Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет24/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Сабақ жіктемесі жӛнінде озат мұғалімдер мен педагог ғалымдардың пікірлері әртүрлі. Педагогикалық және әдістемелік еңбектерде сабақты әртүрлі жүйеленіп жүр. Солардың кӛбі кеңес мектебінен бері қалыптасқан М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Е.Я.Голант, С.В.Иванов, И.Н.Казанцев, Р.Г.Лемберг, Д.О.Лордкипанидзе, Э.И.Моносзон, И.Т.Огородников, М.Н.Скаткин, В.П.Стрезикозин, Г.И.Щукина, В.В.Голубков, Ю.А.Конаржевскийлердің жүйесіне сүйенеді.
Аты аталған ғалымдардың да сабақ құрылымы туралы пікірлері алуан түрлі. Мәселен, И.Н.Казанцев сабақты материалдың мазмұны мен дидакти- калық мақсатына, әдістемелік бағытына қарай жүйелесе,1 М.А Данилов, Б.П.Есиповтар сабақтың негізін дидактикалық мақсатына қарай құрайды2. Ал, С.В. Иванов оқыту үдерісінің ерекшеліктеріне қарай ойластырады3.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Кӛшербаев ӛзінің
«Оқыту теориясы» деп аталған кӛп жылғы зерттеу еңбегінде кӛп елдердің мектептерінде қалыптасқан оқу-ісі тәжірибелерін саралайды. Сонымен қатар ғалымдардың сабақты әр түрлі жіктейтінін кӛрсетеді4.






  1. Казанцев, Иван Николаевич. Урок в советской школе: научное издание / И. Н. Казанцев ; ред. Г. Ф. Морозова. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Гос. уч.-пед. изд-во М.,Просвещения РСФСР, 1956. - 351 с.

  2. Данилов М. А., Есипов Б. П.: Дидактика -Издательство Академии педагогических наук РСФСР, 1957.

  3. Иванов, С. И. Типы и структура уроков: методический материал / С. И. Иванов. - М. : Учпедгиз, 1952. - 152 с. - Библиогр.: с. 149-152.

4 Кӛшербаев Н. Оқыту теориясы /мектеп мұғалімдеріне арналған кӛмекші құрал/ А., Мектеп, 197662 б.

И.Н.Казанцев сабақты онға жіктейді1:

    1. Алғашқы сабақ – әр пәннен оқу жылының басында ӛтетін сабақтар;

    2. Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыпта- рынан ӛтетін бірінші сабақ;

    3. Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа материалды ӛтетін сабақ;

    4. Пысықтау сабағы – ӛткен материалды пысықтау сабақтары;

    5. Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабақтары;

    6. Практикалық сабақ – оқушылардың алған білімін ӛмірде қолдану жолдары кӛрсетілетін сабақ;

    7. Қайталау-қорыту сабағы – ӛткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау, қорыту сабақтары;

    8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар;

    9. Білім саласын бағалау сабағы – оқушылардың алғашқы білімін бағалау сабақтары;

    10. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабағы.

С.В.Ивановтың сабақ жіктемесі2:

  1. Кіріспе сабақтар;

  2. Материалмен алғашқы рет танысу сабақтары;

  3. Жаңа білімді меңгеру сабағы;

  4. Меңгерген білімді практикада қолдану сабағы;

  5. Дағдылану сабағы;

  6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары;

  7. Бақылау сабақтары.

Б.П.Есипов пен М.А.Даниловтың сабақ жіктемесі3:

  1. Аралас сабақтар;

  2. Материалмен таныстыру сабағы;

  3. Пысықтау сабағы;

  4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы;

  5. Оқушылардың білім мен дағдысын жаттықтыру сабағы;

  6. Білім сынау сабағы.

В.В.Голубков пәннің ішкі ерекшелігіне қарай сабақ түрлерін былайша саралайды:

  1. Кіріспе сабақ;

  2. Жаңа оқу материалынан білім беру сабағы;

  3. Бағдарлы әңгіме сабақтары;

  4. Кӛркем шығарманы талдау сабақтары;




1 Казанцев И.Н. Урок в советской школе: научное издание / И. Н. Казанцев ; ред. Г.Ф.Морозова. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Гос. уч.-пед. изд-во М.,Просвещения РСФСР, 1956.
- 351 с.
2 Иванов, С. И. Типы и структура уроков: методический материал / С. И. Иванов. - М. : Учпедгиз, 1952. - 152 с. - Библиогр.: - 145 с.
3 Данилов М. А., Есипов Б. П.: Дидактика -Издательство Академии педагогических наук РСФСР, 1957.

  1. Қосымша материалдарды оқып үйрену;

  2. Қорытынды сабақтар.

Мәселен педагог-ғалым Н.И.Кудряшев сабақтарды танымдық мақсат- тарына қарай саралайды:

  1. Кӛркем шығарманы оқып-үйрену сабақтары:

а) әдеби шығарманы оқып-үйрену сабақтары ә) мәтінмен тереңдете жұмыс жүргізу
б) кӛркем шығарманы оқып-үйренуді қорытындылау

  1. Әдебиет теориясы мен тарихын оқып үйрену сабақтары а) ғылыми, әдеби-сын зерттеулерді оқып үйрену

ә) жазушы шығармашылығын оқу сабақтары
б) әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру сабақтары в) қорыту, қайталау сабақтары

  1. Тіл дамыту сабақтары:

а) шығармашылық жұмысқа үйрету сабақтары ә) ауызша жауап беру сабақтары
б) шығарма жазуға үйрету
в) шығарма талдау сабақтары
Яғни, болашақтың маңызды мақсаты — оқытушыда деп білуге болады. Ӛйткені, ӛмір мен әдебиеттің жымдаса байланысқан сабақтастығының ӛзі осы мақсатты айқындай түспек. Әрбір әдебиетші ұстаз — шебер әдіскер, тамаша суреткер, талантты қайраткер, қажырлы еңбекқор, әрі талапты да дарынды болуы зор табыс. Ол үшін оқытушы сабақ берудегі әдістерді де амалдарды да, тәсілдерді де жете меңгеруі тиіс.
Қай пәннен болсын сабақ жоспарының құрылымы сабақ типтері мен формаларына да қатысты жасалады. Бүгінде кеңес мектебінде қалыптасып, қазақ мектептерінде дәстүрге айналған сабақтардың жіктемелері, жалпы типтері мынадай:

    1. Кіріспе сабақ;

    2. Жаңа білім беретін сабақ (ӛткен материалмен байланыстылығына қарай кӛбіне аралас сабақ деп те атайды)

    3. Пысықтау, қайталау сабағы;

    4. Қорытынды сабақтар;

    5. Білім сынау сабақтары.

Ал сабақ формаларын: жаңа білім беретін сабақ, ӛз бетінше оқылатын сабақ, зертханалық, сарамандық, практикалық сабақтар деп топтасырып жүр.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламалары бойынша жүйелейтін болсақ, кіріспе сабақтың типіне кӛлемді тарауларға кіріспе ретінде ұсынылатын тақырыптарды лайықтауға болады. Мұндай кіріспе сабақ типіне жататын тақырыптар: 5 сынып бойынша әдебиет пәні туралы бастапқы ұғым қалып- тастырылатын «Әдебиеттің ӛнердің бір саласы және оқу пәні ретінде сипаты» деп аталған кіріспеден басталып, «Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік», 5 сыныптағы «Ертегілер» (ертегілерді оқытуға ұсынылған 15 сағаттың алғашқы сабағы) тақырыбын жатқызуға болады. Осындай кіріспе сабақ типіне жата- тын тақырыптарды 6, 7 сыныптардан да атауға болады. Мәселен, «Кӛркем
әдебиеттің адам ӛміріне алатын орны» туралы, «Халық ауыз әдебиеті»,
«Батырлар жыры туралы түсінік» қалыптастырылатын кіріспе тақырыпты, белгілі бір пәнге не бӛлімдерге кіріспе тақырыптарды жатқызуға болады. Осы тектес кіріспе тақырыптар ӛзге сыныптарда да кӛрсетілген. Жоғары сы- ныптарда оқылатын белгілі бір дәуірлерге, әдеби үдеріске шолу тақырып- тарын да кіріспе сабақ типіне жатқызуға болады.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы бойынша жаңа білім беретін сабақ типтеріне дербес тақырыптардың барлығын жатқызамыз. Негізінде сы- ныптық сабақтың барлығында (білім сынау сабақтарынан ӛзге) белгілі бір дәрежеде жаңа білім қалыптастырылады. Кіріспе сабақта да негізінен жаңа ұғым-түсінік молынан беріледі. Оқу типтерінің бұлай аталуына шартты түрде қараған орынды.
Әдебиет пәнінің оқу бағдарламасы бойынша 5-9 сыныптарда тұрмыс- салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар, діни-мифтік әңгімелер, әдеби дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар шешендік сӛздер, қазақ әдебиетінің әр дәуіріне жататын әдеби тұлғалардың, қаламгерлердің таңдаулы шығармалары енгізілген. Негізінен оқушылардың дүниетанымы мен әдеби танымын, сӛз ӛнеріне деген талғамын қалыптастыра отырып тұлғаны дамыту мақсатында ӛлең, жырлар, шағын әңгімелер ұсынылған. Бағдарламадағы әдеби мәтіндерді оқытуға белгіленген сағат мӛлшері де әр алуан. Кей тақырыптар бір сағат кӛлемінде оқытылса, кейбір тақырыптар екі не үш, тӛрт сағатқа белгіленеді. Соған қарай сабақ- тың типі де анықталады. Мәселен, қайталау, пысықтау сабақтарын екі не үш сағатқа жоспарланған тақырыптарға қарай анықтауға болады. Белгілі бір тақырыптарда соңғы сағаттарында қайталау, пысықтау материалдарына кӛбірек орын беріледі. Осыған қарай бірнеше сағат бойы оқытылатын шы- ғармалардың, не автор шығармашылығының соңғы сағаттарына жоспар түз- генде сабақты қайталау, пысықтау типіне лайықтаған орынды.
Ал қорытынды сабақ типі негізінен үлкен тарауларды не бірнеше сағат кӛлемінде оқытылған кӛлемді шығармаларды қорытуға байланысты жоспарланады.
Әдебиет пәні бойынша сыныптық сабақта жазылатын мазмұндама, шы- ғарма, тест, бақылау жұмыстарын т.б. білім сынау мақсатын кӛздейтін сабақ- тарға жасалатын жоспар түрлерін білім сынау сабақ типіне сәйкес құру қажет.
Сабақтың әр типінде сабақ кезеңдері әртүрлі құрылымда қатысады. Сабақ кезеңдерін топтастыруда да педагог ғалымдардың пікірлері әралуан. Дегенмен, кеңес мектебінен бері дәстүрге айналып біршама тұрақтанған сабақтың сегіз кезеңін атауға болады.
Ю.А.Конаржевский «Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление школ» атты еңбегінде сабақтың 8 кезеңін саралап кӛрсетеді1. Олар:



1 Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление школой. М., Педагогика. 1986. с. 105-108

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі;

  3. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі;

  4. Жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы түрде қабылдауға даярлық кезеңі;

  5. Жаңа білімді меңгеру кезеңі;

  6. Оқушылардың жаңа білімді түсінуін тексеру кезеңі;

  7. Жаңа білімді бекіту кезеңі;

  8. Оқушыларға үй тапсырмасы жӛнінде ақпарат пен орындауға нұсқау- лық беру кезеңі.

Сабақтың әртүрлі типіне қарай сабақ кезеңдері әр құрамда болады. Мәселен, кіріспе сабақ типінде «үй тапсырмасын сұрау», «білімді жан-жақты тексеру» кезеңдері қатыспауы заңды. Сол сияқты қайталау, пысықтау немесе қорытынды сабақ типтерінде «жаңа оқу материалын белсенді әрі саналы түрде қабылдауға даярлық кезеңі», «жаңа білімді меңгеру» кезеңдері бол- мауы тиіс. Ал ұйымдастыру кезеңі сабақтың барлық типіне қатысты әрі са- бақтың кӛп кезеңінде ең басты материалды меңгеретін тұстарда оқушы зейі- нін немесе оқу әрекетін ұйымдастыруға қатысты белсенді жүргізілуі әбден түсінікті.
Оқу үдерісінде сабақ кезеңдерінің қайсысы белсенді жүргізілуі мұғалімнің оқу-танымдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатына да қатысты екендігі белгілі. Солай бола тұра, шартты түрде сабақтың қай кезеңдерінің сабақ типіне қарай қалай қатысатынын тӛмендегі кестеден кӛруге болады.



    1. кесте




Сабақ типі

Саб. кезеңі

кіріпе сабақ

жаңа білім беретін сабақ

пысықтау, қайталау сабағы

қорытынды сабақтар

білім сынау сабақтары.

Ұйымдастыру кезеңі

+

+

+

+

+

Үй тапсырмасын сұрау
кезеңі




+

+

+




Білімді жан-жақты тексеру
кезеңі




+

+

+




Оқу материалын қабылдауға
даярлық кезеңі

+

+

+

+




Жаңа білімді меңгеру кезеңі

+

+










Оқушының түсінуін тексеру
кезеңі

+

+

+

+

+

Білімді бекіту кезеңі

+

+

+

+

+

Үй тапсырмасын беру кезеңі

+

+

+

+

+

Сабақ жоспарын түзуде сабақ құрылымы мен жүйесін, дидактикалық мақсатын жете зерделеу керектігі, сабақ жүйесі бір біріне сабақтасып жатқан үлкен құрылым екендігі жоғарыда келтірілген жіктемелерден анық байқа-
лады. Әдетте сабақ жоспарының тақырыптан бастап жазылатындары жиі ұшырасады. Ал жоғарыда айтылған жүйемен бірізділікті сақтау үшін сабақ жоспарына ең алдымен сабақ типін анық кӛрсеткен орынды. Олай дейтініміз, сабақ кезеңдері сабақ типіне қарай анықталады, ал сабақ түрін жазу жоспардың құрылымын айқындауға кӛмектеседі. Сабақтың дәстүрлі түріне жасалған үлгісін ұсынайық:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет