Қазақстан республикасы білім және ғылым


Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісінде жас ерекше- лік мәселесі



бет42/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісінде жас ерекше- лік мәселесі. Кӛркем шығарманы оқушының оқырман ретіндегі қабылдауы – оның ӛміртанымдық, эмоциялық, эстетикалық тәжірибесіне сүйенетін
күрделі шығармашылық үдеріс. Таным дүниесінде кӛркем шығарманың алғашқы әсері аса маңызды. Кӛркем шығарма күрделі танымдық жүйе деп қарастырар болсақ, сол жүйеге дендеп бойлау үшін де алғашқы қабылдау аса маңызды. Оқушының алдағы кӛзқарасы мен танымына, сезіміне бірден бір ықпал ететін де кӛрем әлеммен алғашқы қауышу. Егер ол поэзиялық шығарма болса, композициялық құрылым жігін айқындап, логикалық, психологиялық екпіндерін дұрыс түсіре, мәнерлеп оқылған мәтіннің ӛзі оқушылардың алғашқы қабылдауына ықпал етіп, алдағы түсінік деңгейін жеңілдетеді. Ал прозалық шығарманы оқушының ӛздігінен оқуына ықпал ету – мұғалімнің аса жауапты ісі.
Р.С. Немов сӛзімен айтқанда: «қабылдау дегеніміз – адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында обьектінің түрлі жеке-жеке қасиет- терінің жинақталғанын танытатын психикалық процесс»1– деген түйіндеме жасайды.
Б.С.Мейлах: «Қабылдау деңгейі әр факторларға: оқырманның мәдениеті мен білімі, эстеикалық-этикалық тәрбиесіне, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне, ӛмір құбылыстарына байланысты, ӛйткені кӛркем шығар- маны қабылдау – тек шығарманың авторымен араласу емес, жаңа дүниенің, ӛзіңді танудың, ғибрат, ләззат алу мен ӛзіңді тәрбиелеу» дейді2 .
Психолог О.И.Никифорова кӛркем шығарманы қабылдауды үш кезеңге бӛледі: «1 кезең – елестеу, 2 кезең – идеялық мазмұнын түсіну, 3 кезең – кӛркем шығарманың оқырманның жеке тұлғасына әсері»3.
Кӛркем шығарманы қабылдау мен тану үдерісіне бірден-бір ықпал ететін талдау жұмыстары. Кӛптеген әдіскерлер мен психологтар «ӛнертану» дегенді талдаудың нәтижесіне балайды. Кӛркем шығарманы түсініп, түйсіну, қабылдау үдерісі оқырмандықты қалыптастыру міндеттерінен тысқары емес. Оқырмандықты қалыптастыру барысында оқушының дүниетанымы, рухани әлемі, тұлғалық болмысы дамиды.
Кӛркем шығарманың оқушы танымы мен қабылдауына ықпалы туралы әдебиетші-әдіскерлер де, психологтар да ӛз зерттеулерінде қарастырған (В.В.Голубков, А.Н.Леонтьев, П.М.Якобсон, Н.И.Кудряшев, О.И.Никифорова, Н.О.Корст, Н.Д.Молдавская, В.Г.Маранцман, О.Ю.Богданова). Оқушының шығармашылық қызығушылығын қалып- тастыру мәселелерін қарастырған әдістемелік еңбектер мен бай іс-тәжіри- белер де бар. Оқушының кӛркем шығарманы түсініп, түйсінуі, қабылдауы әртүрлі аспектілерде қарастырылып жүр. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды қабылдау кезеңдері мен негізгі ерекшеліктері, оқырмандық қызығушылықты туғызуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқушы танымы мен кӛркем шығарманы талдаудың арақатысы туралы А.А.Леонтьева, З.Я.Рез, В.Г.Маранцмана, С.Тілешова, А.Тамаев еңбектерінде қарастырылған.



1 Немов Р.С. Учебное пособие «Психология».–М., 1990 –32 б.
2 Мейлах Б.С. Художественное восприятие.– М., 1971. -19 б.
3 Никифорова О.И. Восприятие художественной литературы школьников. –М., 1969.– 47 с.
Кӛркем шығарманы қабылдаудың кӛптеген ӛзіне тән ерекшелігі бар: тұлғаға тән сыртқы ортаны ӛзіндік құбылыстары мен болмысына қарай қабылдау бар да, ӛнер туындысын кӛркем қабылдау бар. Бұл екеуінің аражігі алшақ болмағанымен, кӛркем шығарманы қабылдауда тұтастық, белсенділік, шығармашылық қабілет пен әрекеттер тиімділік танытады. Кӛркем туындыны қабылдауда шығарма тұтастығы мен бӛлігі, анализ бен синтез, сезім мен таным, эмоциялық және теориялық байлам, субъективті кӛзқарас пен объективті таным, репродуктивті баяндау мен ӛзіндік түсінік сияқты мәселелер маңызды. Қабылдау үдерісі ӛнердің бір түрі - кӛркем шығармаға қатысты болғандықтан, қабылдаушының әлемнің тұтас бейнесі туралы, сыртқы болмыс, жазушы пайымы туралы түсінік беретінін ескерген абзал. Сондай-ақ, оқушы шығармадағы адам ӛмірінің кӛрінісін, образ болмысын тану арқылы ӛзін тануға да мүмкіндік алады. Шығарма оқырманның кӛркем әлемін, дүниетанымын кеңейте отырып ӛзіндік ой мен пікірге баулиды. Нәтижесінде оқырман кӛркем шығармадағы образдар жүйесінен ӛз болмы- сының бейнесін табады. Кез-келген талдаудың негізіне кӛркем шығарманы алғашқы қабылдау жолбасшы болады. Егер шығарманы кӛркем қабылдау болмаса, шығарма адресатсыз болар еді.
Отандық және шетелдік психолог-ғалымдардың пайымынша (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, О.И.Никифорова, М.Арнаудов, Р.Арнхейм) кӛркем қабылдау шығарманы санаға қалыпты кӛшіру немесе қарапайым ақпарат алу ғана емес. Қабылдау – қажеттілік пен қызығушылықтан туын- дап, әртүрлі түсінік пен қандай да бір әсерге әкелетін сананың белсенді қызметі.
Шығарманы оқушының қабылдауы және мұғалім басшылығымен шығарманы оқуы оқу үдерісі болып есептеледі. Сол себепті оқу мен талдауда шығарманың ӛзіндік ерекшелігімен қатар оны қабылдаудағы оқушы ерекшелігін ескерген маңызды. Әсіресе орта деңгейдегі немесе тӛменгі буынды құрайтын оқушылардың ӛміртанымдық ұғым-түсінігін, олардың жалпы және тікелей сӛз ӛнеріне деген таным-түсінігі мен қарым-қатынасын ескеруді естен шығармаған абзал.
Әр жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін бақылау мен зерттеу нәтижесінде бірнеше тұжырым жасауымызға болады. Мәселен, кішірек жастағы балаларды шығарманың жеке эпизодтары қызықтыруы мүмкін. Олар кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне бір жақты кесімді пікір айтуға жақын болады. Кейде ӛздерінің сүйікті кейіпкерінің іс-әрекетіне еліктеп, оларды жай-күйін бастан кешіргендей болуға бейім келеді.
Ал, жасӛсірімдерді кейіпкерлер бойындағы мінез ерекшеліктері, адам табиғатындағы тұлғалық қасиеттер қызықтыратыны байқалады. Кейіпкер характерінің жасалуына, оның шындық ӛмірдегі адамдарға ұқсастық жақта- рына ден қояды. Шығармадағы кейіпкер тұлғасынан ӛмірдегі адамдар әлемі- нің болмысына, шынайы құндылықтарға ойыса бастайды. Кейіпкердің моральдік бейнесінен ӛмірдегі адамдардың сипатын тануға бейімделе түседі. Кейіпкерлердің қалыптасу жолына, іс-әрекетінің мотивін іздеуге қызығу- шылықтары артады.
Дегенмен, жасӛспірім үнемі кейіпкер болмысын тұтас, жан-жақты саралап, оның іс-әрекетінің әртүрлі жағдаяттық қыры мен мотивін тани бер- мейді. Оқушының кейіпкерді шынайы түсінікпен, ӛз санасындағы ӛлшеммен қабылдауы заңды. Әсіресе, 5-7 сыныптарда ақ пен қара, жақсы–жаман, жағымды-жағымсыз деп тану басымырақ болады. Жеткіншек тек 8-9 сынып- тарда автор ӛрнектеп отырған кейіпкер болмысындағы реалистік мінез, құбылыстарды, оған себепкер жағдай мен мотивтерді бағалай бастайды.
Жоғары сынып оқушылары кейіпкерлердің ішкі күрделі болмысын тануға қызығып, автордың шығармашылық пайымын түсінуге талаптанады. Сондай-ақ, адамның ӛміртанымдық кӛзқарасын түсінуге, моральдық қасие- тін бағалауға деген талпынысы молаяды. Кӛп оқушылардың 10-11 сынып- тарда ӛзінің эстетикалық талғамына сай туындының кӛркемдік маңызын тануға қабілеті артады. Жалпы алғанда жоғары сынып оқушыларының шығарманы тұтас құрылым ретінде қабылдап, одан алған әсерін жүйелеу талабы басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет