Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет27/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Қорытынды сабақ типінде сабақ жоспары. (10- сынып).
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы бойынша оқушы білімін саралап қорытындылау.

  1. Танымдық міндеттері:

Шортанбай Қанайұлы ақын ретінде, ӛскен ортасы, сол кездегі қоғамдағы оқиғаларға әсерін таныту;
Ақын жеке тұлға ретінде ӛзіндік пайым, пікірлерінің шығармашы- лығындағы кӛрінісін таныту;
Қазақ әдебиеті ғылымында Шортанбайдың алар орнын пайымдау;
«Қазақ» концептісін таныту;
Оқушылар түсінігіндегі «діндар» адамға анықтама беру.

  1. Тәрбиелік міндеті:

Ақынның ӛлеңдерін оқыта отырып, шығармадағы еңбек, білім, адам бойындағы жеке қасиеттерді, яғни отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік қа- сиеттерді саралап тану. Оқушылар бойындағы еліне, жеріне деген сүйіспен- шілікті, ақын ӛлеңіндегі сүйіспеншілікпен ұштастыруды кӛздеу. Ақынның елжанды, ұлтжанды кӛзқарастарын таныта отырып, оқушыларды отаншыл- дық рухта тәрбиелеу. Саяси идеялық, имандылық тәрбие беру.

  1. Дамытушылық міндеті:

Оқушылардың ақын ӛлеңдерінде қамтылған саяси, қоғамдық ӛміріндегі ӛзгерістер жайында ӛз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту, тіл байлығын дамыту, іштей ой түюге баулу. Шортанбай поэзиясындағы діни сӛздерге қатысты түсіндірме сӛздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.
Сабақтың кӛрнекілігі: Кесте, қанатты сӛздер, кітаптар кӛрмесі, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен оқу үдерісін бастауға даярлық, оқушы зейінін сабаққа аудару.

    1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Шортанбай Қанайұлының ӛмірі мен шығармашылығы бойынша оқушылардың алған білімін тексеру. Ш.Қанайұлының шығармашылығынан берілген тапсырмаларды тексеру. Ш.Қанайұлының заман туралы жазылған ӛлеңдерінен үзінділерді жатқа сұрау.
"Зар заман", "Бала зары" ӛлеңдерін жаттау.

    1. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі: Баяндау әдісімен мынадай мәлі- мет айтылады:

Сарыарқаның кең жайлауы үйір-үйір жылқы, қоралы қой, қорасы қара малға ғана толы емес еді, соған қоса, жері құнарлы, егіні бітік, шаруалар
ӛмірі думанды, ел еңсесі кӛтеріңкі кӛрінетін. Адамдары шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, ӛлеңші келетін. Сонау Қаз дауысты Қазыбек бидің ізін басып жалғасып жатқан билер тобының ӛнерлерінің ӛзі қандай?! Бұл ӛлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері қандай ойлы, сырлы? Жанақ, Шӛже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарыл- ған ақпа жырлары ше? Ғажап дүние! Не деген байлық? Ӛмірдің қызығы, мән-мағынасы деген осы емес пе!

  1. Бұл үзінді нені баяндап тұр?

  2. «Діндар», «Ділмар» сӛздерінің мағынасын ашу.

Шортанбай шығармаларындағы сарын мен сол заманның әдебиет ӛкілдері атауындағы байланысты айқындау.
Шортанбай ӛлеңіндегі «зар заман» ұғымы тұтас бір әдеби дәуірдің атауына айналып кетті. Әдебиетіміздің тарихында Шортанбай бастаған зар заман ӛкілдері бар.
Шортанбай ақынның заман зарын сипаттайтын басты ӛлеңдеріне сараптама жасату. Талдауға алынатын ӛлеңдері:

    • «Зар заман»

    • «Тар заман»

    • «Бар заман»

    • «Опасыз жалған»

    • «Осынша азды ел неден»

    • «Байды құдай атқаны»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет