Сабақ жоспарының түрлері. В.В.Голубков «Методика преподавания литературы» еңбегінде әдебиет сабағы жоспарының тӛрт формасын атап ӛтеді.1 Олар:
Жылдық жоспар;
Тоқсандық жоспар;
Тақырыптық жоспар;
Күнтізбелік жоспар.
Бұл жоспарлардың бәрі дерлік оқушылармен оқу-танымдық жұмыс- тарды ұйымдастыруды бағдарлау үшін жасалады.
Бүгінде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан үрдіс бойынша айтар болсақ, күнтізбелік жоспарда жылдық жоспарды тоқсанға жіктей отырып, жеке тақарыптармен белгілейді. Әр тақырыптың қанша сағат кӛлемінде ӛткізілетінін жоспарлайды.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың формалары мен әдістерін таң- дауда оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, ӛзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтары, дүниетанымына сәйкестік мәселесі ескеріледі. Сол себепті пәнді оқытуда баланың танымдық ой-ӛрісін, эстети- калық талғамын, шығармашылық ойлауын дамытуға, қатысымдық іскерлік- терінің шыңдалуына оң ықпал ететін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері болуы шарт. Танымдық, креативтік іскерліктерді дамытуға мүмкіндік беретін шы- ғармашылық тапсырмалар таңдап алынады.
Ал белгілі бір тақырып кӛлемінде сабақ жүйесін жоспарлағанда материалдың логикалық бірізділігі, сол тақырыптың аталған пәндегі орны, тақырып ауқымында қамтылатын ақпараттың кӛлемінің оқушы танымы мен сол жастағы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, жаңа идеялар мен теориялық негізі, интеграциялық байланыс мүмкіндіктері, күтілетін нәтиже мен түпкілікті мақсат қарастырылады. Сонымен қатар жаңа тақырып пен ӛткен тақырыптарды байланыстыру арқылы берілетін мазмұнды тереңдету мүмкіндіктері, теория мен практиканы ұштастыру жолдары қарастырылады. Түптеп келгенде әдебиет сабағын жоспарлау – мұғалімнің мақсат-мүддені жүзеге асыруға бағытталған, ӛлшеп-пішілген «қиыннан қиыстырылған» шығармашылық үдерісі болып есептеледі.
1 В.В.Голубков. Методика преподавания литературы. М., Просвещения.1962, - 484 с.
Сабақты жоспарлау әдетте мұғалім тарапынан жүзеге асырылады. Солай болғанмен оқытудың жаңа бағыттары жоспарлаудың екі тарапты болуын қамтамасыз ету қажеттігін орынды ескертеді. Себебі оқушының оқу үдерісіне белсенді және саналы қарым-қатынас жасауы болашақ табыста- рының да кепілі болып саналады. Әрі сабақ ұжымдық үдеріс болуы себепті қатысушылардың ортақ мүддеге бағытталған іс-әрекеттері мен оқу әрекеттерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |