Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет131/141
Дата05.05.2024
өлшемі480.73 Kb.
#500578
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м (1)

Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Тәрбиелілік-адамзат қоғамында әлеуметтік тұрақты заң болып қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас нормаларын бойына сіңіріп, оны күнделікті өмірде қолдануды дағдыға айналдыру.
Тәрбие жүйесітәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үрдісінде қолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы. Тәрбие жүйесіне тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына құрылған сабақ үстіндегі және сыныптан тыс жұмыс түрлері сабақ, үйірме жұмыстарды, кештер мен жарыстар, байқаулар, т.б. енеді. Бұл жұмыстардың бәрі алдын-ала жоспарланып, ұйымдасқан түрдет әрбиеші-педагогтардың басшылығымен іске асырылады.
Тәрбие жұмысы-бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектермен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Тәлімгер – жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысты адамдардың ортақ атауы (әке-шеше, мұғалім).
Тәлімгерлік – аға ұрпақтың алдыңғы қатардағы өкілдерінің жас ұрпақ тәрбиесіне, оны өмірге, еңбекке дайындауға қатынасуының бір түрі.
Теория - идеялардың, ойдың, тұжырымның жиынтығы.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)–белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.
Теория–өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесі
Тәрбие теориясығылыми ойдың, түсініктер мен категориялардың, заңдылықтардың жиынтығы.
Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы.
Әдіс-тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады.
Тәрбие әдістері-тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет