Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы



бет4/9
Дата24.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#15091
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.


Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен өзара әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға қолғабыс етеді. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалыпқа келтіру үшін шара қолданады.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата – аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.

Білім беру ұйым тәрбиеленушілердің заңды өкілі болады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды.

Тәрбиеленушілердің қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. 

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.

Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының директорлары үшін: педагогикалық немесе заңгерлік бойынша жоғары білім және тиісті салада еңбек өтілі кемінде 5 жыл.



Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

Білім беру процесінің сапасына және білімді меңгеру нәтижесінің шынайы бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады. Білім беру процесін жетілдіруге ұсыныс енгізеді. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және оған талдау жасайды. Оқу жоспарларын әзірлеу, оқу процесін ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. Емтиханға дайындық және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік аралық бақылау және ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысын дайындауға және өткізуге қатысады. Тәжірибелі мұғалімдердің нәтижелі жұмыстарын таратуды қорытындылайды және шараларды қабылдайды. 



Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізеді. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жекелеген жас, жыныс ерекшелігін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды.

Оқу-тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді. 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңдарын, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және арнайы (түзеу) білімі, әлеуметтік педагогиканың, әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды. 


Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Тәрбиеші ана
Лауазымдық міндеттері. Баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультативтік көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.

Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Бала құқықтары туралы конвенция, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларды, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 1 жыл. 

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуға, педагогикалық озық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс. 
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруге, шығармашылық семинарларды басқара алуға және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін білуге, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу өтілі кемінде 1 жыл.

орта деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуға, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін білуге, жаңа педагогикалық технологиялар әзірлеуге тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет