«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты



жүктеу 30.91 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі30.91 Kb.
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

ПАСПОРТЫ

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн/ақылы көрсетiледi.       Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуды тіркеу ақысыз көрсетіледі.


      Бала асырап алуды тіркегені үшін шетелдік азаматтардан 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
      Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.


Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

қағаз түрінде.



Құжаттарды тізімі:

бала асырап алуды тіркеу үшін:


      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
      2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін);
      3) бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін;
      4) баланың туу туралы куәлікті;
      5) егер 2008 жылға дейін неке қиылған болса, бала асырап алушылардың, сондай-ақ шетелдік азаматтар үшін де неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы куәлігінің көшірмесін;
      6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты;
      7) шетелдіктер үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты;
      8) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын;
      9) шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариат куәландырған аудармасын ұсынады;
      бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
      2) туу туралы куәлікті, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – тууды тіркеу туралы анықтаманы;
      3) бала асырап алу туралы куәлікті, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – бала асырап алуды тіркеу туралы анықтаманы;
      4) бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін;
      5) өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды;
      6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:


      бала асырап алуды тіркеу – 1 (бір) жұмыс күні;
      Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы өтініштің электрондық нұсқалары болған кезде күнтiзбелiк 15 (он бес) күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) бала асырап алуды тіркеу және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште бала асырап алу туралы куәлікті беру не қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап;


      2) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға енгізілген өзгерістер, толықтырулар және түзетулермен құжатты берген уәкілетті адамның қолы қойылған жаңа куәлік беру.
 

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет