Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi


Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара



бет3/5
Дата04.03.2016
өлшемі0.68 Mb.
#41222
1   2   3   4   5
Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

63) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

64) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

65) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

66) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

67) жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауын бақылауды жүзеге асыру;

68) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

69) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;

70) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

71) (PhD) философия докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;

72) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;

73) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;

74) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүргізу;

75) шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;

76) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

77) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:



1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;

4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;



5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жататын қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

7) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;

8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;



9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;

10) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;



12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің


қызметін ұйымдастыру

 

18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:



1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;

4) бұйрықтарға қол қояды;

5) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін білдіреді;

6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;

7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

8) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

 

 

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi



 

24. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта


ұйымдастыру және тарату

 

27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және
оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың

тізбесi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

1. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

3. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

4. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

5. «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

6. «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

7. ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8. ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9. «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

10. «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

11. «Атырау мұнай және газ институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

12. «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

13. «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

14. «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

15. «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

16. «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

17. «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

18. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

19. «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

20. «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

21. «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

22. «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

23. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

24. «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

25. «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

26. «Рудный индустриялық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

27. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

28. ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

29. ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

30. «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

31. «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

32. «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

33. «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

34. «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

35. «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

36. «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

37. «Семей қаржы-экономикалық колледжі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

38. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

39. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

40. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

41. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

42. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

43. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

44. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

45. «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

46. «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

47. «Мұнай-газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

48. «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

49. «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

50. «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

51. «Қайта өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

52. «Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

53. «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

54. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

55. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

56. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

 

 



2. Акционерлік қоғамдар

 

1. Халықаралық бағдарламалар орталығы.

2. Қаржы орталығы.

3. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі».

4. «Кәсіпқор» холдингі.

5. Ақпараттық-талдау орталығы.

6. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

7. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы.

8. Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы.

 

 

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

 

1. Технологияларды коммерцияландыру орталығы.

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және


ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық
органдардың - мемлекеттік мекемелердің

тізбесі

 

1. Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

2. Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

3. Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

4. Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

5. Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

6. Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

7. Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

8. Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

9. Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

10. Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

11. Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

12. Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

13. Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

14. Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.

15. Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.

16. Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет