Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағЫ



бет3/6
Дата29.06.2016
өлшемі459 Kb.
#164983
1   2   3   4   5   6

Үйдің есігін жабайық

Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: үйдің, есіктің суреттері.

Ойын барысы: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.


Вагондарға дөңгелек таңдау

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.


Үй құрлысының ретін көрсет

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.

Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.


Бет орамалға лайық жамауларды табу

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.

Ойын барысы: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.


Жұбын тап

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Ойын барысы: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.


Әдемі кілемшелер

Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.

Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.


Таныс пішіндер доминосы

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.


Гараждар

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.

Қажетті құралдар: бала саны бойынша суреті бар меңгіріктер (рульдер), дәл сондай суреті бар гараждар.

Ойын барысы: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар меңгіріктерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, меңгіріктің суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.


Өз үйіңді тап

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер.

Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылжам тауып, тұра қалу.


Зейінді бол

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы) суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.


Мынау қай пішін

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.

Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.


Қандай пішін шықты?

Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.

Қажетті құралдар: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?


Біркелкі пішіндерді сана

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)

Ойын барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.


Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыра білу.

Қажетті құралдар: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.

Ойын барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыру.


Қандай пішін жетіспейді?

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер.

Ойын барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.


Пішіндерді боя

Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету. 2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер

Ойын барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді іліп қояды. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.


Сиқырлы суреттер

Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.



Сиқырлы қапшық

Мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.

Қажетті құралдар: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.

Ойын барысы: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.


Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта

Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.

Ойын барысы: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады. Ойын бірнеше рет қайталанады.


Зейінді бол

Мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Қажетті құралдар: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.

Ойын барысы: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.


Ұзын – қысқа

Мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойын барысы: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табу.


Шамдар

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Қажетті құралдар: бала саны бойынша әртүрлі шамдар

Ойын барысы: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.


Қолымда не бар?

Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.

Қажетті құралдар: ұсақ тастар, жаңғақтар.

Ойын барысы: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.


Қуыршақ қонаққа дайындалуда

Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.

Ойын барысы: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.


Тапсырманы орында

Мақсаты: үлкен және кіші заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойын барысы: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп береді. Ойын осылай жалғаса береді.


Қай қолымда көп

Мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.


Қажетті құралдар: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер

Ойын барысы: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.


Сипаттамасы бойынша тап

Мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: ойыншықтар жануарлар, құстар.

Ойын барысы: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.


Көп және біреу

Мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.

Қажетті құралдар: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.


Түрлі–түсті жолақтар

Мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.

Ойын барысы: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.


Ұзын және қысқа

Мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойын барысы: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға беру.


Кеңістік

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Қажетті құралдар: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.


Жоғарыда – төменде

Мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Қажетті құралдар: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойын барысы: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.


Оң және сол

Мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойын барысы: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп береді. Ойын осылай жалғаса береді.



Суреттерді орналастыр

Мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.


Қажетті құралдар: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.

Ойын барысы: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.


Танып ал да, атын ата

Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.

Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.


Тәулік бөліктері

Мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: суреттер

Ойын барысы: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.


Сипаттамасы бойынша тап

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.

Ойын барысы: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншық қойылады. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, мысалы: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.


Қалай жүріп, нені тапқың келеді?

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-мәшина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында мәшина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?




Доппен ойнау

Мақсаты: «Жоғарыда-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: доп.

Ойын барысы: 1-нұсқа. Балалар екі топқа бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала (әр топтан) бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.

2-нұсқа: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.
Ойыншықты тап

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Қажетті құралдар: Топтағы ойыншық.

Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.


Жоғарыда – төменде, биік – аласа

Мақсаты: жоғары - төмен, биік - аласа ұғымдарын пысықтау.

Қажетті құралдар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Ойын барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.т


Карточкада қандай сан жазылған?

Мақсаты: балаларды санның құрамын таба білуге үйрету.

Қажетті құралдар: Суретті карточкалар.

Ойын барысы:1 нұсқа: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.

2 вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді. Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.
Автобус

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Қажетті құралдар: Сандық карточкалар.

Ойын барысы: Алаңға бормен тікбұрыш (автобус) сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы 5 болатын (жол ақысы) балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады (2 және 3, 3 және 2,5, 1 және 4, 4 және 1). Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.


Сан құрастыр

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Қажетті құралдар: Суретті карточкалар.

Ойын барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.


Ою құрастыру

Қажетті құралдар: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.

Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.

Ойын барысы: 1-нұсқа. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.

2 нұсқа. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады. Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.
Поезд құрастыр

Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.

Қажетті құралдар: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.

Ойын барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.



Заттарды сана

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру.

2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.

Қажетті құралдар: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау.
Дыбыс арқылы санды тап

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.

Қажетті құралдар: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.

Ойын барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.


Тез ойла

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.

Қажетті құралдар: Топтағы заттар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.


Қанша? Қандай?

Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту. 2. бірінші, екінші ұғымдарымен таныстыру.

Қажетті құралдар: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)

Ойын барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.


Әрі қарай кері сана

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.

Қажетті құралдар: Доп, сандық карточкалар.

Ойын барысы: Тәрбиеші 10 көлеміндегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, допты лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.



Жазылмай қалған сандарды ата

Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.

Қажетті құралдар: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.


Қуыршақтың сыйлықтары

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Қажетті құралдар: Қуыршақ, шарлар.

Ойын барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.


Жәндікте неше аяқ бар?

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.


Қажетті құралдар: Жәндіктердің суреттері

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.


Нешінші?

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.

Ойын барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.


Қай қолымда көп?

Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

Қажетті құралдар: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.

Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет