiнде қалып отыр.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
1) даму мүмкiндiгi шектеулi балалар мен мүгедек балалардың сапалы бiлiм алуы үшiн қарастырылған тең құқығының толық көлемде iске аспауы;
2) елдi-мекеннiң жеткiлiктi ақпараттандырылмауынан инклюзивтi бiлiм берудi енгiзу қарқынының төмендiгi;
3) инклюзивтi (тарту) бiлiм беру идеясын насихаттауда медиаресурстарды пайдаланудың төмендiгi.
Iшкi факторлар:
1) ерте жастағы даму мүмкiндiгi шектеулi балаларға кешендi түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшiн арнайы бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң жетiспеушiлiгi;
2) арнайы құралдармен жеткiлiксiз жабдықталу; көрмейтiн балаларға арналған рельефтi-нүктелiк қарiптi қазақ және орыс тiлдерiндегi оқулықтардың жоқтығы.
3. Жастардың әлеуметтiк құқықтарын және мемлекеттiк
кепiлдiктерiн iске асыру
Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
Қазiргi уақытта Қазақстандағы жастар саны 4,35 млн. адамды немесе жалпы халықтың 29 %-ын құрайды, бұл ретте ауыл жастарының үлесi 2,15 млн. адамды немесе жастардың жалпы санының 49 %-ын құрайды. Жастардың саны көп өңiрлер: Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы.
Жастар санының динамикасы, мың адам
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
Барлық жастар
|
4 521
|
4 569
|
4 569
|
4 358
|
4 728
|
Қала жастары
|
2 518
|
2 547
|
2 297
|
2 199
|
2 487
|
Ауыл жастары
|
2 003
|
2 022
|
2 272
|
2 159
|
2 022
|
Достарыңызбен бөлісу: |